Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Елім деп соғар жүрегім
Тақырып: Елім деп соғар жүрегім
Өзін - өзі тану сабағының жоспары 8 сынып
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: мейірімділік, жақсы көру, құрметтеу
Сабақ мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
- Отанға, туған жерге деген махаббаттың мәнін түсіндіру;
- Отанның жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;
- Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) стикер, плкаттар, түрлі түсті қаламдар, қазақстанның картасы.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастырукезеңi.
Топқа бөлу
Қазақстан
Бірлік
Достық
Тыныштық сәті

2. Үй тапсырмасын тексеру
5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Тыныштық сәті
Барлығымыз денемізді бос ұстап еркін сезінейік. Тынышталамыз. Көзімізді жұмайық. Мен кең байтақ Тәуелсіз Қазақстан жерінде тұрамын. Менің жүрегім елім деп соғады. Мен - патриотпын! Мен елімді, жерімді, ұлтымды сүйемін! Мен отанымды, отбасымды сүйемін! Мен - тілімді, дінімді сүйемін! Мен Қазақстан Республикасының Туын, Гимнді, Елтаңбаны құрметтеймін. Мен үшін аса қымбат осы құндылықтарға деген махаббатыммен мақтана аламын, және сол махаббатымды дәлелдей аламын. Мен өзімді шын патриот санаймын. Мен патриотпын. Осындай Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыныз. Енді осы сезімді жүрегіңізге орналастырыныз. Ақырын көзімізді ашамыз. Рахмет.

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Елімдеп соғар жүрегім!» тақырыбында шығарма жазу.
Ескерту
Мой нур әуені жәймен ойнап тұрады.
релаксация тұрғысындағы әдістемелік тәсіл. Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі «Менін» түсіне алады, өзінің сезімі мен көңіл күйін жақсы сезінеді.

3. Дәйексөз.
Алтын анам, Отаным! Сенен аяр жаным жоқ, сенен іркер күшім жоқ.

М. Әуезов Әуезовтің нақыл сөзімен мұғалім оқушыларды таныстырып, оның мағынасын қалай түсінетіндерін сұрайды
4. Оқиғаларды әңгiмелеу
1. Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?
2. Елің, жерің үшін жасаған азаматтық ерлікке жата ма?
Бүгінгі «Елім деп соғар жүрегім…» атты сабағымызда Отанды, елімізді, туған жерімізді сүйе білуді үйрендік.
«Туған жер», «ел», «Отан» – сөздері баға жетпес құндылығымыз, ең қымбатымыз. Әрқайсымыз ата - бабамыздың кіндік қаны тамған жер ежелгі қоныс, ата мекенімізді қадірлей, қастерлей, бағалай білуге тиіспіз. Себебі туған жер - қасиетті, құдіретті.
Сіздер кең байтақ, Тәуелсіз қазақстанның жас ұландары, көгінде қалықтаған жас қырандарысыңдар.

Мәтінмен жұмыс.
«Елге деген махаббат»
Мәтін бойынша сұрақтар:
- Елге, жерге деген махаббатты немен түсіндірер едіңдер?
- Өздерің елге деген махаббаттарыңды қалай білдіресіңдер?

Мұғалім сөзі: Туған жер, атамекен әр адамның тағдыры. Одан алғаныңды жүрегіңе құя білуің шарт.
Туған жерді сүю, өз еліңе байланып қалу емес. Жер шарының қай түкпірінде жүрсең де туған жер, Отан – біреу. Себебі өзге топырақ, өзге ауа, өзге су оның орнын толтыра алмайтындығын біз бүгінгі сабағымызда білдік.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өмірдің мәнін ұғынады. Адам өз өмірінің сүретшісі екенін түсіну керек.

Оқушылардың ойыларын қорытындылаймын
5. Шығармашылықіс - әрекет, топтық жұмыс.
«Қазақстан» тобы: Қазақстан картасын құрастырып тілектерін жазып постер қорғайды.
Бірлік тобы: Егер әкім болсаңдар елдің гүлденуі үшін не істер едіңдер... Постер қорғау
Достық тобы: Елімізде болып жатқан әділетсіздікті жоямын, елімізді дамытамын.
Сиқырлы кәмпит ойыны
Кәмпиттер ішінде жағдаяттар берілген
1. Шыңғыс әркез азаматтық іс көрсетуге, көмек жасауға дайын тұрады. Оның бұл әрекеті жолдасы Нұрболға ұнамайды.
• Шыңғыс қандай бала?
• Нұрболға қандай кеңес берер едіңдер?
2. Олжас сыныптағы барлық жағдайға жайбарақат, немқұрайды қарайды. Айналасындағы болып жатқан жағдайларға мән бермей, көрседе көрмегендей, үндемей тұра береді...
• Олжастың немқұрайдығының себебі неде?
• Олжастың бойында қандай құндылықтар мен жақсы қасиеттердің болғанын қарар едіңдер?
3. Сынып үшін маңызды іс жасау керек болды. Бірақ балалар бұл іске бірден кірісіп кетпеді. Олар бір - біріне, барлығына, біреуге, әркімге сеніп, солар жасайды деп күтті. Жұмысты ешкім жасамады. Барлығы әйтеуір біреудің жасайтындығына сенді. Бұл жұмысты жасау бәрәнің де қолынан келетін еді. Алайда ешкім жасамады. Балалар бір - біріне ренжиді. Өйткенді жұмыс жасалмады. Біреу жасайды деген үміт ақталмады. Өкініштісі ешкім де жұмыс ітелінбей қалды деп ойламапты. Соңында әр кімнің жасай алатын ісін ешкім жасамағаны үшін барлығы белгісіз біреуді кіналады..
• Осы жағдаяттан қандай қорытынды жасар едіңдер?
Дария жаттығуы
Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларға өз елінің патриотты адамның қандай қасиеттері болу керек екенін жазу.
Тақтадағы ақ қағазға тамшыны кезекпен іледі.
- Балалар, әрқайсысыңның тамшыдай жасаған тамшыларды қосқанда үлкен дарияға айналды. (Дарияны ілемін.) Яғни әр адам өз елінің патриотты болса, гүлденуіне үлесін қосса, біздің елімізде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.

Дәйексөзде айтылған ойдың пысықталуы мақсатында оқушылар жеке тапсырманы дәптерлеріне орындайды.
6. Үй тапсырмасы.
«Елім менің Қазақстан» тақырыбында өлең жолдарын шығару

7. Топпен ән айту.
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырзалиевтің
Әні: Е. Хасанғалиетің

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жәй дауыспен:
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады»
Сабақ барысын талқылау:
Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар аударуы тиіс. Сабақ осылай қорытындалады.

«Сам мектеп - балабақша кешені» КММ
Мамбетова Назгүл Далубековна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама