Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Күз байлығы
Алматы облысы, Райымбек ауданы
"Балбөбек" бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі
Салықбаева Советхан Есімқызы

Тіл дамыту
Тақырыбы: Күз байлығы
Мақсаты: Балаларға күз мезгілі туралы түсінік беру. Сөйлем құрастырып айта білуге дағдыландыру. Күз байлығына жемістер мен көкөністер, дәнді дақылдар жататынын білу, үлкендер еңбегін бағалауға тәрбиелеу. Жұмбақ, тақпақтар айта білуге үйрету, тілін дамыту.
Көрнекілік: Жемістер мен көкөністердің суреттері, күз
мезгілінің суреттері, атрибуттар және жемістер мен көкөністер, бидай, арпа, ұн, нан.
Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, тақпақ, жұмбақ
айтқызу.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Жылулық шеңбері.
- Қане балалар апайлармен амандасайық.
- Сәлеметсіздер ме?
- Енді бәріміз алақанымызды күнге қаратып тұрайықшы. Жылулықты сезіп тұрмыз, иә. Күннің жылуын өзімізге тартып жылындық. Енді осы жылылықты бір - бірімізге берейік.
- Әрқашан күн сөнбесін!
- Деніміз сау болсын!
- Нанымыз көп болсын!
- Енді балалар жыл мезгілін атап айтайық. Қыс, көктем, жаз, күз
- Әр мезгілде үш ай бар екен. Біз күз мезгілінің айларын атап айтайық
- Қыркүйек, қазан, қараша.
- Күз мезгілінің суретін көрсету.
- Балалар мынау қай жыл мезгілі?
- Күз!
- Неліктен күз мезгілі деп атаймыз?
- Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғаяды, жел соғады, жапырақтар жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Біз де жылы киімдерімізді киеді екенбіз. Күз мезгілінде астық піседі, жеміс – көкөністер піседі.

Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
- Егіс даласы.
- Егіс даласында кімдер жүр?
- Адамдар машинаға астық тиеп жатыр. Машинаға тиелген астықты қырманға тасиды. Қырманнан наубайханаға бидайды апарып, ұнға айналдырады. Тартылған ұннан мынандай нан пісіріледі.
- Нан біздің негізгі азығымыз, байлығымыз. Наннан үлкен ас жоқ. Нанды қадірлеу керек.
- Нан туралы тақпақ айтамыз.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар!
- Тағы да кім жеке тақпақ айта біледі екен? Қане бәріміз тыңдайық!
1-бала. Темірлан Көк майсалы көрікті,
Алқаптағы көп егін.
Бұл күндері киіпті,
Сары жібек көйлегін.

2-бала. Іңкәр Күзім - ау, күзім - ау,
Мінезің бұзық – ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің бұзық - ау.
3 бала. Әдемі Жапырақтар жамырап,
Сайға барып бекінді.
Анасынан ажырап,
Қалған бала секілді.
4 бала. Диана Жатыр дала жалтылдап,
Жаз шуағын мол құйды.
Күн астында алтын дән,
Тербеледі, толқиды.

Сергіту жаттығуы: Құлпыра берші кең далам,
Гүліңді мен терейін.
Жапырағыңмен жасыршы,
Қойныңа мен енейін.

ІІІ. Ғажайып сәт.
(Есік тақылдайды) Тыңдаңдаршы балалар, бізге біреу келіп тұр. Күз мезгілі үш айымен келіп тұр.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен күз мезгілімін. Менің үш айым бар. Мен сендерге күзгі байлығымды ала келдім. Қане балалар айтыңдаршы, мынау не?
- Алма, алмұрт, мандарин, жүзім – бұларды жемістер деп атаймыз.
- Алманың пішіні қандай? Дөңгелек.
- Алманың түсі қандай? Қызыл, сары.
- Мандариннің түсі қандай? сары.
- Мынау не?
- Мынау сәбіз, пияз, қияр, қызанақ, қырыққабат, қызылша – бұларды көкөністер деп атайды.
- Сәбіз бен қиярдың пішіні қандай?
- Сопақша.
- Түсі қандай?
- Қияр – жасыл, сәбіз – сары.
- Көкөністер мен жемістерде бізге пайдалы дәрумендер көп екен. Осы жемістер туралы кім тақпақ, жұмбақ айтады?
1 бала. Аяла Мен алмамын, алмамын,
Таңдайда қалар бар дәмім.
2 бала. Диана Күзде піседі,
Домалап түседі.
(алма)

Дидактикалық ойын: «Дәмінен таны»
Кесілген жемістерді Балалардың көзін жұмғызып татқызып көрсету. Қандай жемістер екенін айтқызу.
Ал балалар күз мезгілінің сыйлықтарын алып рахметімізді айтып қоштасайық.
Күз мезгілі сыйлықтарын балаларға береді. Қонақтарға да ұсынады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама