Мың жаса, Тәуелсіз Қазақ елі!
Тақырыбы: «Мың жаса, Тәуелсіз Қазақ елі!».
Мақсаты: 1) Оқушыларды тәуелсіз елін, жерін, шексіз сүю арқылы, тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу; - тәуелсіздік аңсаған ата – баба аманатына адал болуға, ерлігінен үлгі алуға үйретіп отаншылдық сезімдерін оятып, ұлтының салт – дәстүрін, діні мен тілін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сағаты
Сабақтың әдісі: пікірталас, ой қозғау, болжау әдісі, кері байланыс
Пән аралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, қолөнер.
Қолданылатын технологиясы: сын тұрғысынан ойлау
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Бүгін конференцияға білімнің тәрбие саласынан, әлеуметтік құқық қорғау саласынан және психология саласынан делегаттар келіп отыр. Делегаттарды қарсы алу.
ІІ. Психологиялық кезең:
«Тәуелсіздікке 25 жыл» бейнетаспаны қарау.
- Құрметті делегаттар бүгінгі конференцияның тақырыбы: «Мың жаса, Тәуелсіз Қазақ елі!».
Конференцияның ұраны: «Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ»
Оқырман конференциясы - оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тыңдау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.
Оқырман конференциясының түрлері: мазмұны бойынша - көркем шығармалар және арнайы әдебиеттер болып бөлінеді. Кәсіби, ғылыми әдебиеттерге окырман конференциясын өткізу өндіріс және ғылыми мекемелерде өткізіледі. Көбінесе ондай конференциялар кәсіби деңгейді көтеруге арналған оқулықтар, монографиялар, басылымдар болуы мүмкін. Мұндай талдаулар ғылыми кітапханалардың оқу орындарының кафедраларында өтетін әдістемелік семинар аясында ұйымдастырылуы мүмкін.
Көбінесе, оқырмандар конференциясы көркем әдебиеттерді талқылауға арналады, Олар бір немесе тақырып бойынша топтастырылған бірнеше кітапты (тақырыптық), жеке авторлардың шығармашылығына арналуы мүмкін.
Оқырмандар конфренциясының келесі түрі - автордың қатыстырылуы арқылы өтетін оқырман конференциясы. Конференцияның бұл түрі шығарма авторымен дидарласуға мүмкіндік береді. Конференцияға келген оқырмандарды тек жазушының жеке өмірі ғана қызықтырып қоймайтыны белгілі, оның шығармашылығы туралы келген оқырмандар айтса, ол әсерлі болады.
Конференцияның келесі түрі — көрермен - оқырман конференциясы. Бұл конференция 1970 жылдары пайда болды. Сол жылдары теледидар және кино арқылы көркем әдебиеттер экранға көптеп шыға бастады. Бұл конференция негізіне оқырмандық қызығушылық пен көрермендік қызығушылық қатар жүреді.
Оқырман конференциясының келесі түрі — сырттай оқырмандар конференциясы. Ерекшелігі: конференция бетпе-бет өтпейді, керісінше БАҚ арқылы - газет, кейде радио, теледидар арқылы өткізіледі. Талдауға қатысатын аудитория ауқымы үлкен. Яғни, қай жерде тұрмасын, қай уақытта болмасын адамдардың пікірін оқып, танысуына болады. (мысалы: "Әкелер ізімен" 'Көркем әдебиеттегі жұмысшы табы" т. б сондай - ақ, аудандық газеттерде ауыл шаруашылығына арналған тақырыптарда - озық тәжірибелерді насихаттау мақсатында жергілікті авторлар шығармалары).
Сіздер алдын ала конференцияда қандай мәселе көтерілетінін білгендіктен, сіздердің рұқсаттарыңызбен бірден сол мәселелерді қарастыруға көшсек деймін.
ІІІ. Үй тапсырмасын зерттеу:
а) зерттеп келген жұмысын, жинаған ақпаратын қорғау:
ә) болжау
б) бекіту
IV. Операциялық – орындаушылық (тәжірибелік) кезең:
Көрермен - оқырман конференциясы.
1 - топ - «Бабалар аңсаған азаттық»
2 - топ - «Тәуелсіздікке 25 жыл»
3 - топ - «Мәңгілік ел мұратым»
V. Танымдық ақпараттық кезең
Сырттай оқырмандар конференциясы.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік толғауын» жариялады.
Халқымыздың қастерлі Тәуелсіздігі мен Мәңгілік Еліміздің болашағы мені үнемі толғандырады. «Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы қандай болуы керек?» деген сауалды мен өзіме сәт сайын қойып отырамын. Осы жайындағы ой орамдарын қағазға түсіріп «Тәуелсіздік толғауы» деп атағым келді. Ол азат еліміздің күллі азаматтарына, жалынды жастарға бүгінгі буынның ерен істерін лайықты жалғастырып, ертеңгі ұрпаққа арналады. Заман ағымы бізді Қазақстан Республикасы тұңғыш рет тәуелсіз ел ретінде әлемге әйгіленген тарихи дата - 1991 жылдың 16 желтоқсанынан күн сайын, сағат сайын алыстатып барады. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол - егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы. Ол туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы. Ол - өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы. Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді. Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды. Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құралды. Ол біздің өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орынымен, ұланғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды. Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі. Біз жүргізіп отырған сыртқы және ішкі саясат – халықтың даналығы. Қазақстанды өркендету жолындағы күллі жауапты шешімдердің даналығы. Халқымыздың асқақ абыройының, қонақжайлылығы мен кең пейілінің даналығы. Тәуелсіздік дегеніміз - бұл жалпыға ортақ еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген оқушылар мен студенттердің еңбегі. Еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Әрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі,- деп атап өткен Нұрсұлтан Әбішұлы оның көкжиегін жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мәдениеті бар екендігіне де тоқталып өтті.- Оның ғылымға, инновациялар мен прогресске әрдайым айқара ашық есігі бар. Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мәдениеті бар. Ал Мәңгілік Ел - Тәуелсіздіктің өмірлік философиясы. Бұл қағидаларды мүлтіксіз сақтай отырып, біз Отанымыздың көк байрағын нық ұстаймыз. Оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл - біздің мәңгілік ұстанымымыз! - деді Елбасы.
«Тәуелсіздік толғауы» тыңдалып, Елбасына лебіздері оқылады.
VІ. Бекіту: «Тәуелсіздікке тілек»
Күн дөңгелегі ілініп, күннің әр арайына тәуелсіздікке тілек жазылып ілінеді.
VІI. Рефлексиялық - бағалау кезеңі (пікір)
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар логотипін жасайды.
Мұғалім сөзі:
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. 25 жыл ішінде елдің әл - ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие. Баршаларыңызды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!
Қ. Сарин «Тәуелсіздік» өлеңі. Оқитын: Қиынбаева А.
Үйге тапсырма: «Мен тәуелсіздікті қалай түсінемін?» эссе жазу.
Абдуллина Нұршат Қылышбекқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі