- 02 там. 2023 00:00
- 271
Қаралда батыр
Әкесі Саламат Бөкенұлы Әбілқайыр ханның тұсында қол бастаған батырдың бірі болған. Өзімен жекпе-жекке шыққан қалмақ батыры Нұрғаспақтың қарындасы Түгесті, қайынағасы өтештің ақылымен ауылға әкеліп, соған үйленеді. Одан арыстай ұл сүйеді.
Бірде бейқам отырған ел шетіне қалмақтың үлкен тобы келіп қалады. Сонда Қаралда жиырма шақты жігітімен оларды қарсы алады. Қалмақтың бас батыры Қаралдамен жекпе-жекке шығыпты. Бірақ әй-шайға келмей жер құшыпты. Өш алмаққа былайғылары Қаралдаға ұмтылып бағады. Әйтсе де жойқын күш иесі олардың да сазайын тартқызады. Біразы қолға түсіп, жаудың қарасы екі-үш есе артық болса да, бас сауғалап, қашып құтылыпты. Еліне барған соң олар «Адайлардың қара дәуі бар екен, жолай көрмеңдер» десіп безек қағысыпты.
Оқуға кеңес береміз:
Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі