Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Наурыз ертеңгілігі
«Наурыз» ертеңгілігі
Мақсаты:
Балаларға Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Ұлттық киімдер, ойындар, тағамдар, ою - өрнектер туралы ұғымын кеңейту, бата айтқызып үйреу;
Балалардың ой - өрісін, сөздік қорларын дамыту;
Ұлтымыздың дәстүрін, мерекесін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелеу.

Өту барысы:
- Құрметті ата - аналар, қонақтар! Бүгінгі біздің ұлыстың ұлы күніне арналған «Әз - Наурыз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Ұлыс баршаңызға бақыт, денсаулық, ырыс, береке әкелсін!
Балалар, қане шеңбер болып тұрайық. Қайырлы таң! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын, мен сендерге денсаулық, ашық аспан тілеймін. Әр атқан таңдарың қуанышқа, жылуға толы болсын! Балалар, қане бәріміз шеңбер құрып тұрайық.
Жылулық шеңбері «Көктем келді»
Балалар қимыл - қозғалыс жасай отырып, бәрі бірге айтады.
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай - ау, алақай!
Көктем қандай,
Көктем қандай көңілді! – деп көктем мезгіліне
ризашылықтарын білдіріп, қолдарын шапалақтайды. /Бұл уақытта барлығы «Ду қол» шапалақтайды/.
- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Төрт.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айларын атаңдаршы.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
- Көктемде қандай мейрамдар бар?
- Аналар мен Наурыз мейрамы.
- Жарайсыңдар, балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.
Наурыз – бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін мереке. Олай болса кезекті балаларға берейік.

Альбина: Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық.
Думандатып бақшамда,
Наурыз тойын тойлайық!
Эльнара: Наурыз тойың наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық.
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Саят: Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім, өнер серік блсын.
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Ән: «Апатайым - анашым».
Би: «Қамажай».
Ән: «Балапан».
Анар: Наурыз дәстүрім деп,
Адамдар ән салады.
Наурыз тойын еліміз,
Қуана қарсы алады.
Қайсар: Жақсы ма, хәліңіз?
Менің атым Наурыз.
Балдай тәтті сары уыз,
Алып келдім, алыңыз.
Жансая: Ата - бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызығына тоймаған,
Дархан дала қарлы шың.
Ернар: Наурыз, наурыз, жыл басы,
Жасыл көктем құрдасы,
Төл мереке, кел мереке.
Нұрай: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді.
Ән: «Анашым» - Әсем.
Би: «Қара жорға» /Нұртас - Әсем, Әлшер – Жансая, Ернар - Нұрай/
«Жай және жылдам» сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай, жай, жай! Міне, былай!
Шапалақта қолыңды.
Тез - тез - тез! Тез - тез - тез!
Алға қарай адымда,
Жай, жай, жай! Міне, былай!
Жолыңнан еш жаңылма,
Тез - тез - тез! Тез - тез - тез!
- Наурыз - ән - күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері бір - біріне қошемет көрсетіп, тартуын таратады. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Осы күнге байланысты наурыз көже, наурыз бата, наурыз жұмбақ, наурыз тілек, наурыз көк сияқты жөн - жоралғылар бар.
Ортаға әжелер шығып, құттықтау сөз сөйлейді. Наурыз жөн - жоралғылары жөнінде қысқаша балаларға түсінік беріп өтеді.
1 - әже: Наурыз айы – шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда күн мен түн теңеледі, сол себепті наурыз жыл басы болып саналады.
2 - әже: Наурыз тойында – үлкен болсын, кіші болсын мейрамға келіп, көңілді ойын – сауықтарға қатысады. Тойда ат жарыс, палуан күрес, айтыс, түрлі ойындар ұйымдастырылады.
3 - әже: Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр үй жеті түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжеге сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы басқа тағамдарды қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.
4 - әже: Наурыз көк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш келгенде «Наурыз көгім келдің бе?» - деп шақырып, жем шашады.
5 - әже: Халықта батаның түрлері көп, соның бірі – Наурыз бата. Мұнда наурыз той өткізгендерге, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, жас талапкерлерге үлкендер бата береді.
- Рахмет, сіздерге әжелер!
Ән: «Қазақтың дастарханы»
- Бүгінгі наурыз тойында әжелеріміз бесікке салу рәсімін көрсетеді, бәріміз тамашалайық.
- Енді қазақтың ұлттық ойындарына кезек берейік.
Ойын: «Күш сынаспақ».
Ойын: «Арқан тартыс».
- Қанекей, балалар, ақ дастарханға отырайық.
Сонымен, қорыта келгенде, әдепті, сыпайылықты, кішіпейілділікті біз бойымызға ана сүтімен дарытады екенбіз.
Одан кейін мектеп, өскен ортадан үйренеміз.
Күн мен айға әлемнің,
Бердің ыстық сәлемін.
Үлкендерге сүйеніп,
Сәлем бердік иіліп,
Орындалды ойларың,
Құтты болсын бүгінгі
Наурыз атты тойларың, - деп бүгінгі тойға келгендерден бата сұрайық.

Бата беру.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейін!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Құт әкелсін жеріме
Бейбітшілік елде боп,
Бақ - дәулет қонсын еліме.
Балалар ақылды болып,
Елін - жерін қорғасын
Әумин!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама