Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Не үшін керектігі жайында ойланып бас қатырмаған 19 үйреншікті нәрсе

Арқақаптағы ромб және тұмшапеш астындағы жәшік секілді күнде көріп жүрген заттардың да сіз ойлап көрмеген функциялары бар.  

Күн сайын пайдаланып жүрген үйреншікті заттар сюрприздерге тұнып тұр. Біз олар жайында бәрін білеміз деп ойлаймыз, алайда ол ойымыз қате. Бүгін біз күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген заттарға қатысты ең тосын айғақтарды топтастырдық.   

1. Азиялық фаст-фуд салынатын қораптар

Әрине, қолды икемге келтіріп, таяқтармен кеспені немесе күрішті қораптың бұрыш-бұрышынан алып жеуге болады, бірақ ол қорапты жайып жіберсе, одан тамақты алып жеуге әлдеқайда ыңғайлы болатын тақсы (тарелка) пайда болады.  

2. Сымға орнатылған цилиндр

Бұл электр тізбектеріндегі жоғары жиілікті бөгеуілдерді басып азайтатын феррит фильтр. Осының арқасында цифрлық сигналдың сапасы жақсарады. Айтпақшы, бұл фильтрлер алынбалы да болып жасалады.  

3. Көйлек жағасының артқы жағына қадалатын түйме

Бұл түйме тағылған галстук жағадан шығып тұрмауы үшін қажет. Соңғы кездері бұндай жейделер көп шығарылмай жүр, өйткені осы түйменің астына сыйып тұратын енсіз галстуктар баяғыда сәннен қалған. Қазіргі кезде бұндай түймелер таза декоративтік функцияны атқарады.  

4. Шарап шөлмектерінің түп жағындағы ойдым

Шөлмектің аузын тығынмен жауып бекіткен кезде оның бүйірі мен түбінде күшті қысым пайда болады. Түптегі ойдым қысымды шөлмектің ішіне біркелкі түсіреді де, соның арқасында шөлмек жарылып кетпейді. Айтпақшы, көбікті шараптар құйылатын шөлмектердің түбіндегі ойдым басқа шарап шөлмектеріндегіден үлкенірек болып келеді.  

5. Жейденің жоғарғы түймесі салынатын көлденең тілінген түймекөз (ілгек)  

Неге жейденің түймелік жолағындағы түймекөздердің барлығы тігінен тілінген де, ал жоғарғысы көлденең тілінген? Жауабы оп-оңай: осы тұста жейденің түймесі жиі-жиі ағытылып кете береді. Түйменің тік түймекөзбен салыстырғанда көлденең түймекөзден ағытылып кетуі қиынырақ.    

6. Кроссовканың бау өткізілетін қосымша саңылаулары

Оларды пайдаланатындар аз, бірақ олардың бұнысы бекер: осы саңылаулардың арқасында кроссовка аяққа ойдағыдай киіліп, спортпен шұғылдану кезінде өкшеңізді қажап тастамайды.  

7. Кеданың бүйір тұсындағы тесіктер

«Желдетіп тұру үшін» дейтін айдан анық жауаптан бөлек басқа да нұсқасы бар. Бар гәп Converse All Stars аяқ киімдері ең басында баскетболшыларға арнап шығарылғандығында. Кеданың осы қосымша тесіктерінен де бау өтіп байланатын. Соның арқасында аяқ киім аяқта нық тұратын.   

8. Спагеттиге арналған қасықтағы саңылау

Қанша спагеттиді пісіру керектігін ойлап бас қатырмауыңыз үшін осы саңылау жасалған. Саңылауға сыйғаны — бір адамға арналған стандартты порция.  

9. Шөміш (ожау) тұтқасындағы ойық

Ол ойық сізге шөмішті іліп қою үшін ғана қажет емес. Бұл ойықты сіз пісіріп жатқан тамақты араластыратын қасықты ұстап тұрғыш ретінде де пайдалануға болады.  

10. Шарлы қаламның қалпағындағы саңылау

Балалар не болса соны аузына сала береді, ал шарлы қаламдарды кеміріп-қажағанды мектеп жасындағылар да жақсы көреді. Егер бала байқаусызда қалпақты жұтып қойып, ол тыныстау жолдарында тұрып қалса, бұл кішкентай ғана саңылаудан ауа өтіп, сәби дем ала береді.

11. Көліктің аспап-құралдар панеліндегі жанармай белгісі жанындағы нұсқама

Бұл бір кемеңгер адамның ойлап тапқан амалы, ол, өкінішке орай, көліктердің біразында жоқ. Нұсқама жанармай багының аузы көліктің қай жағында екенін көрсетіп тұрады. Жалға алған көлікке жанармай құятын кезде өте қажет.

12. Мұзкәмпит таяқшасының ұшындағы саңылау

Бұл жерде ол таза технологиялық тұрғыда қажет болып тұр: кішкентай тесік мұзкәмпиттің пластик таяқшадан түсіп қалмауы үшін жасалады. Кішкентай түтікті әлі сұйық шәрбатқа батырған кезде, шәрбат сол саңылауға ағып кіреді де, қатқан соң кәмпитті түспейтіндей етіп ұстап қалады.

13. Арқақаптағы тіліктері бар квадрат жапсырма

Бас кезінде бұндай жапсырмалар тек туристік арқақаптарда болды: тіліктерден арқан, мылтық өткізіліп қоятын. Қалалық арқақаптарға олар тек әдемілік үшін ғана тігіледі.    

14. Шалбардың қыры

Қазір ол классикалық шалбарлардың міндетті атрибутына айналды, бірақ оны ешкім әдейілеп ойлап тапқан жоқ. XIX ғасырда киім тігумен айналысатын көптеген кәсіпорындар өнімдерін экспортқа шығаратын еді. Тасымалдаған кезде жүк мейлінше аз орын алуы үшін шалбарларды жөнелту алдында нығыздап тастайтын. Осының нәтижесінде балаққа қыр түсіп қалып, одан арылу қиынның қиыны болды. Бұған көнуден басқа амал қалмады.  

15. Бас киімдердегі шашақ

Күлкілі үлпілдек шарлар XVIII ғасырда кемелердегі орынжайлардың аласа төбелеріне және дөңес, шығыңқы заттарға басын ұра беріп, зәрезап болған француз теңізшілерінің тақияларында пайда болды. Кейінірек әр түрлі пішім мен түстегі шашақтар көптеген әскери бас киімдерге де тігіле бастады. Сол шарлар арқылы олардың иелері қандай әскер түріне жататынын ажыратуға болатын болды.    

16. Кеңсе пышағының артқы жағындағы бітеуіш

Кеңсе пышағының жүзі мұқалған секцияларын сындырып алып тастаудың бірнеше тәсілі бар. Бұны, қолды кесіп ала жаздап, қолыңызбен сындырып көруге болады, кемпірауызды пайдалануға болады, не болмаса, пышақтың өзін мұқият шолып шығуға болады. Оның сабының артқы жағында шығарып, пышақ жүзінің қажетсіз болып қалған секциясына салып, оны сындырып тастауға болатын бітеуіш бар.   

17. Рулетканың тақалағындағы саңылау

Ол адамның жалғыз өзі ұзын кесінділерді өлшей алуы үшін қажет. Кесіндінің бас жағына бұрашеге бұралып кіргізіледі де, оған тақалақтағы саңылау арқылы рулетканың ұшы ілінеді. Ал ісмер кісі қажетті ұзындықты өлшеп алады.

18. Heinz кетчубінің орамасындағы 57 саны

Бұл сан Heinz компаниясының жарнамалық ұранының бір бөлігі (57 түрі бар) болуынан бөлек, құтыға жазылған бұл саннан практикалық пайда да бар. Егер кетчуп ақпай жатса, алақаныңызбен 57 санын бір-екі рет ұрып қалыңыз.  

19. Тұмшапеш астындағы жәшік

Күнделікті жағдайда ол жерде табалар тұрады. Алайда, шындығында, бұл жәшік «жылытушы» деп аталады. Басында ол, тұмшапеште тағы бір тағам пісіп жатқанда, даяр тұрған тағамдар суып қалмауы немесе ысытылуы үшін ойластырылған.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама