Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Нәтиже сабақ. Мамандықтар
Сабақтың тақырыбы: «Нәтиже сабақ. Мамандықтар»
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін қорытындылау, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау.
2) Дамытушылық: жеке тұлғаның бойында қисынды ойлау, тапсырмаларды орындай білу қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: оқушылардың барлық мамандық иелерін сыйлай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Бар мамандықтардың адамға қажет екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: карточкалар, суреттер
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, суретпен жұмыс, жұптық жұмыс.
Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі (амандасу, түгендеу)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру (мамандық туралы өлең жатқа айту, мамандық иелері бейнеленген сурет салып келу)

ІІІ Нәтиже сабақ (Мұғалімнің кіріспе сөзі)
Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты мамандықтар модулі бойынша алған білімдерімізді қорытындылап, нәтижелейміз. Бүгінгі сабағымызда мен хабаршы (репортер) болып, мамандықтар туралы хабар жүргізбекпін. Біздің хабарымызға тек 45 минут уақыт берілген. Сонымен, өмірде мамандық түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін көп оқып, еңбектену қажет. Әр адам мүмкіндігінше ұнаған мамандықты таңдап алады. Бүгін 5 «в»сыныбында
«Мамандығым - мақтанышым» атты көрме ұйымдастырылды. Назарларыңызға көрмеден репортаж. (Оқушылар үйден салып келген суреттерін іліп, бейнеленген сурет бойынша әңгімелеп береді. Мысалы: Бұл – дәрігер. Ол адамдарды емдейді.)
ІV Ендігі кезекті «Тілашар» айдарына берейік. Студиямызда «Тілашар» бағдарламасы:
Жазушы – (писатель)
Аспаз - (повар)
Мұғалім (учитель)
Балықшы – (рыбак)
Суретші - (художник)
Наубайшы –(пекарь)
Құрылысшы – (строитель)
Сатушы –( продавец)
Әнші – (певец)
Кітапханашы – (библиотекарь)
(Мен оқимын, оқушылар аудармасын табады)

V Енді «Телекөпір» арқылы бір - бірімізбен сұхбат құрайық.
(Екі оқушының «Дәрігерде» тақырыбына сұхбаты)
Көрермен хаттары. Бүгін хаттар бөліміне сіздерге арнап, көптеген ашық хаттар түскен. Енді осы бөлімнің тілшісіне хаттарды оқып, жауап беруіне көмектесейік.
Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күннің жадысын жазып қойыңдар.
1 - хат: Төмендегі жұрнақтардың көмегімен туынды зат есімдер жасаңыз:
- шы,- ші
Зерттеу, жазу, кен, теңіз, балта, мүсін, жылқы, сәулет, аң, қобыз, тіл, ел, есеп,
орман
2 - хат: Жақшаларды ашып, аударып, оқыңыз.
Менің анам (учитель) емес,(врач). Ауылда (доярки, пекари, полеводы, строители) өте қажет.
(1 - сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп, буын түрін ажырат)
3 - хат: «Мамандық» сөзін тәуелде.
«Мамандықтарымызды» сөзін сөз құрамына талда
4 - хат: Кітаппен жұмыс (104 бет)
1 - тапсырма (сұрақтарға жауап беріңдер)
2 - тапсырма (тест сұрақтарына жауап)
VI Келесі кезекте «Полиглот» (Жауабы үш тілде берілуі тиіс)
• Сания балаларды оқытып жүр.
Оның мамандығы қандай? (мұғалім – учитель – a teacher)
• Салтанат адамдарды емдеп жүр.
Оның мамандығы қандай? (дәрігер – врач - a doctor)
• Алина тіс емдейді.
Оның мамандығы қандай? (тіс дәрігері – стамотолог - a dentist)
• Нуржан сурет салады.
Оның мамандығы қандай? (суретші – художник – an artist)
• Мира ән айтып жүр
Оның мамандығы қандай? (әнші - певица – a singer)

Енді, көрермендер, кезекті жарнамаға берейік:
Мемлекеттік тілді білу парыз,
Мемлекеттік тілді сүю парыз.
Мемлекеттік тілді меңгеру үшін,
«Айгөлек» пен «Балдырғанды» оқу парыз

VІІ Сабақты қорытындылау, бекіту.
Сонымен, көрермендер, бүгін біздер көптегн мамандықтарды қамтыдық. Олардың еңбегі туралы айттық. Сендердің еңбектерің неде?
Әр маман жұмысқа кірерде шартқа отырып, мекеменің заңымен танысады. Біздер де бүгін шартқа отырып, заң қабылдайық.
Оқу оқы, еңбек ет,
Демал,
Досқа бер көмек,
Отанды сүй,
Адал бол,
Өнегелі адам бол! (оқыту, қайталату, аудару)
Бекіту барысында сөзжұмбақ шешу:
1. «Әсем» сөзінің синонимы 5. «Сатушы»сөзінің синонимы
2. «Қара» сөзінің антонимы 6. «Бай» сөзінің антонимы
3. «Ұстаз» сөзінің синонимы 7. «Салқын» сөзінің синонимы
4. «Семіз» сөзінің антонимы 8. «Жаман» сөзінің антонимы

VІІІ Бағалау
(Қ. Бітібаеваның «Өзін – өзі бағалау» тәсілін пайдаландым)
ІХ Үйге тапсырма: Н. Жанаев «Біздің заң» жатқа
Осымен, бүгінгі хабарымызды аяқтаймыз.
Эфирде келесі жүздескенше, қош сау болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама