Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Авторлық бағдарлам: Компьютерлік графика
Түсінік хат

ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Олай болса, Қазақстан білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Қазақстанда жалпы білім беру жүйесін ақпараттандыру ақпараттық қоғамның қалыптасуы жағдайында қоғамдық маңызға ие болып отыр. Білім беру жүйесі тәжірибесінде қалыптасқан жағдайларға жасалған талдаулар – жалпы білім беру жүйесін ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, рухани және мәдени құндылықтармен біртұтас қарастыра отырып, ақпараттық қоғамдағы өзгерістерге сай түбегейлі қайта қарауды қажет етуде.
Қазіргі кездегі білім беруді ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқудың озық технологияларын, информатикадан білім негіздерін оқыту процесіне енгізу орта білім беру жүйесін ақпараттандыру негізі болып табылады.
Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым – қатынасын үйлесімді етудегі және ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық технологияны қалыптастырудағы, сондай - ақ оның әлемнің жүйелік - ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі. Информатиканың мектепке енуі сонымен бірге педагогикалық ғылымдардың парадигмалық және методологиялық өзгерістерін талап ететін қазіргі ақпараттық қоғамға сәйкес келіп отыр. Олай болса, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізі – информатика курсының мазмұнын өзгерту болады. Сондықтан информатиканың мамандыққа баулу курсының мазмұнын ақпараттық қоғам жағдайында анықтау негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Ақпараттық қоғам жағдайында қызмет ету салаларының барлық түрін ақпараттандыру – бүгінгі күннің негізгі талабына айналып отыр. Ал бұл талапты қанағаттандыру үшін мамандарды осы бағытта дайындау қажеттігі туындайды. Сондықтан аталған қажеттілікті шешу барысында ақпараттық қоғамға қандай мамандар дайындау мақсатында оқу бағдарламасын, оқу - әдістемелік кешендері, электронды оқулығы мен қолданбалы программалық құралдары жасақталған.
Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, web – дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және т. б. мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстан өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Компьютерлік графиканы білмей қандай да болмасын құжатты безендіру өте қиын. Сондықтан, графикаға арналған бағдарламаларды білу өте қажет. Қазіргі кезде компьютерлік графикаға байланысты кәсіби мамандықтар талап етілетіні белгілі және де ондай кәсіпті таңдаған азаматтар графикамен жұмыс жасайтын бағдарламаларды бесаспап білуі тиіс. Сонда ғана бәсекеге қабілетті қоғамда өмір сүру мүмкіндігі туады.
Бағдарламаны оқыту барысында білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттар кешенді түрде іске асырылуын қадағалау нақты міндет болып табылады.
Сондықтан да осы ұсынылып отырған бағдарлама компьютерлік графикамен ұштастыра отырып кәсіби мамандыққа баулуға көмегін тигізері сөзсіз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама