Мемлекеттік тіл – баға жетпес рухани байлық

Сабақтың мақсаты:
1. Тіл үйренушілерге тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім жаттығулары арқылы сөздік қоры мен тіл байлығын арттыру.
2. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру және атаулы мерекелердің бірі Алғашқы Президент күніне орай Елбасымыз туралы әңгіме қозғау
3. Тілді үйренуге қызығушылықтарын, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.
Көрнекі құралдары: слайдтар, видео, дәптер, парақшалар
Қолданылатын әдіс - тәсілдер, жұмыс түрлері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ - жауап, тест сұрақтары, суретпен жұмыс, ойындар.
Сабақтың түрі: аралас
Cабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа қатысушыларды тізім бойынша тексеру.
Ашық сабаққа келіп отырған қонақтармен таныстырып, амандасу
Психологиялық ахуал туғызу (смайликтерді тарату) бүгін көңіл - күйлерің қандай? (тыңдаушылар таратылған смайликтерден таңдап өз қалауларынша көтереді)
Бүгінгі сабаққа қажетті жұмыс дәптерін тарату.
Парақшаларды тарату (сөзжұмбағы бар) сөзжұмбақты шешкен кезде тіл туралы Ахмет Байтұрсыновтың нақыл сөзі шығады.
Бұл қанатты сөз 5 сөзден тұрады екі адамға бір сөзді шешу керек, содан кейін оны құрастыру керек.
Шығатын нақыл сөз: Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады (Ахмет Байтұрсынов)
Біз неге бүгін тіл туралы айтып отырмыз, өйткені бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілетін 25 тақырыптық күндердің ішінде Ақмола облысы бойынша 24 қараша «Мемлекеттік тіл күні» деп жарияланып отыр, сондықтан біз тіл үйренушілер болғандықтан тікелей мемлекеттік тілді үйреніп жатқандықтан бұл күнді атаусыз қалдыруымызға болмайды.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мемлекеттік тіл – баға жетпес рухани байлық» мақсаты мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру және атаулы мерекелердің бірі Алғашқы Президент күніне орай Елбасымыз туралы пікірлесу.
Тіл туралы қанатты сөздер (видео)
Елбасының «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы саналатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деген сөзі – әр «елім, жерім – Қазақстан» дейтін азаматтың сөзі десем, артықтық етпес.
1. Сіздер Тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде тіліміздің мәртебесін көтеруде өз үлестеріңізді қосып жүрсіздер ме?
2. Тілдің қазіргі дәрежесі қай деңгейде деп ойлайсыздар?
3. Қазақстан азаматары өз мемлекеттік тілінде сөйлеу үшін қандай жұмыстар жасалу керек және оған қанша уақыт кетеді деп ойлайсыздар?
Тыңдалым (в2 19 бет 3диалог)
Тыңдалымды мұқият тыңдап, оны орындау, талдау.
1. Сұхбат берушінің пікірінше, біздің ел -.......
а) Технология өндіруші ел
в) Дамыған ел
с) Тұтынушы ел
д) Технология жасаушы ел
2. Диалогте көтерілген негізгі мәселе не туралы екендігін көрсетіңіз.
а) үш тұғырлы тіл дауы
в) қазақ тілінің кенжелеп қалу себебі
с) мемлекеттік тілді білуді міндеттеуі
д) ана тілі үстемдігін күшейту шаралары
3. Ғалымның «үш тұғырлы тіл» саясатын қолдау себебін анықтаңыз.
а) әлемдік өркениеттің талабы солай
в) көп тіл білу – білімділіктің айғағы
с) мемлекет үш тілдің білудің міндеттейді
д) қазақ халқы үш тілде сөйлеуге ынталы
4. Диалогтегі қосымша деректі табыңыз.
а) қазақша сөйлетудің жолы
в) қазақ тілінің кенже қалу себебі
с) қазақ тілін білмейтіндердің кім екендігі
д) ғалымның «үш тұғырлы тілге» көзқарасы
5. Диалогтегі «ақылды қазақша сөйлету керек» тіркесі қандай мағынада қолданылғандығын көрсетіңіз.
а) қазақша ойлау керек
в) қазақша ақылды сөйлеу керек
с) ақылдылар қазақша сөйлеу керек
д) қазақ екенімізді сөзбен емес, ақылмен мойындату керек
Өздеріңізге белгілі тіл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та бірнеше қанатты сөздер айтқан.
1. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде жатыр. Қазақ тілі әлі бірте - бірте мемлекеттік қызметте, экономика мен өмірдің барлық саласында басымдық танытатын болады.
2. Қазақ елі барда, қазақ тілі де өмір сүреді. Өседі. Өркендейді. Ұлтымыздың ұлы тілі – мәңгілік!
3. Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. Нұрсұлтан Назарбаев
Осы ойларға байланысты сіздер не айта аласыздар? – деген сұраққа жауап алу. Мемлекеттік тілді үйренудің қаншалықты маңызды екеніне тоқталып кету.
Видео Н. Назарбаевтың тіл туралы айтқаны (тыңдаушылар өз ойларын айту)
Сергіту сәті(орамал тастамақ) бір тыңдаушы бірінші буынын айтып екінші тыңдаушыға орамалды лақтырады, екінші тыңдаушы екінші буынмен сөзді аяқтайды немесе ары қарай лақтырады) мысалы қа – лам, тақ – та
Оқылым
Мәтінмен жұмыс Елбасы туралы мәтін.
Отбасы және балалық шағы
Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.
Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта - ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын білетін ағайын - туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін оқып шығуға жан - тәнімен кірісті. Әке - шешесі осы өлкеде ежелгі заманда өмір сүрген бабалардың берік түп - тамырынан сыр шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан - дүниені тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін сезінетін. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным - сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
1. Мәтінді талдау, бір тыңдаушы мәтін бойынша сұрақ қояды, қалғандары жауап береді.
2. Мәтіннен қос сөздерді табыңыздар.
Жазылым
Қазақстан Республикасының Президенті: «Қазақстан халқына.......... Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын............, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына..........., Қазақстан Республикасының Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін............. салтанатты түрде............», – деп халыққа ант берген сәттен бастап............
Қажетті сөз тіркестері: қызметіне кіріседі, қатаң сақтауға, кепілдік беруге, адал қызмет етуге, адал атқаруға, ант етемін.
Сөйлесім
Суреттер сөйлейді. Слайдта берілген суреттерге қарап сөйлемдер құрастыру.
Жасөспірім балалардың Елбасына айтқан тілегі (видео)
тыңдаушыларға бүгінгі «Мемлекеттік тіл күніне» арнап Қазақстан халқына тілек жазу. (2 сөйлем)
Тілек бәйтерегі
Тыңдаушыларға жапырақ таратылады, сол жапырақтарға бір сөзбен Елбасымызға тілек жазасыздар, сосын оны тақтада тұрған ағашқа жапсырады.
Сабақты қорытындылау
Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Тіліміздің мәртебесі өсе берсін.
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем – дегендей әр қазақтың жүрегіндегі намыс оты сөнбесін.
Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының әдіскері
Махметова Жанар Қайртайқызы