Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі.
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі. (1 сынып)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2. 1. 2. Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1. 1. 2. 1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау
1. 1. 8. 1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1. 3. 11. 1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.

Ойлау дағдылар: Білу және түсіну, қолдану
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту: Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік
Кофе - coffee
Кафе – café
Ферма - farm
Фирма - office
Фото - photo
Факс - fax
Телефон - telephone
Телеграф - post office
Футбол - football
Африка - africa

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут
Көңіл - күй. Үш тілде сәлемдесу.
- Сәлеметсіздер ме!
- Сәлеметсіз бе!
- Здравствуйте!
- Здравствуйте!
- Hello!
- Hello!
- How are you?
- I am ok!
Түстер бойынша топқа бөлу
Алдыңғы оқуды қорыту.
1 - топ: Аңыз дегеніміз не?
Ол жайында не білеміз?
2 - топ: Кино дегеніміз не?
3 - топ: Ертегі дегеніміз не?
- Жарайсыңдар, балалар, сол аңызда кездесетін біздің ұлттық кейіпкерлеріміз кімдер деп ойлайсыңдар?
- Алдаркөсе мен Қожанасыр.
- Олай болса біздің бүгінгі сабағымызға Алдаркөсе мен Қожанасыр хат жолдапты.

Хатта оқушыларға тапсырмалар берілген.

Сабақтың ортасы 20 минут

Жаңа сабақ
1. Әр оқушыға парақшалар тарату (дұрыс жауапқа смайликтер жапсыру үшін).
2. Топтық ережемен таныстыру.
Алдар мен Қожаның 1 - тапсырмасы оқулықтағы сөздерді оқу.
№1 Оқылым.
Сөздерді оқыту.
Кофе ферма фото телефон футбол
Кафе фирма факс телеграф Африка
1. Өлеңді 3 - 4 оқушыға оқыту
- Суреттегі Қуаттың қылығы дұрыс па?
- Ф әрпі неге ұқсайды?
Сөздер банкісі. Біздің тақырып

Тапсырма: Ф әрпі бар сөздерді жина.
Пияз, фото, факс, қияр, қаһар, гауһар, ферма, фирма, телефон, футбол, кафе, фирма, телеграф, парта, Африка, фабрика, фонтан.
Дескриптор:
- Ф әрпі бар сөздерді таба алады.
- Сөздердің ішінен бөліп алады.
№2 Мәтінді ары қарай жалғастырыңыздар.
Бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алды...

Алдаркөсе, Қожанасыр – ұлттық кейіпкерлер. Аңыздарда олар ақылды, әділ, тапқыр, аңғал кейіпкерлер ретінде танылады.

Сергіту сәті 2 минут

Қызықты тапсырма 8 минут
«Оқиға картасы» әдісі
Алдар мен Қожаның екінші тапсырмасы үш топқа жеке - жеке беріледі.
1 - топ: Суреттерді ретімен орналастыру.
2 - топ: Кейіпкерлерін атау. Сипаттау
3 - топ: «Алдар көсе мен ұры» мультфильмін естеріңе түсіріңдер. Берілген суреттер бойынша әңгімелеп көріңдер.
Түйген қорытынды.
1. Берілген әңгімедегі ақылды кейіпкер кім?
2. Мультфильмді көрсету.
Балалар, сендер Алдар мен Қожаның тапсырмаларын мүлтіксіз орындадыңдар. Сендерге ұлттық кейіпкерлеріміз алғысын білдіруде.

Аяқталуы 8 минут
Топтық жұмыс
Тапсырма:
1 - топ: Сөздерді буынға бөліп айт.
2 - топ: Адасқан буындардың орнын тап.
3 - топ: Сөйлем құра.

Футбол, телефон, фонтан.
Дескриптор:
- Сөздерді буынға бөліп айта алады.
- Сөздерді буынға бөліп жаза алады.
- Буындардан сөз құрай алады.
- Сөздерден сөйлем құрай алады.
Топты бағалау
Смайликтерін санап жеңімпаз топты атау.
Өте жақсы 6 - 8
Жақсы 3 - 5
Орта 1 - 2

Сабақтың соңы 2 минут
Кері байланыс
Жасыл - түсіндім, сары - әлі де түсінбегенім бар.
«Ағашты безендіру» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты стикер арқылы берді.
Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы
№45 «Ақ Орда» мектеп - гимназиясы
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі Шерәліқызы Мадина

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама