Мамандығым - мақтанышым
Тренинг сабақ
Тақырыбы: Мамандығым - мақтанышым
Мақсаты: Жас мамандарға таңдаған мамандықтарын үлгі тұтатындай, әріптестермен жақсы қарым - қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін эмоциясын ситуацияға пара - пар етіп көрсете білуге, эмоционалдық тұрғыда көңіл - күйлерінің орнығып, жұмысқа қабілеттерін арттыру;
Көрнекілігі: Слайд, бланка және музыка аппараты, жағымды баяу әуенді диск
Жоспары:
Танысу шеңбері, топтарға бөлу.
Релаксация. Кіріспе.
«Ең жақсы» ойын жаттығуы.
Сергіту сәті /Психогеометриялық фигуралар.
Мамандықтарына қатысты жағдаяттық сұрақтар.
«Мамандық тап» ойыны.
Топтық жұмыс. / тілектер/
Қортынды релаксация. / 2 минут/
Кері байланыс. «Бос микрафон». / 3 минут/
Тренинг барысы:
Сәлемдесу: Танысу шеңбері «Жіптік курс»
Барлық қатысушылар дөңгеленіп тұрады. «Біз осы мамандығымызды сүйемізбе?», «Ұжымымызға деген көзқарасыңыз қандай?»
Топқа бөлу:
Кәмпит арқылы. Жас мамандар алдарыңызда мына ыдыста кәмпиттер бар, сіз қазір өзіңізге бір кәмпит аласыз және түстері сәйкес келген жас мамандар бір топта болады.
Кіріспе: Тыныштық сәті..
- Көз алдыңызға жаңа көрген табиғат көріністерін елестетіңіз.
- Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.
- Ал, бастаймыз. (музыка қосылады)
- Соқпақ жолмен жүріп келесіз …
- Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз …
- Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді …
- Алма бағы …
- Қып – қызыл алмалар қол созым жерде …
- Сіз үзіп алып жей бастадыңыз …
- Дәмі керемет …
- Жеген сайын жегіңіз келеді …
- Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз …
- Күн кешкірді … Қайту керек … Бақтан шығып жолға түстіңіз … Иығыңызда дорба.
- Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келді …
- Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз …
- Міне, қалашыққа да жеттіңіз … Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты
- Оларға өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз …
- Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата – аналары да дән риза …
- Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді! Музыка тоқтатылып, мұғалімдер көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі
«Ең жақсы» ойыны.
Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, мұғалімдер берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.
Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
«Психогеометрия» өзін - өзі тану: Өздеріне ұнаған геометриялық фигураларды таңданыз./3 минут/
Шаршы – ұйымдастырғыш, дәлдік бақылауға қатал, қадағалайтын, ойлаушы, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, суық, үндемейтін, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, эрудициясы басым, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.
Үшбұрыш – көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз - өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп - қатерге жақын, лауазымды қызметкер, шыдамсыз, саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым - қатынас кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.
Тіктөртбұрыш – көңіл - үйі өзгермелі, өз - өзін қадағаламайды, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз - өзін төмен бағалайды, өз - өзіне сенімсіз, басқаларға сенгіш, көңіл - күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.
Шеңбер – қарым – қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, тез шешім қабылдай алмайды, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.
Зигзаг – көңіл - күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, ойын - сауыққа құмар, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам
Жағдаяттық сұрақтар:/5 минут/ ( Ситуациялық сұрақтар парақшаға жазылып таратылады)
1. Ата - аналар жиналысында сіз бір ата - анаға баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата - ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», деп ашуланды. Барлық ата - ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс - тәсілдерді қолданасыз?
2. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Қандай амал қолданасыз?
3. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қанадай шара қолданасыз?
4. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз?
5. Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты - қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа бір оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?
6. Сіз бүгін қандайда бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту сізге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
7. Оқушы сізбен әңгімелесіп тұрып: «Сіздің басқа оқушыларға қарағанда, маған жақсырақ көңіл бөлгеніңізді қалаймын», деді.
8. Оқушы сыныптасымен қарым - қатынасының нашар екенін көрсете отырып: «Мен онымен бірге оқығым келмейді» деді. Мұғалім ретінде не деп жауап бересіз?
9. Есіктен кіріп келе жатқан мұғалімді көріп, оқушыңыз: «Сіз бүгін өте шаршаған кейіптесіз», деді мұғалім әрекеті.
10. Мұғалім оқушыға тапсырма берді. Оқушы берілген тапсырманы орындағы келмей: - Орындағым келмейді,- деді Мұғалім әрекеті
11. «Аманжол үнемі сабаққа ұқыпсыз келеді, шашы өскен, киімі үтектелмеген, бірақ осы түріне қарамастан үнемі сабаққа дайындалып келуге тырысады. Оқушылар арасында ешқандай достары да жоқ, ешкіммен араласпай өз бетімен жүреді.» Сіздің іс - әрекетіңіз, қандай жұмыс түрлерін жүргізер едіңіз?
Педагог – психолог: Тасболатова М. А.
Мамандығым - мақтанышым. жүктеу