Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өз кәсібіңнің шебері бол!
Өз кәсібіңнің шебері бол!

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
Ғ. Қайырбеков

Мақсаты: Мұғалімдердің шеберлігін қалыптастыру. Оқшылармен қарым - қатынастарын қалыптастыруға бейімдеу. Мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоцияналды қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым - қатынаста тәжірибе алмасуға бейімдеу.
Тренингтің жоспары
1. «Кәсіптік герб» жаттығуы.
2. “Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...” жаттығуы.
3. “Эмоция”жаттығуы.
4. “Кейпін тап” жаттығуы.
5. “Жест таңдау” жаттығуы.
6. “Менің ең қиын оқушым” жаттығуы.
7. “Кездескенше” жаттығуы
8. Қорытынды.

1. «Кәсіптік герб» жаттығуы.
- Біз бәріміз де педагогтармыз. Мен сіздерге өз жеке кәсіби гербтеріңізді жасауды ұсынамын. Оның сипатын, формасын, қандай болуы керек екендігін әркім әр түрлі пайымдайды. Мен бәріңізге бір - бір ватман парағын, түрлі түсті қарындаштар үлестіремін. Сіздер соған кәсіптік герб контурын бейнелеп алып, сосын оның ішін мазмұнды бейнелермен толықтырасыздар. Бұл үшін кәсіби қызметтің бірқатар маңызды тұстарына көңіл аудару керек:
- Қатысушы өзінің кәсіби қызметінде неғұрлым маңызды деп есептейтін жетістік немесе оқиға;
- Сізді бақытты етуге оқушыларыңыз пайдалана аларлықтай нәрселер немесе білім аясы;
- Сіздің педагогикалық қызметте көмектесетін немесе көмектесе алатын жеке тұлғалық қасиеттеріңіз.
Талдау:
• Гербтегі бейнелер оның иесі туралы не айта алады?
• Суреттер неге осыншама әркелкі болып шыққан?
• Қай гербтегі қандай бейнелерді өзгертіп, түзетер едіңіз, неге?
• Ең жақсысы қайсысы және ол несімен жақсы?
2. «Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығуы.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп, бірінші топ“ Оқушы мені жақсы көрмейді, себебі...” – деп әңгіме бастайды. Екіншісі тыңдап болып “Бәрібір де сен жақсысың, өйткені..." - деп жалғастырады.
Талдау:
• Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей лайықты жауап әрекет жасай алдыңыз ба?
• Жауап әрекет жасау қиын болған жоқ па, болса не нәрсеге байланысты еді?
• Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде болдыңыз?
3. “Эмоция”жаттығуы.
Мақсаты: Мұғалім бойында артистизм, эмоционалдылық, иілгіштік,
оқушылармен қарым - қатынаста образдық пен тірлік техникаларын дамыту.
Шарты: Топ жарты шеңбер болып отырады және үстелден қима
қағаздағы тапсырманы ортада орындайды. Тапсырманы бет - әлпет қимылы, позасы, іс - әрекеті, жесті және кейбір нейтральді фразаларды қолдануы, өзі ойланған эмоция күйлердің біреуін топқа жасыруға болады, топ мүшелері оны табуы қажет.
Талдау:
• Тапсырма қиындық келтірді ме?
• Біреудің эмоциясын салу оңай болды ма?
• Дауыс интонациясын салуда қандай күйде болдың?
• Осы эмоциялардың қайсысы кері әсер берді?

4. “Кейпін тап” жаттығуы.
Мақсаты: Оқушыларға жаңа оқу материалын түсіндірудің эффективті амалдарын ұйымдастыруда мұғалімнің образды тілін қалыптастыру.
Шарты: Топ шеңбер құрып отырады. Әр қатысушылар кез келген оқу материалдарының тематикалық бірлігіне анықтама беруді ұсынады. Мысалы, мына тақырыптарға образды ұғындыру қажет:«Теңдеу», «Көлем», «Септік», және т. с. с. Таңдалған тақырып бойынша әрбір мұғалім түсіндірме береді. Мұғалімдер шеңбер бойынша жауап береді. Алдында айтылған қатысушының материалын қайталауға рұқсат етілмейді.
Талдау:
• Жаңа материалды түсіндіруді қалай бағалайсың?
• Образды орындауда қандай күйде болдың?
• Топ алдында сөйлеу оңай болды ма?
• Жаттығу несімен ұнады?

5. “Жест таңдау” жаттығуы.
Мақсаты: Әрбір топ мүшесі үшін жест жүйесінің мәнерін қалыптастыру.
Шарты: Мұғалімдер шеңбер құрып отырады. Әрбір қатысушыға тапсырма беріледі, 3 - 5 минут ішінде өз тәжірибесінде болған бір қызықты, содан кейін бір қиын оқиғаны естеріне түсіріп баяндап беру. Бұл жерге әңгімені баяндаудағы мәнерлілік пен қызықтыру шарты қойылады. Әңгімелеуде бет әлпет, поза, жест,
т. с. с сыртқы пластика амалдарын қолдану ұсынылады.
Талдау:
• Қай оқиғаны баяндау оңай болды?
• Қай оқиғаны баяндау қиын болды?
• Жаттығу несімен ұнады?

6. “Менің ең қиын оқушым” жаттығуы.
Мақсаты: Мұғалім бойында балаға деген жағымды – эмоцияналды қатынасын дамыту, қиын балалармен қарым - қатынаста тәжірибе алмасу.
Шарты: Топ мүшелерін шеңбер бойымен өздерінің тәжірибесінде кездескен бір қиын оқушы жайлы оның түр әлпетін, өзін сабақта қалай ұстайтындығы, оның үлгерімі, соған байланысты қандай қиын ситуациялар болған және т. с. с.
жайттарды баяндап беру тапсырылады.
Талдау:
- Жаттығуды орындау қиын болды ма?
- Қиын оқушының эмоциясын салуда қандай ойда болдың?
- Қиындық келтірген жағдайың?

7. “Кездескенше” жаттығуы
Шарты: Барлығымыз шеңбер құрып тұрамыз.
- Менің қолымда кішкентай ғана сиқырлы күн таяқшасы тұр. Ол сіздерге жылу, қуаныш, табыс, бақыт, сүйіспеншілік сыйлайды. Сіздер оны бір - бірлеріңізге беріп, тренингтен алған әсерлеріңіз, пікірлеріңіз туралы білдіріп, осымен бірге әріптестеріңіздің атына өз тілегіңізді жолдаңыз.
8. Қорытынды.
ҰСТАЗ ДЕГЕН...

Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын,
ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., мейлінше шешен, өнер - білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар - намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек. (Әл – Фараби)

Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті
сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді. (Мәлік Ғабдуллин)

Осы ғұламалар айтқандай, өз кәсібіңіздің шебері болуыңызға тілектеспіз, жас мамандар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама