Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қатерлі ісік қауіпін азайту үшін

Заманымыздың ең қоқынышты ауруы болып саналатын қатерлі ісікке (рак) қатысты, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы, жантүршігерлік бір ескерту жасады. 2030 жылы өлімдердің ең көбінің себебі, қатерлі ісіктен болатынын мәлімдеді. Қатерлі ісіктен сақтану үшін жасалатын шаралар: 

♦ Немқұрайлылық етпей, дер кезінде емделу керек. Созылмалы ауруға шалдыққандар болмашы шағым болса да дәрігерге айтып кеңес алу керек. Жиі-жиі тексеріліп тұру қажет.

♦ Спиртті ішімдіктер ішу, қатерлі ісік қауіпін арттырады.

♦ Бір күнде 20 дана темекі шегетін адам 10 данаға азайтатын болса, өкпе қатерлі ісігінің қауіпі де 27% ға азаяды.

♦ Егер отбасыда қатерлі ісік ауруымен аурығандар бар болса, тексерілу керек.

♦ Ыдыстар жуылғаннан кейін сумен жақсылап шайылуы керек.

♦ Жиі-жиі душқа түсіп тұру керек.

♦ Киімді және денені жуғанда, таза зәйтүн майынан, лаврдан немесе пісте майынан жасалған сабындар қолданылу керек.

♦ Кілемдер жуылып, жиі-жиі сіркелі сумен сүртіліп тұруы керек.

♦ Стресске, темекіге, спиртті ішімдіктерге және есірткі заттарға тәуелді болу, қатерлі ісік қауіпін арттырады. 

♦ Ақ түсті іш киімдерді жаңадан алғанда, суда ең кемінде екі сағат қайнату керек.

♦ Бөлмеге себетін “ауа сергітуші” сепкіштер у шығарады, иммунитет жүйесін бұзады.

♦ Теледидардан, ұялы телефоннан және радиация тарататын құралдардан ұзақ тұру керек.

♦ Fast food тағамдары аптада үш рет желінетін болса, ми ісіктерінде, лимфомаларда және лейкоздарда арту сезіледі.

♦ Жемістерді, көкөністерді, айранды және сырды көп тұтыну керек.

♦ Пластикалық, мыс, алюминийдан жасалған ыдыстарды қолданбау керек.

♦ Жеміс және көкөністерді канцероген заттардан тазалау үшін сірке суында біраз тұру керек.

♦ Көк пияз, иісті балдыркөк, бұршақ, талшын және жаңғақ түрлерін көп тұтыну керек. 

♦ Мұздатылған тағамдар еріген кезде дереу пісірілу керек, екі рет жылытылатын болса ДНК-сы бұзылады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама