Поэзия, менімен егіз бе едің?... (9 сыныбында өткен поэзия кеші)

Білімділік мақсаты: Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны Мұқағали Мақатаев өлеңдерінің мазмұнын терең ұғындыру.
Тәрбиелік мақсаты: Ақын шығармалары арқылы елін, туған жерін,
Отанын сүйе білуге, адамгершілікке, мейірімділікке тіл, сөз өнерін қадірлеп қастерлей білуге, ақынжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, ақын өлеңдерін сүйе білуге үйрету.
Түрі: поэзия кеші
Көрнекілігі: Ақын портреті, (баннердегі ) слайдтар, тірі дауыста өлеңдерінен үзінділері, « Жазылар естеліктер мен туралы» ақынға арналған естеліктер мен бағалар, кітап көрмесі.
Өту барысы: 1 жүргізуші: Құттыбаева Әйгерім
2 жүргізуші: Амангелдина Ақерке
1 - жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 - жүргізуші:- Армысыздар, ардақты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
Жыр дүлдүлі, ақиық ақын, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың «Поэзия, менімен егіз бе едің?» атты поэзия кешіне қош келіпсіздер!
Поэзия кешін бастамас бұрын назарларыңызды ақын өмірі мен шығармашылығына арналған слайд - суреттемеге аударсақ.
1 - жүргізуші:Мұқағали 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының, қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Мұқағалидың әкесі колхозда сушы, шалғышы болып істеген қарапайым шаруа адамы. Бір топ жерлестерімен әкесі майданға аттанғанда ол небәрі - он жаста - тұғын.
Алаңсыз күлкісін соғыс ұрлаған өзге де құрбы – құрдастары тәрізді Мұқағали да тағдырдың ащы дәмін тым ерте татты.
Нағиман апаның айтуынша үйдің тұңғышы болған соң ба, әжесі Тиынның бауырында өсіп, анасын жеңге есебінде санаған.
... Әже, сен бірге жүрсің меніменен,
Өліге мен өзіңді телімегем
Ақ кимешек көрінсе, сені көрем
Ақ кимешек жоғалса... нені көрем,- деп өзі жырлағандай Мұқағали өр мінезді, айбынды әжесін ерекше құрметтеген.
«Менің анкетам»
2 - жүргізуші: Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер - тұрманы. Иә, естеліктер де жазылуда, пікірлер де айтылуда. Жыр боп ақтарылған ақиық ақын өлеңдерін үлкен де, кіші де сүйсіне оқиды, тамсана оқиды, таңырқай оқиды. Ақын өлеңдерінің өміршеңдігі олардың мағынасы мен терең мазмұнында, кез келген адамның жүрегіне қона кетер қарапайымдылығында жатса керек. Мені өз өлеңдерінен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы мен аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. («Жазылар естеліктер мен туралы»)
Қыздар тобының орындауында би.
1 - жүргізуші: Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды. Республикалық радиоға диктор болып жұмысқа тұрды. 1962 жылы Алматыға көшіп келеді де, « Социалистік Қазақстан» газетінде, « Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді. « Жұлдыз» журналында қызмет атқарады.
2 - жүргізуші: «Сырым да осы, жырым да осы, алдыңда,
Байқашы бір бықсыдым ба, жандым ба?
Махаңдар жоқ, Махаңдардың сарқыты -
Мұқағали Мақатаев бар мұнда» деп ақиық ақын - Мұқағали ұрпақтарға ұланғайыр мұра қалдырып кеткені баршамызға мәлім. Анасының естелігіне жүгінсек, Мұқағали 14 - 15 жасынан - ақ өлеңге шындап ден қоя бастайды. Төбесі аласа ғана тамға қалың - қалың кітаптарды үйіп тастап, шаршамай, шалдықпай оқумен болады. ( «Мен өскен лашық бір бөлме»)
1 - жүргізуші:« Жыр басы Қарасаздан басталған Мұқағали бүгінде ән болып аспанда қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау аспан әлемінде шырқап барады (Ән Құмған алған ).
Мұқағали жырларының тақырыбы әр алуан. Әр өлеңнің өзі – жаңа дүние. Ал табиғат аясында туып - өскен әрбір ақынның бұл тақырыпқа қалам тартпауы мүмкін емес. Туған жердің, оның табиғатын жырлау – барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың да өзі туған жері мен еліне арналған өлеңдері қаншама. («Алыс болып барасың ауыл маған»,« Туған жерге»)
2 - жүргізуші: Алғашқы жыр жинағы жарыққа шыққанда 33 жаста болған Мұқағалидың небәрі 12 жылдық өмірі қалған-ды. Соны сезіп білгендей ақын жүрегі алабөтен асығады.
Қай күні менің тәмамдалады дастаным?
Бітпесе екен, жаңада ғана бастадым... – деп жанұшыра үн қатады.
Үлкен қалада үйсіздік пен күйсіздіктің қиыншылығын тартуына, қызметінің жиі ауысуына қарамастан, Мұқағали «алауыртқан таңдардан, қарауытқан таулардан, бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан, шырақтардан, оттардан, жалаулардан, тіпті жоғалған замандардан да» өзі тағат таппай іздеген поэзияға деген шексіз махаббатына деген адалдығына, тұрақтылығын сақтап қалды.
«Поэзия! Менімен егіз бе едің?
Сен мені, сезесің бе, неге іздедім?» деп поэзиямен егіз жаратылған ақын кие жырдың шапағатына бөлене білді, сол жырларымен бүкіл қазақтың жүрегінің түкпірінен орын алды, жыр сүйер қауымның піріне айналды.
«Поэзия өлеңі»

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.