- 05 нау. 2024 01:24
- 216
Қазақ хандығының құрылуы жайында
Алаш халқының тұңғыш егемендік алуы - Әбілхайыр хандығынан бөлініп өз алдына жеке хандық құрып, ақ киізге көтеріп елбасын сайлауы, байрағын көтеріп, "Алаш" ұранын қабылдаған күннен басталады. Тәңірдің ақ таңы атып, шуақ шашқан күні ҚАЗАҚ атты ұлт дүниеге келді. Оған тарих куә.
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖАЙЫНДА
Шыңғыс хан ұрпақтарын «төре» деген,
Төрелер хан сайланып, ел билеген.
Ақсақ Темір шапқынын басып келген,
Ұрыс ханды алты Алашта кім білмеген.
Тоқтақия үлкен ұлы Ұрыс ханның,
Одан Болат әкесі Керей ұланның.
Ортаншы ұлы Құйыршық оның ұрқы,
Жәнібек сұлтан кемеңгер заманының.
Ақ Орданың берекесі кеткенде,
Егемендік желі оңынан ескенде.
Шайбандықтар көшпенді елді шетке теуіп,
Қорлығы шектен шығып кеткенде.
Тарихтан бізге жеткен соны дерек,
Шайбаннан қыпшақ елі безсе керек,
Бөлінген қалың елді бастап шыққан,
Керей сұлтан, дана тұлға Әз Жәнібек.
Көрші елден моғол ханы Есен Бұға,
Мұны естіп сәлем айтқан дұғай - дұғай.
Әбілхайыр шапқынынан қорған болсын,
Деген оймен жер беріпті Талас - Шудан.
Тұрмысы көшпенділік әуел бастан,
Дала төсі төсеніш, шаңырағы аспан.
Қан кешкен еркін халық «Төре таңба»,
Ту тігіп серттеседі Қозыбаста.
Ақ киізбен көтеріп екі арысты,
Хан сайлап мерейі тасып қалысыпты.
Қарттары қолын жайып бата беріп,
Түргеш халқы көрісіп табысыпты.
Мұзбалақ құс патшасы, тау қыраны,
Қазақтың «Алаш» бопты басты ұраны,
Ұлы дүбір той жасап «А - құдайлап»,
«Жылау күйі» төгіліпті домбыраның.
Егемендік ел арманы намыс жаныған,
Осы жұртты «Қазақтар» деп ел таныған.
Ел Ордасы Әзірет баба жерленген,
Киелі шаһар екен Түркістан.
Атқа қонып болашақты болжаған,
Бодан елден егеменді ел болған.
Қазақ жұртын Қытай, Ресей мойындап,
Елшілерін құрметпен қабыл алған.
Ұлы Дала перзенттері батыр халық,
Еуразия кіндігінде құрып хандық.
Талай ерлік жолдары баяндалмай,
Сыры ашылмай жатыр ғой тарих сандық.
Түсініктеме: Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр билігінен бас тартып, екі жүз мыңдай адаммен бөлініп шығу уақыты туралы тарихшылар пікірі әртүлі. Мысалы әйгілі тарихшылар У. Г. Хворос 1451 жыл дегенді алға тартса, А. Чулошников, Б. Ахмедовтар 1455 - 56 жылдарды, ал Мұхамед Хайдар Дулати 1465 - 1466 ж. ж. атайды т. с. с. Қалай болғанда да тарихи оқиға моғол ханы Есен - Бұғаның көзі тірісінде болғаны анық. Есен - Бұға ханның бақилыққа аттануы нақты жазба дерек бойынша 1462 жыл. «Тарих - и Рашиди» және «Бахр әл - асрар» дерек көздері бойынша бұл оқиға Ақсақ Темір ұрпағы Әбу Саидтың Шираз қаласынан Жүніс ханды моғол ханы Есен Бұғаға қарсы соғысқа пайдалану үшін шақыртуымен сәйкес келеді. Егерде Әбу Саид 1458 - 1459 ж. ж. Хорасанды жаулап алғаннан кейін Герат қаласында Жүніс ханды қабылдағанын, оған қоса Жүніс хан мен Есен - Бұға арасындағы қырғын кемінде бір жарым, екі жылға созылғанын ескерсек, Керей мен Жәнібектің өз ұлыс адамдарымен моғол ханы Есен - Бұғаның жеріне келуі 1459 - 60 жылдарда орын алған оқиға деп толық сеніммен айтуға болады. Түсінікті болу үшін айта кетейін - ресми тарих мәліметі бойынша Қазақ хандығының құрылу жылы 1465 - 1466 жыл. Бұл кезең Қазақ Ордасының іргеленіп, ел іргесін қымтап, көрші елдер есептесетіндей дәрежеге жетіп, егеменді елдің тұңғыш хандары елді еркін басқаруға қол жеткізген уақыты. Керей мен Әз Жәнібек хандар қазақ халқының мемлекеттік идеясының түп қазығын қалаған қазақтың тұңғыш саяси тұлғалары. Керей хан шамамен 1459 - 1473 жылдарда, Әз - Жәнібек хан 1473 - 1480 жылдары қазақтың тұңғыш хан тағына отырған елбасылар.