Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Кітап оқуға топ 5 кеңес

Артық білім ктіапта,
Ерінбей оқып білуге.  

Абай Құнанбайұлы

Кітап оқу — бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда бұл процесс ойлау қабілетті жетілдіріп, сөздік қорды ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсенділігін жақсартады.

— Ғалымдардың айтуынша, кітапты баяу оқуға қарағанда, жылдам оқу кезінде көз анағұрлым аз шаршайды екен.

— Адамдардың 95 пайызы кітапты өте баяу оқиды, минутына бар болғаны 180-200 сөз.

— Кітапты дәстүрлі түрде оқуда оны түсіну 60%-ды құраса, жылдам оқуда — 80% .

— Кітап оқу кезінде оқырманның көздері әр әріпті жеке сурет реітнде көрсетеді, ал ми оларды бір суретке біріктіреді екен.

Кітап әрбір адамның бойындағы шығармашылықты оятуға итермелейді. Сол себепті, оқырмандардың кітапқа деген махаббатын, қызығушылығын ояту үшін әрі кітапты таңдауда, оқуда қателіктер жібермес үшін бірнеше кеңестің тізімін жасадым.

1. Кітап оқуды әдетке айналдыру

Күніне кітап оқуға 1сағат арнау қажет, ал уақытыңыз болмаса кемінде 15 минут оқу керек. Сонда миыңыз тынығып сергіп қаласыз жәнеде сіздің тұлғалық дамуыңызға үлкен әсер етеді.

2. Кітапты дұрыс таңдау

Ең алдымен кітапты жүйелікпен және жас ерекшелігіне қарай авторларды таңдаған жөн.

Оқу барысында жүйелікке аса мен берген абзал. Бастауыш оқушылары балалар әдебиетін, ертегі кітаптарды оқымай тұрып “Абай жолы” немесе” Көшпенділерді” оқығанымен, толықтай түсініп, өзіне керек дүниені ала алмайды. Сол секілді, жасөспірім шағында “Махаббат қызық мол жылдарды” оқымаған адам, жасы ұлғайғаннан кейін қанша талпынса да романның қызығына бата алмайды.

3. Негізгі ойларды түртіп алу

Кітаптағы өзіңізге қажетті жерлерін жазып алу сізге пайдасын тигізеді.

Нақыл сөздер немесе қанатты сөздерді жазу арқылы сізде жаңа ойлар туындайды, өмірге деген көзқарасыңыз өзгереді және кітап оқуға деген құлшынысыңыз арта түседі.

4. Талдау жасау

Кітапты оқып біткеннен кейін өз ойымызды тұжырымдаймыз. Яғни кітаптан түсінгеніңді, не түйгеніңді баяндау. Оқыған кітаптан тәжиірбе жинап, өзімізге қажет құндылықтарды алу. Осы кеңестерді пайдалана отырып кітаптың қаншалықты пайдалы болғанын біле аламыз.

5 Бөлісу

Кітапты оқып болғаннан кейін оны достарыңмен, жақындарыңмен бөлісу. Бір-біріңмен пікір алмасып, оқыған кітапты талқылау. Бұл әдіс оқығаныңызды есте сақтауға көмектеседі.

Нұрділла Асылжан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама