Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Леп белгісі (!)
Сабақтың тақырыбы: Леп белгісі (!)
Сабақтың мақсаты: оқушыларға жаңа сабақты меңгерте отырып оқушы білімін қалыптастыру; оқушы білімін пысықтай отырып, ақыл - ойын, дүниетанымын, білімін дамыту; оқушыларды ізденімпаз, білімді, ақыл - ойлы болуға баулу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, топтастыру әдісі, ой қозғау, БББ әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, таратпалар.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
Шаттық шеңбері арқылы көңіл күйін реттеу.
Сабаққа бейімдеу.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1 - тапсырма. «Алтын алма, алғыс ал»
Бұл тапсырмада интерактивті тақтадан нөмірленген ұяшықтар бар. Сол ұяшықтардағы сұраққа жауап берсе, ар жағынан алғыс сөз шығады. Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ көп алғыс алады.
1. Пунктуация деген не? (Арлы – ожданды бол!)
2. Тыныс белгілерінің қандай түрлері бар? (Елге деген парызыңды ұмытпа!)
3. Тыныс белгілерін қоюдың қандай принциптері бар?(Намысыңды жастан сақта!)
4. Сөйлем соңында қандай тыныс белгілері қойылады?(Халқыңды алалама!)
5. Нүктенің қойылатын орындары. (Жақыныңды жаралама!)
6. Сұрау белгісі қойылатын орындарды айт.( Қалысыңды қаралама!)

2 - тапсырма. «Ойлап, байқап, сәйкесін тап!»
Сәйкестендіру тесті таратпалар арқылы 3 топқа да беріледі.

ІІІ Жаңа сабақ.
Ой қозғау.

Адамның осы алуан түрлі көңіл күйін білдіру үшін жазуда бізге тыныс белгілері көмектеседі. Ал леп белгісі қандай жағдайда қолданылатынын біз бүгін сөз етеміз. Лепті сөйлем мынадай жолдармен жасалады.
1. Қандай, неткен есімдіктері таңдану, қуаныш мағынасын білдіріп тұрса, сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:
Әрі ақылды, әрі сұлу болып, құс падишасы атанудың өзі қандай! (Ы. Кененбаев)
2. Ғажап, тамаша, керемет сияқты сөздерге ерекше таңдану мағынасын сыйғызып айтқанда дауыс көтеріңкі шығады. Мұндай жағдайда леп белгісі қойылады. Мысалы:
Қарап отырсаң, құмырсқалар тіршілігінің өзі адам ақылына сыймайтындай ғажап бір керемет нәрсе! (Ы. Кененбаев)
3. Одағай сөздерден кейін және құрамында одағай сөздері бар сөйлемдердің соңына да леп белгісі қойылады. Мысалы:
Қазақстан!
Пай, пай, пай!
Ардағым - ай!
Сен менің ардағымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай! (М. Мақатаев)
4. Қаратпа сөз және көтеріңкі айтылған қаратпа сөзді сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады. Мысалы:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама