Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Желтоқсан желі
Тақырыбы: «Желтоқсан желі» Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

І тәрбиеші: Сенде арманда едің - ау, менде арманда,
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адаспаймыз, сап тарап ормандарда.

ІІ тәрбиеші: Аспан түсті туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз ел біледі.
Ән ұран да, Елтаңба - өзімдікі,
Тәуелсіз, егеменді елміз енді.
Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік,
Мәртебеміз биікте болар ма едік?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ма едік?!

Тәрбиеші: 1986 жыл, 16 желтоқсан. Осы күні еліміздің Тәуелсіздігін сұраған бір топ жас алаңға шықты.
Балалар хормен: «Қазақстан жасасын!», «Тәуелсіз елім жасасын!», «Елімізге егемендік берілсін!»- деген ұранмен шығады. Қолдарында ұран жазылған лозунгтар. Оларды қарулы жасақтар (Бекнұр мен Санжар (Рамазанды), (Саша мен Аман(Қызғалдақты алып кетеді).

1. Рамазан:
Қазақ деген затым бар,
Қайрат деген атым бар.
Еркек тоқты құрбандық,
Атам десен, атыңдар!
Атам десең атыңдар!

Тәрбиеші: Жастардың тілегі орындалып, еліміз Тәуелсіздік алды. Аллаға шүкір бейбіт өмір кешуде. Желтоқсанның сол ызғарлы күндерін еске алып, жастарымыз былай дейді:
2. Санжар:
Сол күндерді есіме мен көп алам,
Желтоқсанның 17 - і топ алаң.
Ешкімнің де түсіне кірмеген,
Басталды бір у - шу зобалаң.
Елім менің Тәуелсіздік көкседі,
Жүрегінде үміт оты өшпеді.
Орындалды көптен күткен тілегі,
Тәуелсізбіз, егеменді ел енді!
3. Жансая:
Ән ұраным, жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика ән ұраны!

Хор: «Ән ұран!»

4. Қызғалдақ:
Желтоқсанның ызғары - ай,
Кірпікке қатқан мұздары - ай.
Елім - ай деп егілген,
Ұлдары мен қыздары - ай!
5. Қайсар:
Көк аспандай тулайтын,
Желтоқсанның күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл.

6. Әділ: Мереке бүгін бақ күні,
Егеменді елімнің.
Желбірейді көк туы,
Түсіндей боп көгімнің.
6. Дәурен:
Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азаттық елдің ұлымын,
Теңескен төбесі көкпенен.
7. Бекнұр:
Менде адаммын, жаралған ет сүйектен,
Арым бар, намысым бар жан тербеткен.
Қазақтың қарапайым бір ұлымын,
Жанын да ары үшін құрбан еткен.

Хор: «Желтоқсан желі»

8. Ардақ:
Көк майсалы жерім менің,
Егеменді елім менің.
Бас имеймін ешкімге,
Тәуелсізбін мен бүгін.
9. Інжу:
Егемен болмай ел болмас,
Етек - жеңі кем болмас.
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.

10. Саша:
Великую землю,
Любимую землю.
Где мой родились и живем,
Мы родиной светлый.
Мы родиной милый.
Мы родиной нашей завем!
11. Айназ:
Өзімдікі елім де,
Өзімдікі жерім де.
Би - билейтін күн бүгін,
Тәуелсіздік төрінде.

«Қазақ биі» - (Әлихан, Әділ, Жансая, Ардақ)

12. Еркенұр:
Өзімдікі туымда,
От пен ауа суымда.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында!
13. Дильназ:
Жасасын жаса, азат күн,
Жасасын бейбіт ел мен жер.
Бостандық алған қазақтың,
Мәртебесін көрсін ел.
14. Бақыт:
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз,
Қайта келді еліме.

15. Алдияр:
Тәуелсіздік туымыз,
Тәуелсіздік сырымыз.
Арналады тек саған,
Ән менен күй жырымыз.

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

16. Әлихан:
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем.

17. Айсұлтан:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Әрқашан, әрқашан,
Көк байрағым желбіресін.

Жеке ән: «Тәуелсіз Қазақстан!» Жансая.
18. Аман:
Қазақстан елім менің,
Саған ешбір жер жетпейді.
Біз тұрғанда шекарадан,
Ешқандай жау өтпейді.

19. Нұрғиса:
Тақпақ айтып, ән айтып,
Жырлайықшы бүгін біз.
Тәуелсіздік төрінде,
Билейікші бүгін біз.

Тәрбиеші: Егеменді ел болып, Тәуелсіздік алған мерекемізді құттықтап қуанышымызды бөлісуге бауырлас өзбек жерінен өзбек қыздары (Айназ, Ардақ) келіпті. Олар өздерінің «Өзбек» билерін сыйға тартады.

Жеке ән: «Атамекен»
(Санжар, Рамазан, Бекнұр, Аман, Әлихан, Айсұлтан)

Хор: «Ел қорғауға әзірміз!»
«Ақ көгершін» әнімен көгершіндер (Дильназ, Қызғалдақ, Інжу) жүрекшелерді ұстап кіреді, билейді. Жүрекшелерін қонақтарға сыйлайды.

Тәрбиеші: Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы Сіздерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймыз. Елімізге тыныштық, отбастарыңызға аманшылық, бүлдіршіндерімізге бақытты болашақ тілейміз.
Біздің бейбітшіліктің ақ көгершіндері сыйлаған Бақыт, шаттық, жақсылық, имандылық, қуаныш сіздермен мәңгі жолдас болсын!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама