Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Күрделі эфирлер. Майлар
Сабақтың тақырыбы: Күрделі эфирлер. Майлар
Білімділік мақсаты: Оқушыларға күрделі эфирлер, майлар, олардың табиғаттағы кездесуі, маңызы, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; майлардың ағзаға өте қажетті, бағалы қоректік зат екендігі туралы, майлардың гидролизі мен майларды техникада қолдану үшін гидрогендеу реакциясы туралы білімді қалыптастыру;
Дамытушылық: Күрделі эфирлер, майлардың гомологтарының формуласын, изомерлерінің формуласын құру, химиялық қасиеттерін, алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құра білу, білім және дағдыларын жетілдіру
Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Сабақ типі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Кооперативті оқыту технологиясы, СТО технологиясы, Ауызша, жазбаша, сұрақ – жауап, топпен жұмыс. Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі.
Құралдар мен реактивтер: интерактивті тақта, кітап, дәптер, топтарға тапсырмалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин
1) Оқушылармен сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушыларды топқа бөлу
4) Топтарда рольдерге бөлу (баяндаушы, лидер, бақылаушы, тексеруші)
5) Сабақтың ережесімен таныстыру
2. Қызығушылығын ояту 3мин

1«Миға шабуыл» (нені білеміз?)
• Өсімдіктердің гүлдерінен, жеміс - жидектерінен хош иістің бөлінетінін білеміз. Ол қандай заттар?
• (жауабы: гүлдер мен жемістер құрамында күрделі эфирлер болуы )
• Түйенің шөлге төзімділігін қалай түсіндіре аласыңдар
• (жауабы: өркешіндегі майдың су бөлуінен)
• Қоңыр аю қыс бойы ұйқыға кеткенде, не себепті қарны ашпай жатады?
• (жауабы: ағзасындағы май тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады )

2. «Мағананы тану» ( нені білгіміз келеді?) 20 мин
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі.
«Жанұя тобын» құру (5 мүшеден тұратын 5 топ құрылады.) Содан кейін 1, 2, 3, 4, 5 - ке санау арқылы 1 - лер бөлек, 2, 3, 4, 5 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.
1 - лер: Күрделі эфирлердің сипаттамасы, аталуы, изомерлері
Күрделі эфирлердің сипаттамасы: Карбон қышқылдарының күрделі эфирлерін қышқылдардың карбоксил тобындағы сутек атомының орнын көмірсутек радикалы басқан сутектің немесе спирттердегі гидроксил тобының орнын органикалық қышқылдың радикалы басқан туындылар деп қарастыруға болады
Аталуы: күрделі эфирлердің аттары олардың құрамына кіретін қышқылдар мен спирттердің қалдығынан құралады. Халықаралық номенклатура бойынша қышқылдың атына спирт радикалының атын қосымша етіп, оат жалғауын жалғап атайды: H - COOC2H5 (метилметаноат), құмырсқа қышқылының этил эфирі
CH ₃- COOC ₂H₅ (этилэтаноат ), сірке қышқылының этил эфирі
изомерлері: Күрделі эфирлердің изомерлерін оны құруға қатысқан қышқыл мен спирттің радикалдарына байланысты топтардың изомерленуі бойынша анықтайды. Күрделі эфирлер карбон қышқылдарымен класаралық изомерлер. Мысалы; С3Н6O2 изомерлері: H - COOC2H5 этилформиат, CH ₃- COOCH ₃метилацетат, C ₂H ₅COOH пропан қышқылы.

2 - лер: Күрделі эфирлердің қасиеттері, қолданылуы. Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттері: Қарапайым карбон қышқылдарының күрделі эфирлері түссіз сұйықтықтар, суда ерімейді. Күрделі эфирлердің көбінің иістері жағымды. Молекула арасында сутектік байланыс жоқ болғандықтан, сәйкес қышкылдарға қарағанда күрделі эфирлердің қайнау температуралары төмен болады. Күрделі эфирлердің химиялық қасиеттері: Гидролиздену реакциясы. Күрделі эфирлердің гидролизі этерификация реакциясына кері реакция, қышқыл немесе сілті қатысында жүреді. Күрделі эфир сумен әрекеттесіп айырылып, реакция нәтижесінде қышқыл және спирт түзіледі:
CH ₃COOC ₂H ₅+ H ₂O → CH ₃- COOH + C ₂H ₅OH

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама