Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)
Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі (баяндама)

Оқушылардың коммуникативтік қабілетін дамыту мақсатында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қандай болса, ол өскенде жұмыста сондай адам болады.
А. С. Макаренко
Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс - тәсілдер түрі ерекше орын алады.

Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Ойын кезінде кез келген адамның, әсіресе жас өспірімдердің қабілеттері толығымен байқалады. Ойын – ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ түрі. Ойын – қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Осы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл – ой әрекеттерін дамытады. Егер оқушылар онымен қатар шет тілінде сөйлессе, онда ойын олар үшін өте бай оқыту мүмкіндіктерін ашады. Ойын - сауық және демалыс түріндегі ойын оқушылардың ара - қатынас үлгісіне, шығармашылыққа, оқытуға үйретеді.

Адамзат қоғамның тарихында ойын сиқырмен және табынумен байланыстырылған.
Ежелгі әлемнің өзінде де ойын оқытудың бір түрі ретінде қолданылған. Алайда орта ғасырларда пайда болған авторитарлық білім беру жүйесі рационалды дидактикаға сүйенгендіктен біртіндеп оқыту – қажеттіліктен туатын ауыр еңбек деген ой қалыптасқан.
«Дидактикалық ойын сөзі» оқыту үшін арналған арнайы ойындар деген түсінікті алғаш рет Ф. Фребель және М. Монтессори енгізген. ХХ ғасырдың ортасынан 1970 жылдарға дейін шет тілі сабақтарында оқытудың грамматикалық аударма әдістері белең алған.
Оның мақсаты – грамматиканы оқып үйрету арқылы шетел тіліндегі мәтіндерді түсіну және оқу болған. Кейін оқытудың коммуникативтік әдістері пайда бола бастады. Оқытудың ойын әдісінің психо - педагогикалық негізі ойын әрекеттері болып табылады. Оқытудың ойын әдістері мотивацияның әр түрлі тәсілдерін қолданылады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама