Әкем, анам және мен отбасылық сайысы
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық сайысы
Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Ата - аналар мен балалары арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу..
Көрнекі құралдар: кегли, секіргіш, фитбол добы, карзеңке жемістермен.
Өту барысы:
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ата - аналар, апайлар, балалар! Армысыздар, қонақтар! «Жанұя - қорғаным, ата - ана – тірегім» дегендей «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысына қош келдіңіздер!
«Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын - сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің балабақшамызда ересек топтар арасында өткелі отыр.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға,
Болмасада ұқсап бақ
Жарысқа түсіп қалайда.
Ал ендігі кезек ойыншыларымызды ортаға шақырайық
Әр таңды бақытпенен аттырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Бейбарыс» тобын ортаға шақырамыз.
Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Қыран тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.
Ұстанған салауатты өмір салтын
Жасқанып ешқашанда мойымайтын
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық «Тұлпар» тобын.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер
Сайысты бастамас бұрын қара қылды қақ жаратын әділ – қазылар алқасымен таныс болайық.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру;
2. Таңертеңгілік жаттығу.
3. Кедергілер арасымен жүгіру
4. Жеміс жинау.
5. Кім епті.
6. Метро.
7. Тасымалда.
- Құрметті сайыскерлер! Сіздерге тек сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз!
І кезең - Таныстыру
Бейбарыс тобы топтың ұраны:
Жеңістерге бет алдық
Спортта сұлтан атандық
Жетсін деп топ мақсатқа
Бейбарыс деп атадық
Бейбарыс тобы алға, алға
«Қыран»тобының ұраны:
Қыран тобы алға биіктерге самға
Толағайда топ жарып жеңістерді
Жалға алға, алға, алға
Тұлпар тобының ұраны:
Тұлпар болып самғаймыз,
Жарыстан еш қалмаймыз.
ІІ кезең: Әр команда таңертеңгілік жаттығулар көрсетеді.
Қалыспа, дайындал, алға!
ІІІ кезең «Кедергілер арасынан өту»
Шарты: Әр отбасындағы әкелері допты тебу арқылы әрбір кедергілер арасынан өтіп, келесі кезекті аналарына береді. Олар скакалкамен жүгіріп, келесі ойыншы фидбол добымен секіріп командасына оралады. Тапсырманы орындағын топ өз тобының жалаушаларын көтереді.
Қалыспа, дайындал, алға!
IV кезең. «Жеміс жинау»
Шарты: Топтағы бірінші ойыншы әрбір кедергінің жанына корзинкаларды қойып шығады, келесі ойыншы алмаларды сол корзинкаға салады, баласы жинап шығады. Тапсырманы орындаған топ өз тобының жалаушаларын көтереді.
Қалыспа, дайындал, алға!
V кезең: « Кім епті»
Әр топтағы ойыншылары бірінші әкелері тенис шарымен ракеткамен жоғары согып кедергілер арқылы командаға қайта оралу. Аналары касықпен тенис добын еденге түсіріп алмай командасына жеткізеді. Балалары самакатпен кедергілерден өтіп келеді. әрі тез болған команда жалаушаларын көтереді.
Қалыспа, дайындал, алға!
VI кезең: «Метро» Тунель арасымен өтіп, кругты бастан төмен өткізіп, есеп шығарады.. Қалғандары да дәл солай қайталайды.
Қалыспа, дайындал, алға!
VII кезең: «Тасымалдау» Әкелері шығыршықты ортаға қойып шығады, анасымен баласы шығыршықтан шығып кетпей тасымалданып мәреге жету керек.
Жүргізуші: - Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау
Біреу озса сайыста
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады - демекші сайысымыздың қорытындысын шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөзі әділ - қазылар алқасына беріледі.
марапатталады:
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамызда демекші
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Әкем, шешем және мен» отбасылар сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп - көп рахмет. Келесі кездескенше.
Атырау қаласының
МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай - балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы Бисекешова Зульфия Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.