Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 20 сағат бұрын)
Физикадан қайталау сабақ
7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қайталау сабақ
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың алған білімдерін тексеру, қайталау, бекіту және қорытындылау.
2) Ойлау қабілеттерін жетілдіру, ой - өрісін дамыту, өз бетімен ізденуге, шығармашылық дағдыларын дамыту.
3) Алдарына қойған мақсаттарына жетуге, өздеріне сенімді болуға, жауапкершілікке, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: білімді жинақтау, жүйелеу
Сабақтың әдісі: деңгейлеп – дамыта оқыту
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, география

Сабақтық барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталай отырып, есептер шығарту
ІҮ. Қорыту
Ү. Бекіту
ҮІ. Бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма беру

І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аударамын. Сабақты бастамас бұрын сынып оқушыларын екі топқа бөлемін. Топтарын таныстырады. Әр топта басшы тағайындайды. Топ басшысы өздерінің тобының ұпай сандарын есептеп отырады.
І. «Физика»
ІІ. «Астрономия»

Ой қозғау.
Сабағымыз «саяхат сабақ» болғандықтан біз бүгін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз. Ғарыш Әлеміне біздің Қазақстан жерінен «Байқоңырдан» басталғанын білеміз. Сонымен, «Байқоңыр» ғарыш айлағы туралы қысқаша мағлұмат бере кетейін. Құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы мамыр айында пайдалануға берілді. Байқоңыр деп аты айтып тұрғанындай, айлақтың айналасы қара қоңыр топырақты, шөбі де алтын түстес қоңыр. Ғарыштық старт алаңына орын таңдауда көптеген жағдайлар ескерілді. Біріншіден, ол халық тығыз орналасқан аймақтар мен өндіріс орталықтарынан алыс, екіншіден, Алматы – Мәскеу теміржолының Қызылқұмнан өтетін маңына жақын болуы тиіс еді. Бұрынғы КСРО – ның, қазіргі Қазақстанның оңтүстігі салыстырмалы түрде экваторға тым қашық емес. Бұндай жағдайдың ғарыш кемелерін ұшыру барысында жердің айналу жылдамдығын пайдалануға мүмкіндік беретіні де ескерілген болатын.

«Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Қазақстан - 2050» кемесімен саяхатқа шықпас бұрын 2 топ өз тобымызды таныстырып өтейік.
Физика – табиғаттағы физикалық құбылыстарды әрі денелердің физикалық қасиеттерін зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Астрономия – аспан денелерінде және олардың жүйелерінде орын тебетін құбылысты зерттейтін ғылым және оқу пәні.
Аталған екі топ ғаламшарларға барып - келуі үшін бірнеше кедергі - тапсырмаларды орындауы керектігі туралы спутниктен хабарлама келді

Тапсырмалар 4 - деңгейлік құрылымнан тұрады.
1. Танымдық деңгей (ауызша тапсырмалар)
а) «Физика тілінде сөйлесек»
ә) «Физикалық шамалар»
2. Алгаритмдік деңгей (суреттермен жұмыс)
б) Семантикалық карта
в) «Физика біздің айналамызда»
3. Эвристикалық деңгей (деңгейлік тапсырмалар)
г) Деңгейлік есептер
ғ) Графикалық диктант
4. Шығармашылық деңгей (тәжірибе жасау)
д) «Физикалық тәжірибелер»
Ал, енді таныс болсақ,
Бүгінгі тарихта қалады. Сондықтан күн жады мен бүгінгі күннің сабағын дәптерге жазып аламыз.

«Қазақстан - 2050» ғарыш кемесі ұшуға дайындаламыз.
Жаңа сабақ
І. Танымдық деңгей.
Орбиталары Жер орбитасының ішкі және сыртқы орбитасында орналасқан. Олар төменгі және жоғары ғаламшарлар болып екіге бөлінеді. Келіп жеткен ғаламшарымыз төменгі орбитада орналасқан «Меркурий»ғаламшары.
Бұл ғаламшарда «Физика тілінде сөйлесек» деп аталады. ІІ топқа сұрақтар беріледі. Солардың қай тілден аударылғанын және қазақша мағынасын6 анықтамасын айтып береді.

"Физика" тобына:
1. Манометр грек тілінен алғанда қандай мағына береді? - Манометр – грекше «манос»- сирек, тығыз емес, «метрео» – өлшеймін
2. Инерция дегеніміз не? - Инерция – латынша – қозғалыссыздық, әрекетсіздік
3. Деформация қай тілден алынған, мағынасы қандай? - Деформация – латынша - бүліну, бұзылу, иілу, бұралу.
4. Кинетикалық мағынасы қандай?- Кинетикалық – грекше «кинетикос» – қозғалыс
5. Атмосфера грек тілінен қандай мағына береді?- Атмосфера – грекше «атмос» – бу, ауа, «сфера» – шар
6. Күнге ең жақын планета?- Күнге ең жақын планета - Меркурий
7. Қозғалыстың неше түрі бар?- Екі түрі бар: бірқалыпты және бірқалыпсыз
8. Молекула дегеніміз не?- Заттың химиялық қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі
9. Уақыт қандай прибормен өлшенеді?- Уақытты сағатпен өлшейд
10. Күштің өлшем бірлігі?- Ньютон

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама