Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Пернетақтадан бас тартып, қаламмен жазудың пайдасы

Мәліметті еске сақтауға пернетақтамен жазуға қарағанда, қаламмен жазудың пайдалырақ екенін білесіз бе?

Күн тәртібіңізді жоспарлау үшін не қолданасыз – қалам мен қойын дәптер ме, әлде смартфоныңыздағы бағдарламалар ма? Көптеген түрлі жоспарлау бағдарламалары, электрондық блокноттар мен өзге де қосымшаларға қарағанда, қолмен жазу сізге тиімді бола алады. Біз бүгін сіздерге мұның себебін айтып береміз.

Қолмен жазудың артықшылықтары

Бұл миыңыз үшін пайдалы жаттығу. Қаламмен жазу балаларға жазу машығын үйренуге және әріптерді еске сақтауға, идеяларды құруға және байланыс қабілеттерін жақсартуға көмектеседі. Бұл туралы Норвегиядағы University of Stavanger университетінің ғалымдары Anne Mangen мен Jean-Luc Velay айтады. Олар қолмен жазу процессі - пернетақтаны қолдануға қарағанда, мидың көп орындарда  жұмысқа  белсенді әсер ететінін  дәлелдеген. 

Қаламмен жазу балаларға ғана емес, сонымен қатар ересектерге де пайдалы. Mangen зерттеулерінің бірінде тәжірибеге қатысушы екі топ адамдардан 20 әріптен тұратын әліппені жаттауды ұсынады. Бірінші топ қаламмен жазуды, ал екінші топ пернетақтамен жазуды таңдайды. Екі топты сынақтан өткізуден кейін, алты апта өткенде, бірінші топтың жаңа әріптерді жаттауда үздік нәтиже көрсеткені анықталған. Ал екінші топ айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмапты. Осы тәжірибенің қорытындысы бойынша, тұжырым жасалған: пернетақтаны қолдануға қарағанда қаламмен жазу тиімдірек әрі пайдалырақ.

Қаламмен жазу кезінде қандай процесстер жүреді?

Қаламмен жаза бастағанымызда, мидың күрделі процессі жүреді. Осы сәтте активацияның реттеу жүйесі (АРЖ) деп аталатын ми бөлігі жұмыс істей бастайды, ол берілген тапсырманы орындауға көмектесетін сүзгінің функциясын орындайды. 

Біз қаламды қалай ұстауымыз керек екенін білуіміз керек; қандай әріптерді қолдануымыз керектігін және оларды қандай формада жазуымыз керек екені жайлы ойлауымыз керек; олардың бір-бірімен қалайша сөз құрайтынын елестетуіміз керек. Жалпы, қаламмен жазу процессі - қозғалу және көру функцияларын қамтиды. Біз миды білімді мағыналы образдарға айналдыру кезінде, жоғары деңгейде қолданамыз. Ал, пернетақтадағы екі батырманы басу мен оны экраннан көру және  қабылдау мұндай нәтиже бермейді, себебі, мүлдем басқа процесс жұмыс істейді. 

Қолмен естелік жазбалар жазып тұру оқуға көмектеседі

Қаламмен жазу – оқу үшін тиімді әдіс (дәрістерде жазған конспектілер барлығыңыздың естеріңізде шығар). Біз дәрісті тыңдау кезінде, мәліметтің 10 пайызын ғана еске сақтаймыз. Ал жазу бұл санды айтарлықтай өсіреді, себебі  , осы процесс кезінде ми мәліметті сүзгіден өткізіп, құрылымдайды. Бүгінде студенттердің айтарлықтай бөлігі конспект жазу үшін компьютерлерін қолданады (шамамен 21 пайызы), алайда «Колледжде қалай оқу керек» кітабының авторы Walter Pauk сабақ барысында,  компьютерге жазылған мәліметті қаламмен қағазға түсіру керек,- деп есептейді. Сабақ өту кезінде,  мәліметті қаламмен жазудың пайдасы жөнінде, мына жердегі инфографикадан білуге болады.

Қаламмен жазу арқылы есте сақтау қабілетімізді қалай жақсартамыз?

Мәліметті қаламмен жазудың пайдасын білгеннен кейін, есте сақтау қабілетін блокнот пен қалам арқылы жаттықтырудың жоспарын әрқайсымыз да жазып алсақ болады. Мәселен:

Бірнеше рет қайталау. Процессті қайталау мәліметті тезірек сақтауға көмектеседі.

Жиі жазу. Бір тәулік ішінде қайта-қайта жазу арқылы алуыңыз тиіс мәліметті 70 пайызға көп көлемде еске сақтай аласыз, ал жәй ғана оқып қою мәліметтің 20 пайызын жаттауға сеп болады.

Өнімділігі тиімді уақытта жаттығу. Мысалы ерте тұратын адамдар бұл жаттығуды таңсәріде жасауы керек, олардың бұл кезде қуаты мол болады.

Есте сақтау карталарын қолдану, себебі, олар деректерді жаттауға өте тиімді. Болмаса, мәліметті қағазға түсіріп сақтауға болатын өзге де құралдардың көмегіне жүгініңіз.  

Өзіме келер болсам, мен әрдайым жазып отыру арқылы жаңа сөздерді, шет тілдеріндегі сөйлемдерді (оларды көп уақытқа жаттаудың осы жолы ғана қолымнан келеді) үйренемін, сонымен қатар, осы әдісті қажетті жаңа мәліметпен жұмыс кезінде қолданамын.

Дереккөз: www.lifehack.org

Ал сіз қандай әдісті қолданасыз – қалам мен дәптер ме, әлде гаджеттер ме? Қажетті мәліметтерді қандай әдістер арқылы еске сақтайсыз?


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама