Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Қазақ хандығының құрылуы
5-сынып (сабақ презентация түрінде)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Қазақ» атауының шығуын, қазақ хандығының құрылуы оның дамуы, қазақ жүздерінің пайда болуы жайлы түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушыларды тарихи фактілерді, оқиғаларды оқып үйренуге, шапшаңдыққа, дайын киноларды көру арқылы қорытынды жасай алу арқылы ойлау қабілетін дамыту, алған білімін нақтылай алуға үйрету;
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын, елін - жерін қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, проблемалық,
Көрнекілігі: карта, суреттер, сызба - нұсқалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
- оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
- оқушылар назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушылардан үйге берілген «27. Қазақ халқының қалыптасуы» тақырыбы бойынша оқушылардан тізбектей сұрау.

ІІІ. Оқушы білімін жан - жақты тексеру
1. Термин сөздермен жұмыс
Этнос – өз тілі, қалыптасқан мәдениеті, өзіндік ұлттық мінез – құлқы бар және тұрақты бір аймақта өмір сүретін халықты, ұлтты атаймыз.
Этноним - ру, тайпа, ел, халық, ұлт аттары.
2 «Ой толғау»
Оқушылардың қолына бір сөзден беріледі, оқушылар әрі қарай сол сөзді түсіндіріп кету керек.
ХУ - ХУІ ғасырлар – қазақ халқы жеке халық болып, өз ұлттық аумағын қалыптастырды.
Энеолит дәуірі – қазақ халқының тарихы басталды, осы кезде қазақтың аңыз ертегілерінде тас дәуірінің оқиғалары, әдет - ғұрыптары кездеседі.
Қола дәуірі - қазақ халқының мәдени негізі, антропологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Қазақ халқын қалыптасуына әсер еткен тайпалар?
Кімнің күмбезі? Ол жайлы не білесің?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама