Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
«Металдар» тақырыбын оқыту
«Металдар» тақырыбын оқыту

Әрбір сабақты халықтық педагогикамен байланыстыру өту – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің алға қойған өзекті міндеттерінің бірі. Осы мақсатта «металдардың» периодтық жүйедегі орны, олардың табиғатта кездесуі және алыну әдістері тақырыбын өткенде халықтық педагогиканың элементтерін қолдауды жөн көрдім.
Сабақта оқушыларды металдардың периодтық жүйедегі орнымен, атом құрылысындағы ерекшелігімен алыну әдістерімен таныстыра отырып, «Атамекен» бағдарламасының «Зергерлік бағытына» бастау болған қазақ халқының металдарды пайдалану дәстүрі, санаға сіңген қасиеттері туралы мағлұматтар беруге болады. Сынып «Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі», «Металдардың табиғатта кездесуі», «Металдардың кристалл торлары» кестелері, «Қазақ халқының зергерлік бұйымдары, тұрмыстық заттары» бүктемелі буклеттерімен және қолданбалы зергерлік бұйымдармен безендіріледі.

Жаңа материалдарда периодтық жүйедегі металдардың орнын және атом құрылысының ерекшелігін түсіндіруден бастадым. Металдар, негізінен периодтық жүйесінің сол жағына және төменгі бөлігіне, яғни I, II, III топтарда орналасқан. Қазақ халқының ежелден пір тұтып келе жатқан, ал химиктер мойындаған сыры жұмбақ сиқырлы санның бірі - жеті саны. «Жеті қазына», «Жұт жеті ағайынды», «Жеті қазына», «Жеті ата», «Жеті жұт», «Жеті жоқ» сөз тіркестері де тегін айтылмаса керек. Ал химиктер жерде жеті металл жеті ғаламшарға сәйкес келеді деп есептейді. Ай – күміс, Күн –алтын, Юпитер – қалайы, Марс - темір, Сатурн – қорғасын, Шолпан –мыс. Ата - бабаларымыз бұл металдарды зергерлік бұйымдар, тұрмыс заттарын жасуға пайдаланған. Метал атомдарда сыртқы энергетикалық деңгейде бірден үшке дейін электрондар орналасады. Әдетте олардың радиусі үлкен болады.
Бейметаллдарға қарағанда металл атомдары сыртқы электрондарын оңай береді, яғни күшті тотықсыздандырғыш . Сондықтан металл атомдары оң зарядты атомдарға айналады. Электрондар үздіксіз қозғалыста болғандықтан, оң заряды иондармен соқтығысады. Сол кезде оң зарядты иондармен бейтарап атомдарға соңынан атомға айналады.

Бұдан кейін металдардың табиғатта кездесуіне тоқталамыз. «Жері байдың – елі бай» дейді қазақ халқы. Біздің республикамыздың жер қойнауынан периодтық жүйедегі барлық элементтер табылады десе болады. Осыған орай бүкіл адам зат қазір біздің республикамызға назар аударуда. Өз облысымыз дағы Шалқия полиметалл кеніші, Шиелі уран кені, Арал ауданында болжалынып отырған полиметелл кені – біздің мақтанышымыз. Металдар табиғатты бос және қосылыстар түрінде кездеседі. Ең көп тараған: AL;Fe; Ca; Wa; K; Mg; Ti металдарының табиғатта кездесу кестесі. Активтігі жоғары металдар (Na;K;Ca;Mg) электро әдістерімен алынады. Активтігі төмен металдарды олардың оксидімен, көмірімен, көміртегі II оксидімен немесе Al- мен тотықсыздандырады.

ZnO+C CO+Zn
сульфидтерді өртеу арқылы да металдарды алуға болады.
2ZnO+3O 2SO+2ZnO-
ZnO+C CO+Zn
Сондай-ақ металдарды оксидтерді едәуір актив металдармен тотықсыздандыруға болады.
3Mn O+Al AlO+3Mn

Металдарды алуға әлі де электролиз әдісі қолданылады.
Сабақты бекіту, қорытындылау мақсатында оқушылардың шағын сахналық қойылымын тамашалаймыз.
«Жеті ғаламшар», «Жеті металл» бізге қонаққа келіп отыр, сол кісілерге сөз берелік. Кеуделеріне элемент таңбалары, ғаламшар суреттері салынған оқушылар шығарылады.


1. Мен – Алтынмын. Мені ертеде Күн ғаламшарына теңеген. Сары түсті жылтыр, созылғыш металмын. Қалыпты жағдайда оттегі, фосфор, күкірт, т.б элементтермен, сондай-ақ қышқылдармен, сілтілермен әрекеттеспеймін. Негізгі валюта есебінде қолданыламын. Менен әшекей бұйымдарын жасайды.Ешқандай қышқылдарда еріп кетпеймін деп мына шумақты өзіме арнадым.Бұл шумақтың шешуін сіздерге қалдырдым.

Химияның дерегі,
Патша арағы дер еді.
Патшада оны ішпейді,
Басқада оны ішпейді.
Дүкендерге түспейді,
Айтшы, неден істейді?

2. Мен – Күміспін. Мені – ай ғаламшарына теңеген. Ақ түсті жылтыр, созылғыш металмын. Тек азот қышқылында еримін. Мені құймалар, әшекей заттар, тұрмыс бұйымдарын, өткізгіш заттар жасауға пайдаланады.

3. Мен – Қалайымын. Мені - Юпитер ғаламшарына теңеген. Жылтыр, ақ күмістей созылғыш, ауада баяу тотығатын металмын. Мені дәнекерлеу, құймалар жасау үшін пайдаланады.

4. Мен – Қорғасынмын. Мені - Сатурн ғаламшарына теңеген. Жұмсақ, майысқақ, күңгірттеу, сұр түсті металмын. Аккумуляторлар, химиялық аспаптар аппараттар жасауда пайдаланады.

5. Мен - Сынаппын. Мені – Меркурий ғаламшарына теңеген. Металдардың ішіндегі сұйығымын, әрі ауырмын, ақ түсті, жылтыр металмын. Мен химиялық өнер кәсіпте катод есебінде катализатор ретінде, жарық беретін электр шамына, медицинада т.б жерлерде пайдаланады.

6.Мен – Темірмін. Мені – Марс ғаламшарына теңеген. Мен өте иілгіш, күмістей ақ металмын. Ерекшелігім магниттік қасиетім бар. Мені темір құймаларын, шойынмен болат өндіруде пайдаланады.Мен машина жасау өнер кәсібінің негізгі шикізатымын.
7.Мен мыспын.Мені шолпан ғаламшарына теңеген. Қызыл түсті, жұмсақ пластикалық металмын. Жылу және электр өткізгіштік қасиетім өте күшті. Мені электротехникада, көлік, байланыс, өнеркәсіп салаларында, тұрмыста, зергерлік бұйымдар жасауда, бояу алуда, медицинада кеңінен қолданады.
Сабақ соңында оқушыларға металдар туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар айтып бердім.

Мақал-мәтелдер.
Алмас қылыш шыға ма?
Негізі жасық темірден.
Қанша жуса кете ме,
Қап-қара түс көмірден?

Тегі жаман теміртек,
Қанша егесең де өтпейді.

Таңсық нәрсе – күміс те алтын да,
Ең қымбат-ау ұстамдылық қалпында.

Болат қайнауда шынығады,
Батыр – майданда шынығады.

Жұмбақтар
Жез қораның ішінде,
Темір құлын кісінеп.
Қайта келіп ісіне,
Кіріседі кісі көп.
(Қоңырау)

Мыс құлақты, жүз тісті,
Жүзіне бір – ақ із түсті.
(Ара)

Ақ түйір айналады, орын таппай,
Жүгіргендей су бетінен орын жақпай.
Аздан соң суға сіңіп жоқ болады,
Оқушым, ойланып көр, қойма таппай.
(металл натрий)

Үстел үстіндегі өрнектелген «Сыр сандықтың» ішінде әр түрлі білезіктер, сырғалар, сақиналар бой тұмар, күміс белбеулер бар. Әр бұйымдарға сұрақ жазылған карточкалар байланған. Бір оқушы сандықтағы барлық бұйымдарды алып көрсетеді. Оның әрқайсысындағы сұрақтарға оқушылардан тез жауап алады. Карточкада сұрақтар негізінен мынадай мазмұнда беріледі:

Қолыңдағы қандай зат?
Ол қандай металдан жасалған?
Не үшін пайдаланады?
Қарсы ілгек қандай металдардың қоспасы?
Алтын қандай қышқылда ериді?
Металдардың кернеу қатарында қай элементтің активтілігі жоғары?
23 г металл натрий тұз қышқылымен қосылғанда қалыпты жағдайда қандай көлем сутек түзіледі?
Натрий гидроксидінің молекулалық массасы неге тең?
Үйге тапсырма:

Валенттілігі II -ге тең металға сөз жұмбақ құрастыру.
Валенттілігі IV -ке тең дес металға мақал – мәтел ойлап табу.
Міне, осылай бір сабақтың өзінде оқушылар металдарға байланысты біршама халықтық педагогика ұғымдарымен танысты. Әрбір химия сабағын реті келгенше халықтың мақал-мәтелдерімен, тұрмыс-салтымен байланыстыра оқытса, ол оқушылардың пәнге қызығуын арттыруға едәуір септігін тигізер деп ойлаймын.
Мұғалім бір тақырыпты ғана емес, тарауды, реті келсе барлық тақырыпты да халықтың мақал-мәтелдерін қолдана отырып өтсе бұдан ұтылмауымыз анық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама