Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ө дыбысы мен әрпі
Тақырыбы: Ө дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Балаларды Ө дыбысы мен әрпіне таныстыру.
Ө дыбысының сөздегі орнын ажырату. Сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін, топпен жұмыс жасауға, ой - өрісін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, теледидар, өз бетімен жұмыс жасау, оқу, жазу, айна.
Оқыту технологиясы: Тәй - тәй технологиясы.

Шаттық шеңбері.
Таңертең көбелек оянды, тартылды.
Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды.
Аз ғана айналып, қонақтарға күлімдеп.
Сәлеметсіз бе! – деп
Қайта гүліне оралды.

Қайталау – білім анасы»
Дыбыс дегеніміз не?
• Әріп дегеніміз не?
• Дыбыстар неше топқа бөлінеді?
• Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
• Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
• Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? (З дыбысы мен әрпі)
• З дыбысы қандай дыбыс?
• З дыбысы сөздің қай жерінде келеді?
- Қандай дыбыс?
- Жаңылтпаш:
Зауза ұшады зыңылдап, Зымыранша зырылдап.
- Ойын: «Сөз ойла тез ойла»

Ғажайып сәт: Есік қағылады. Есік сыртында қорапша тұрады. Қорапша ішінде хат бар. Хатты алып оқу.
«Ғажайып ауыл» саяхатқа шығу.
- Балалар бүгін «Ғажайып ауылға» сапар шегеміз
- Саяхатта біз өзен, тау, далаға кездесеміз. Олар туралы білетінін сұрау.

1. Өзеннің тапсырмасы:
Жұмбақтар:
Тұяқпен тас атқылап,
Таудан түсті шапқылап. (өзен)
Сарғайып отсыз піседі,
Үзіліп жерге түседі. (өрік)
- өзен, өрік сөздерінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
Ө дыбысының артикуляциясын меңгерту, әріпті таныту. Аузымызды дөңгелек етіп алға созамыз, тіліміз ашық, тілімізді төмен түсіріп артқа тартамыз. Айнаға қаратып айтқызу.
Ө жіңішке дауысты дыбыс.
Сөздер ойлату. Көбінесе сөздің бірінші буынында кездеседі. Сөздің басында, ортасында болады. Баспа және жазбаша әріп таңбасын салыстырып көрсету.
- Ө әрпі қай әріпке ұқсайды. О әрпіне қандай айырмашылығы бар?

«Сиқырлы шарлар» ойыны. Шарлардағы буынды хормен оқыту, сөз шығару.
Сергіту сәті.
Отырып - ақ орнымда
Өзенді де кешемін.
Сен білмесең, егерде
Былай ескек есемін.
Есемін, есемін,
Үлкен болып өсемін.
- Өзеннен өтіп енді қайда келдік? (тауға). Таудан өту үшін біз орталықтарға бөлінуіміз керек.
Орталықтарға бөліну: Кітап орталығы:
2. Таудың тапсырмалары: Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы суретті атап, өрмекші сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Бағандағы сөздерді буындап оқуға үйрету.
1. Хормен оқу
2. Тіл ұстарту жаттығуы.
Өс - өс - өс
Құстар бізге дос
3. Ө әрпінің бас және кіші түрін ауада, тақтада жазу. Үлгі бойынша бастырып жазу.
Ойын: « Кім жылдам?»
О - Ө дыбысының орнын ауыстырып оқу.
Соз - сөз тор - төр
Қол – көп от - өт
Жон – жөн он - өн
Өнер орталығы: Гүлденген өрік ағашының суретін салу. Мақталы таяқшамен сурет салғызу.
Белгі бойынша орталықтардан жиналу.
- Сөйтіп біз білімділігіміздің арқасында таудан да өттік. Енді біздер қайда келдік? (дала)
Ө дыбысы мен әрпі жүктеу
Ө дыбысы мен әрпін қайталау слайд жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама