Орман патшалығы (Қысқы аңдар өмірі)
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Орман патшалығы» (Қысқы аңдар өмірі).
Мақсаты:
Білімділік: Қыс мезгілінің құбылыстары мен қыс табиғатының ерекшеліктері туралы білімдерін нығайту, балаларды жабайы аңдардың қыс
қы өмірімен таныстыру, өмір сүру жағдайлары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру.
Қойылған сұрақтарға толық жауап беруін қалыптастыру, байланыстырып сөйлеуін жетілдіру, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыру, Тілін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту, қоршаған әлемге, тіршіліктің бәріне мейіріммен қарауға тәрбиелеу. Оларды қорғай білуге тәрбиелеу.
Оқу қызметі қарым - қатынасы арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: «Қысқы орман» картинасы, жабайы аңдардың суреттері.
Кубик, костюмдер.
Әдіс - тәсілдер: «Кубизм» стратегиясы: кубиктің қырларына жабайы аңдар суреттерін қою арқылы, кубикті лақтырып, сол аң туралы тақпақ айтқызу.
Мнемо техника арқылы «қысқы орман» өлеңін оқып беру Жаңа сөздер: аюдың апаны, мүлгиді, сілкініп қояды, күртік қар.
Билингвальды компонент: Қыс - зима, орман - лес, қасқыр - волк, қоян - заяц, түлкі - лиса, аю - медведь.
Алдын - ала жұмыс: (аңдар туралы тақпақтар үйрету) Өлеңді мәнерлеп оқып беру, суретпен әңгіме, сұрақтар қою. Жұмбақтар шешу, тақпақтар айту, жаңылтпаштар айту, жабайы аңдар туралы тақпақтарды пысықтау, халық болжамдарын айту.
Мотивациялық – қозғаушылық
Балалар саз залына кіріп, қонақтармен үш тілде амандасады.
Жылулық шеңбері:
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Алақанға салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық
Жиналған жылы шуақты,
Қонақтарға шашайық.
Ұйымдастырушылық - ізденушілік
Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?
- Дұрыс айтасыңдар, қыс айларын атап беріңдерші?
- Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар болады?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар айналаның бәрін ақ қар басады. Жерді, тауды, тасты, орманды бәрін қалың қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ көрпеге оранғандай болады. Қысқы орманның, балалар, ауасы таза, табиғаты тамаша болады.
Мен қазір сіздерге «Қысқы орман» туралы өлең оқып берейін: (мнемо техника арқылы түсіндіру)
«Қысқы орман»
Қалғиды қысқы орман,
Мүлгиді қысқы орман,
Айырылып қалған соң,
Жаздағы құстардан,
Ақ желек жамылып,
Көк моншақ тағынып,
Ұйықтайды қысқы орман,
Көктемді сағынып,
Аюы, қояны ұйқыға тояды,
Жел тұрса қысқы орман
Сілкініп қояды.
Сөздік жұмыс:
Мүлгиді – ұйықтайды.
Сілкініп қояды – жел тұрғанда ағаштардың басы қозғалып, басындағы қарлар жерге түседі.
- Міне, балалар өлеңде не туралы айтылып тұр екен? Дұрыс айтасыңдар қысқы орман туралы, аңдары туралы айтылып тұр екен.
Ал енді балалар қысқы орман туралы сурет қарайық, (слайд арқылы көрсету) нелерді көріп тұрмыз, қане кім әңгімелеп береді? Балалар ортаға шығып көргендерін әңгімелеп айтып береді. Орманда ағаштар өте көп. Қар бәрін басып тастады.
Ақ қоян қардың үстімен жүгіреді. Тиін ағашта секіріп жүр.
Жеке жұмыс: Қажетінше балаларға байланыстырып сөйлеуге демеу беру.
Балалар мына суретте жабайы аңдарды көріп тұрсыңдар, ал жабайы аңдар қандай аңдар?
- Жабайы аңдардың тіршілігі қыста қиындау болады. Тоңады, ашығады. Қыста қоянның түсі ақ болады. Ақ қарда қоянды байқау өте қиын, ол қорғаныш қызметін атқарады. Түлкіде қардың астынан тышқан іздейді, өтірік өлген болып, қулығын асырады. Ал, қасқыр ет іздеп жорытады. Ал аю болса, жаз бойына жинаған майынан қорек алып, қыс бойына ұйқыға кетеді. Кірпі болса, күндіз ұйықтап, түнде қорегін аулауға шығады. Кірпі өте сақ, өзіне қауіп төнсе домалана қалады. Ал, кішкентай тиіндер ағаштан - ағашқа секіріп тыным таппайды. Құйрықтары ұзын, жүндері үлпілдек. Адамға бауырмал, оған қолыңмен нан ұсынсаң, ол төменге түсіп алады.
- ал, енді мына кубикті лақтыру арқылы аңдар туралы тақпақ айтайық.
«Тиінмін». Айсезім
Мен тиінмін, тиінмін.
Қысқа жылы киіндім,
Қоймам толы жаңғаққа
Іші жылы үйімнің.
«Ақ қоян» Айкөркем
Ақ қоян - ау, аққоян,
Ұзын құлақ, сақ қоян,
Қаша берсең, орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.
«Қу түлкі» Ару
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қанша қулығыңды асырсаң да,
Қасқырдан сен құтылмайсың.
«Қасқыр» Әлішер
Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Малды ауылды ториды.
«Аю» Аблай
Кезген ішін орманның
Мен аюмын қорбаңмын
Қалың нудан бал таңдап
Жүремін мен балпаңдап.
«тышқан» Абдрахман
Өзің егін екпейсің
Егістен ұзап кетпейсің
Мысық қуса жеткізбей
Ініңе кіріп кетесің.
- Балалар, біз манадан бері қысқы орман туралы айтып жатырмыз. Ал сендер «орман патшалығына» саяхатқа барғыларың келеді ма?
Ендеше, орнымыздан тұрып, көзімізді жұмып, мен 3-ке дейін санағанша орнымызда айналайық.
- Кәне, көзімізді ашайық. Балалар, міне орман патшалығына да келдік.
(ақырған жолбарыстың даусы естіледі)
- Ой, балалар, мұнда не болып жатыр екен? (алдынан жолбарыс шығады) балалармен амандасады.
- Менің патшалығымда шулап жүргендерің қалай, орман аңдарын шошыттыңдар ғой.
Енді оларды қалай табамыз, бәрі тығылып қалды.
- Балалар, біздер аңдарды көруге келдік қой, олай болса тығылған аңдарды табуға көмектесейік, көмектесеміз ба?
Дидактикалық ойын:
«Танып ал, атын айт»
шарты: балалар аңды танып, қандай аң екенін айтып беруі керек.
Танылған аңдар ортаға шыға береді.
Жолбарыс:
- Ал, аңдар бәріңнің бастарың қосылып жиналып қалыпсыңдар, енді менің сөзіме құлақ салыңдар. Мына орман патшалығы өте үлкен, сондықтан өзіме көмекші сайламақшымын. Бірақ бір шартым бар.
Мына отта қайнап тұрған ыстық суды кім ішсе, сол аң маған көмекші болады.
- Ал, аю, мүмкін сен бастарсың.
Барлық аңдар бас тартады. Кезек қоянға келгенде ол тапқырлығының арқасында жолбарысқа көмекші болып тағайындалды.
- Міне көрдіңдер ме балалар, қоян қандай ақылды.
- ал, балалар, енді барлығымыз орнымыздан тұрып, бойымызды бір сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Біз орманға барамыз,
Жан - жағымызға қараймыз.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балалар,
Өз орныңды табыңдар.
- Енді біздің балабақшаға қайтатын уақытымыз да болды. Жолбарыс досымызға рахмет айтып, кері қайтайық. Бәріміз көзімізді жұмып, мен үш санағанша орнымызда тұрып айналамыз.
- Балалар, біздің дана халқымыз табиғаттағы әрбір құбылыстарға қарап отырып, ауа райын болжап білген. Ал, сендер қандай болжамдарды білесіңдер?
- Ал енді жаңылтпаштар айтып үйренейік.
Жаңылтпаштар айтып үйрену. 1. Түлкі айлалы аң, айлалы аңға айла пайдалан.
2. Қыста суық түсті, құлағым үсті, үсті.
3. Мұз – тұз, тұз - мұз, бәріде тұз бен мұз.
Атырау қаласының
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі
Аманиязова Заря Сисенғалиқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.