Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Көктем қарбаласы
Сабақтың тақырыбы: Көктем қарбаласы
Сабақтың мақсаты:
1. Өлі табиғаттың көктемгі өзгерісі, тірі табиғатқа әсерін тигізуі, жануарлар тіршілігіне елеулі өзгерістер әкелетінін ұғындыру.
2. Табиғатты аялауға, қорғауға, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
3. Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту. Танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО
Сабақтың көрнекілігі: табиғат көріністері салынған плакаттар, оқулық.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
А ) Психологиялық дайындық
«Менің тілегім немесе жылы лебіз»
Мысалы:- Мен өзіме бақыт тілеймін. Сізге де соны тілеймін!
- Мен өзіме бүгінгі күніме сәттілік тілеймін, сіздерге де соны тілеймін!

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Ауызша»тексеріледі.(3 - 4 оқушыдан сұралады)
- Пысықтау сұрақтары:
- Киіктің лағын қалай атайды?
- Құралайдың түсі қандай?
- Құралайдың жауларын ата.
-«Құралайдың көзіндей»дегеннің мағынасын түсіндір.

3. Жаңа материалды меңгерту.
А) Құрастыру(мозайка)
(Қиындылардан суретті құрастырып шығару)
- Суреттен нені байқадық?
- Қай мезгілдің бейнесі?
Ә) Топтау
- Көктем сөзін естігенде не есіңе түседі, ненің бейнесі көз алдыңа елестейді, ненің иісін сезесің?
Қар ериді
Күн жылынадыАю ұйқыдан оянады

Ағаштар бүр жарады
Көктемде малдар төлдейді
Құстар туған жерге оралады бунақ денелілер тіріледі
Бәйшешек шығады т. с. с.

- Олай болса, бүгінгі біздің танысқалы отырған жаңа сабағымыздың тақырыбы:»Көктем қарбаласы»(және тақырыпша Көктемде малды күтіп бағу) деп аталады.
Бұл сабақта біздер өлі табиғаттағы көктемгі өзгерістің тірі табиғатқа әсері жөнінде әңгімелейміз.
«Қарбалас»сөзі – жанталас, асығу. тіршілік қамы дегенді білдіреді.
Б) Мағынаны тану.
- Мәтінді дауыстап оқу(мұғалім)
«Түртіп алу»
Сөздік жұмыс
Тапшы - қат, аз
В) Ақпарат алмастыру(талдау - жинақтау)
- Көктемгі аңдар тіршілігінде қандай өзгерістер болды?
- Аңдар үшін көктемнің қуанышы мен қиындығы неде?
- Мал мен жабайы аңдардың көктемгі тіршілігін салыстыр.
- Ұқсастығы неде?
- Айырмашылығы неде?
Есіңде болсын!(оқыту, есте сақтау)

Сергіту сәті
Былтырғы көктерек
Көгерді, құлпырды.
Құлпырды. құлпырды
Жоғары ұмтылды.
Г) РАФТ стратегиясы
Рөл - жануарлар
Аудитория - оқушылар, мұғалімдер
Форма - сурет, әңгіме, шағым, арыз
Тақырып -«Көктем қарбаласы»
-«Көктем қарбаласы»тақырыбында жануарлар тіршілігін сурет арқылы немесе әңгіме, арыз, шағым түрінде жеткізулеріңізге болады.
(Оқушыларды тыңдау)
Қорытынды.
Екі жақты күнделік толтыру.
Иә. Жоқ.
1. Көктемнің басында аю қонжықтарын ертіп, апаннан шығады.
2. Қой - тақ тұяқты мал.
3. Көктемде қорек тапшы болады.
4. Сауысқан - жыл құсы.
5. Көктемде сүтқоректілер төлдейді.
6. Ешкі қоздайды.
7. Аю илеуін бұзып құмырсқа жейді.
8. Дельфин - сүтқоректі
9. Түлкінің баласын «Жаутаң»дейді.(мыршай, жәутік)

Бағалау.
Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма беру: 95 - 97беттер. 3, 4 - тапсырмалар.
- Бүгінгі сабақта.
Есту, көру, жазу т. б. қимыл әрекеттер жасағаны үшін өз организмімізге рахмет айтып қол соғамыз. 1, 2, 3.
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама