Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Топтамадағы сабақтар тізімі:
1. Зат есім
2. Өткенді қайталау (математика)
3. С дыбысы мен әрпі


Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Заттың атын білдіретін сөздер ұғымын үйрету.
2. Елестеу арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сөздік қорын байыту сөздік
қорын дамыту.
3. Тұлғаны ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту технологиясы.
Көрнекіліктері: Үлестірмелі парақшалар, суреттер, бағалау парақтары, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын тексеру.(Тірек сызбалар арқылы анықтамаларды айту.)
III. Миға шабуыл. - Менің қолымдағы мына бейнелердің жартысы көрінбей тұр.
- Бұл не болды екен?
Жауабы: жартысы жасырынып тұрған зат есімдерді табу? Түйе, көзілдірік, алма, бүркіт.

VI. Ассоциация құру.
Кім? Не? Кімдер? Нелер?
Жалпы
Негізгі туынды
Жалқы
жекеше көпше

- Қазіргі тапсырмаларды орындау арқылы зат есімнің түрлеріне жеке - жеке тоқталамыз.

V. Оқулықтағы берілген жаттығуларды деңгейлік тапсырмалар арқылы орындау.
I - деңгей. Алгоритмдік тапсырма.
Тақырыбы: Білім.
1. Мәтіннен зат есімдерді тауып, теріп жаз.
Адам баласы пайда болғалы білімге ұмтылып келеді. Білім мен ғылымның арқасында машина, трактор, радио, теледидар, жер серігі, зымырандар дүниеге келді. Өзінен бұрынғы әке, ағалары жасаған ғылымдарды кейінгі ұрпақтың одан әрі дамытуының арқасында, кәзір осындай биікке көтерілдік. Сондықтан білім, ғылымды игерсең еш қор болмайсын.
2. Сөздерді оқы. Осы сөздерден зат есім жаса.
- Ұш, біл, сыз, өшір, жаз, жүз.
II - деңгей. Міндетті деңгей.
1. Осы буындарды пайдаланып үш сөз жаз. - Са,- та,- тұ,- яқ,- яу,- бо.
2. «ға» буынына аяқталған екі буынды сөз. (Зат есім тауып жаз.)
бал ға
ға
ға
ға
ға
ға
ға
III - деңгей. Эвристикалық тапсырма.
3. Төмендегі сөздерге лайықты зат есім ойлап жаз.
- Еңкейген...............
- Еңбектеген............
- Жайнаған..............
- Ербиген.................
- Елпектеген............
- Оқитын......................
- Істейтін......................
- Көретін......................
ІV - деңгей. Шығармашылық тапсырма.
1. Зат есімдерді қатыстырып «Табиғат аясында» тақырыбында әңгіме жаз.
VI. Сабақты қорыту.
VII. Оқушыларды бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама