Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Төрт мезгіл
Сабақтың тақырыбы: Төрт мезгіл
Мақсаты: Сын есім сұрағын анықтайды. Мәтін мазмұнын өзгеге түсіндіре біледі.
Міндеті: 1. Түсініп оқу, жазу дағдыларын жетілдіру. Заттың сынын білдіретін сөздер туралы ұғымдарын кеңейтеді.
2. Мәтін туралы ойларын жүйелі жеткізеді. Ұйқас өлеңдерді оқи отырып, ұйқасын табады.
3. Топтық жұмыста пікір алмасуға, ой таластыруға жаттығады.
Күтілетін нәтиже: Ынтасы оянады, ойын, білгенін айтуға үйренеді.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, бағыттап оқыту, ой қозғау, толғаныс стратегиясы, ой шақыру.
Қажетті құралдар: А1 форматты қағаз, стикерлер.
Көрнекіліктер: Суреттер, қима қағаздар
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (4 минут)
- Амандасу. Бүгінгі көңіл - күйлеріне байланысты смайликтер таңдап алу.
- Топқа бөлу. Жыл мезгілдерінің суретімен
- Топ жетекшісін өздері сайлап алу.
Әр топқа “Гүл жамылған өлке” өлеңін тізбектей оқыту.

ІІ. Қызығушылықты ояту. ( 2 минут)
- Балалар, біз сіздермен «Жұмбақтар әлеміне» де келіп қалыппыз. Енді мына жұмбақтың жауабын тауып көріңдер:
Ортасында ақ көлдің
Қара көлге тап болдым.
(Көздің ағы мен қарасы)
- Көздің ағы, қарасы сөздеріне не деп сұрақ қоямыз?
- Қандай сұрағын қоямыз.
- Сонда олар заттың несін білдіреді?

ІІІ. Ой қозғау. Стикерлерге жазып ілу. (3 минут)
- Жылдың қай мезгілін ұнатасыңдар?
- Әр жыл мезгілдеріне қандай айлар тиесілі?
- Әр топ өз мезгілдерінің айларын жазады.

ІV. Мағынаны тану. (20 минут)
- Осы жыл мезгілдері өмірге қалай келді, оларды реттілікпен кім бөліп берді екен? Бұл жайлы “төрт мезгіл”ертегісінен оқып білеміз.
Оқулықтағы мәтінді төрт бөлімге бөліп оқыту.
Бірінші бөлімді оқиды. Оқылған бөлім бойынша сұрақтар қойылады.
- Жыл ақсақалдың ұл қыздарын атай аласыз ба?
- Ұл қыздарының есейгенін ақсақал қалай сипаттады?
- Ақсақал сұрай, сынай отырып балаларына айтқысы келген ойы?
Екінші бөлімді оқиды. Оқылған бөлім бойынша сұрақтар қойылады.
- Қатулы ұлдың жауабы қалай шықты?
- Сұлу қыз көктем жауабы.
- Көңілшек күз жауабын қалай жеткізді?
- Мен де деп жадырап жауап берген қызын атай аласыз ба?
Үшінші бөлімді оқиды. Оқылған бөлім бойынша сұрақтар қойылады.
- Риза болған ақсақал балаларына не бергісі келді деп ойлайсыз?
- Ораулы қағаз саны неше еді?
- Әр баласы қаншадан бөліп алар екен?
- Шашылған қағаздарды қалай жинап алар екен?
Төртінші бөлімді оқиды. Оқылған бөлім бойынша сұрақтар қойылады.
- Жыл ақсақалдың шешімі қалай болды?
- Ақсақал шешімді неге сүйеніп жасады деп ойлайсыз?
- Әрқашан халық үшін, адамдар үшін қызмет ететіндеріңді ұмытпаңдар,
дегенді ақсақал неге айтты?
- Ақсақалдың ұл, қыздары сіздерге қызмет ете ме?
- Сіз үшін ақсақал балаларының алар орны.
- Бұл кісілермен достық қарым - қатынаста араласасыз ба?
- Ақсақал балаларының ішінен сізге ерекше ұнағаны?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама