Қазақстан Республикасының БАҚ жүйесінің трансфармациялануы
Қазақстан Республикасы «білім және ғылым» министрлігі
«Тұран» университеті.
«Аударма ісі және журналистика» кафедрасы
Орындаған: журналистика мамандығының 1 курс студенті Қыдырбекова Дурия
Жетекші: Әлміш Жадыра
Мақалада БАҚ ұғымына, БАҚ-тың атқаратын сан-түрлі қызметіне қысқаша түсініктеме беріле отырып, тәуелсіздік жылдарынан бастап орын алған өзгерістер жайлы айтылады. БАҚ-та орын алған өзгерістердің маңызы дәйектеледі. БАҚ жүйесінің кезеңдеріне, сонымен қатар, ҚР-ның БАҚ туралы заң жүйесіндегі өзгерістерге шолу жасалады.
В статье дается краткое обьянение понятия СМИ, функцие СМИ. Рассказывается об изменениях, произошедших за годы независимости. Рассматриваются этапы системы СМИ, а также изменения в законе о СМИ РК.
The article gives a brief overview of the concept of the media, the functions of the media, talks about the changes that have occurred over the years of independence, discusses the stages of the media system, as well as changes to the law on the media
Тірек сөздер: БАҚ, БАқ жүйесі, трансфармация, ақпарат, ақпарат нарығы, ақпарат және коммуникация
Ключевые слова: СМИ, система СМИ, трансфармация, информация и коммуникация.
Key words: Mass media, media system, media function, transformation, information and communication
XXI ғасыр қарулы майданның емес, ақпарат майданы екенін ескерсек, жаөандық соғыс баспасөз алаңында не баспасөз алаңы арқылы орын алуда. Демек, жаөандық соғыста ұтылмас үшін еліміздің БАҚ жүйесінің жүйелі жұмыс істеуі мақызды. Ақпарат таратуда қарқынды сапалық өзгерістердің (трансфармация ) орын алуы елісіздің аталған саласын заман талабына сай құруының дұрыс екенін көрсетеді. Электронды ақпарат құралдарының пайда болуы дәстүрлі БАҚ-ты көптеген оң өзгерістерге әкелді, түбір-түбірімен түрлендірді. Қысқаша айтқанда, заман талабына сай етті. Бір кездері саяси қақтығыс, әлеуметтік кикілжің жайлы билікке дабыл қағушы теледидар мен баспасөз құралдары болса, бүгінде ақпарат тарату мен ақпарат тарату мен жеткізуде монополи көп. Осының өзі БАҚ жүйесінің трансфармацияланғанының айғағы.
Қазақстан Республикасы «Бұқаралық ақпарат құралдары»туралы 1999 жылғы 23нші шілдесіндегі №451заңында мынандай түсініктеме берілген: Бұқаралық ақпарат құралдары(БАҚ)-тұлғалардың шектеусіз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары. Қысқаша түсіндірер болсақ, БАҚ-теледидар, радио, баспасөз басылым. Бүгінде бұл қатарды интернетте толықтыруда. Яғни, жаңа медиа мен жаңа ақпарттық технологиялардың ақпарат таратуы мен жинақтауы.
БАҚ-тың атқаратын қызметі маңызды әрі сан-қилы. БАҚ-тың ақпарат тарату қызметінсіз кез-келген қоғамды толыққанды елестету мүмкін емес. БАҚ арқылы бүгінгі қоғам білімнің басым көпшілігін алады. Осы арқылы қоғам БАҚ-тың білімділік қызметімен таныс. БАҚ арқылы қоғам заң мен ережелерді бойына сіңіреді. Саяси науқан кез-келген саяси процесте «төртінші билік» арқылы қоғам саяси процестің қатысушысына айналады, саяси сауаттанады. Екі тарап мүдделерін тоғыстыру кезінде де біз БАҚ-тың әлеуметтендіру қызметінің маңызын ұғамыз. БАҚ-тың бүгінгі таңда к ино саласы іспетті идеологиялы құралы екені өтірік емес. Аталмыш саланың ұйымдастырушылық қызметі қоғамды оң жұмысқа жұмылырады, күшін біріктіреді немес саналы бір әрекетке шаырады. Бұған дәлел сан-түрлі қайырымдылық шаралар мен сенбіліктер туралы БАҚ-тың қалам тартуы арқылы жиналған көпшілік дәліл.
Билікке БАҚ-тың төртінші билік деп сараланғанымен, оның саяси процесте ойып алар орны бар екені хақ. Жоғарыда атап өткенімде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бұл әлеументтік институттың жұмысы түбір-түбірімен өзгеруде.
Қазақстан Республикасында БАҚ-тың дамуы мен өзгеруі қалай орын алғанына тоқталайық.
Қазақстан-тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарынан бастап баспасөз саласындағы халықаралық беделді құжаттардың аясында БАҚ-тың еркіндігін қамтамасыз етіп келе жатқан мемлекет. Осы орайда БАҚ-ты құруда болған қиындықтарға тоқталар болсақ, қоғамдар алмасып, нарықтық экономикалық қатынастар орныға басталған уақыттан бері сараласақ, БАҚ даму сатыларын үш кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең. Жалғыз идеологияның пәрменінде болып келген біртұтас ақпарат жүйесінің ыдыраы және қаржылық, идеалық тоқырауға ұшырауы.
Екінші кезең. Ақпарат әлемінің мемлекеттік және жекеменшік болып өзгеріп, қайта құрылуы.
Үшінші кезең. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық, мәдени реформалардың тереңдеуіне сәйкес әлемдік ақпараттың республиканың эфирлік кеңістігіне енуі және ҚР-ның ғаламдық ақпарат айдына таласуымен сипатталады.
Бірінші кезеңнен үшінші кезеңге дейін, ҚР ақпарат нарығы көпсалаланып яғни, ақпарат тарату кеңістігін кеңейтіп ғаламдық ақпарат айдынына дейін трансфармациялануымен сипатталады.
Республика алғаш 1991жылдан бері қарай ақпарат құралдары туралы заңнаманы ұдайы жетілдірумен болды. 1991жылы 28-тамызда «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қабылдады. Бұл заң елімізде мемлекеттік емес БАҚ-тң пайда болуына қолайлы жағдай туғызды. Яғни, жеке ақпараттық ұйымдар пайда боа басады. Бұл өз кезегінде ақпарат әлемінде бәсекелестәк орнауына әкелді. Баспасөз бен эфирлерге жаңа мазмұн берді. Ірі медиа бірлестіктер өмірге келе бастады. Халықтың ақпарат алу және салыстыру мүмкіндігі кеңейді. 2002жылғы мәлімет бойынша елімізде он төрт ақпарат агенттігі бар. Соның ішінде тек екі ақпарат агенттігі мемлекеттік тапсырысты орындаушылар. Ал, он екісі жеке меншік ақпарат агенттіктері. Тіпті, «интер-факс KAZAKHSTAN», «Kazakhstan today» сияқты ең беделді ақпарат агенттіктері де.
1997 жылы 3-ші желтоқсанда «ҚР біртұтас кеңістігін қалыптастыру туралы» жарлыққа қол қойды. 2001жылы бұл жарлыққа біршама өзгерістер еңгізді. Бұл заң жобасы БАҚ-ты демократияландыру, әлемді талаптарға сай жетілдіру үшін қабылданды және осы себепп1ен заң жобасына оң өзгерістер еңгізілді. Медиа және жекменшік медианы үкмет қатаң қадағалайтын Қытай Халық Республикасы (ҚХР) журналситі қамау жөнінде алтыншы орны иеленген, Мысырдың ақпарат нарыңы мен салыстырғанда ҚР-ның БАҚ жүйесі демократиялы деуге болады. Дегенменде, АҚШсияқты еркін баспасөз бостандығы деңгейіне жетпегеніміз мәлім. Сөзім ділелсіз болмасын 2002 жылы ҚР сөз бостандығы шектелген елдердің қатарында 180-ші орыннан 197 орынға бірақ түскен. 2017 жылы FREEDOM HOUSE халықаралық құқық қорғау ұйымының зерттеуі бойынша 157 орында. Сонымен қатар, бұл заң жобалары мына мәселелерді шешуді мақсат етті.
1. Отандық және мемлекеттік БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін дамыту.
2. Ақпараттық-телекомуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Сандық телевизияны еңгізу.
3. Ақпарат саласы мәселелерін жетіліру.
ҚР-ның 2006жылдың 18 тамызындағы 2006-2009 жылдарға арналған заңның БАҚ бақылауды қатайту туралы 4-5 баптарына түзетулер еңгізді. Түзетулер бойынша БАҚ қызметін жоспарлы, жоспардан тыс және рейдтік (рейтинг) тексерістер жүргізу мүмкіндігін еңгізді.
Президент 1998 жылдың 3ші шілдесінде «БАҚ-ты өндірістік және тарату кезіндегі қосымша құн салығынан босату туралы»жарлығына қол қойды. Бұл салық өз кезегінде БАҚ-тың қаржылық мәселелері үшін оңтайлы шешім болды.
05, 05, 2006жылы Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың көңіл бөліп, арнайы мемлекеттік-уәкілетті орган-Ақпарат және коммуникациялар министрлігін құру туралы шешім қабылдауы жаңа реформаларға жол ашатын маңызды қадам деп есептейміз. Елбасының жаңа ведомстваның алдына қойып отырған міндеттері ірі жүйелік өзгерістерге жол ашты. Елбасы бұл ведомстваның алдына нақты мақсаттар қойды. Атап айтқанда, елбасы: «мейлінше өткір мәселелерді жедел анықтау және әрекет ету мақсатымен кез келген меншік формасының, соның ішінде интернет ресурстар мен әлеуметтік желілердің ақпараттық кеңістігін мониторингтеу ;барынша өзекті тақырыптар мен мәселелер бойынша қоғамдық пікірді зерттеу;халықтың ақпараттық сауалдары мен тілек-қалауын талдау және болжау;мемлекеттік ақпарат саясатын әзірлеу;барлық мемлекеттік органның ақпараттық қызметі мен белсенділігін үйлестіру және бақылау; мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жоспарлау және мемлекет бөлген қаражат тиімділігін талдау;отандық БАҚ-ты экономиканың қазіргі заманғы сегменті ретінде коммуникациялардың барынша пәрменді модельін құру; халықтың, соның ішінде, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл арналарын қамтамасыз етеді.
Алғашқы кезеңдердің қиындыққа толы болғаны белгілі. Сол күрделі тұста республика президенті ақпараттық демеу керек екенін ойлап, баспасөздің беделін және ел мен мемлекеттің алдында жауапкершілігі жоғары екенін сезіне білді. Мақаладан осы уақытқа дейін БАҚ жүйесін қазіргі заман талабына сай концептуалдық платформасын қалыптастыру үшін біршама жұмыс атқарылғанын көрсете алдым де ойлаймын. Алайда, бүгінгі БАҚ саласының ғылыми тұжырымдалған концепциясы жоқ. Тіпті, «Қазақстан-2020» т. б нормативтік құжаттарды БАҚ саласы ішінара қамтылған. Заман талабына сай өзгерістер елдегі этнографиялық ахуал да оң әсерін тигізуде. Себебі: бүгінгі ұрпақ постсоветтік қалыпта емес, жаңа кезеңнің ұрпағы әрі желілік қарым-қатынас үстемдік еткен шақта өмір сүріп жатқанын ескерсек, онда БАҚ-тың дәстүрлі жүйесінен бөлек, жаңа концепциясы қоғамға дайын.
Пайдаланылған әдебиет:
1. URL: http: //adilet. zan. kz/31. 03. 20/bukaralyk-aqparat-kuraldary-turaly
2. З. М. Назарбекова А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті философия кафедрасының аға-оқытушысы
3. URL: http: //stud. kz/02. 07. 09/ ulttylk-bak-juiesi
4. URL: http: //tilalemia. kz/05. 06. 2017/qazaqstandagy-baqtyn-roli
5. URL: http: //kk. m. wiktorina. org /aqparattyq-agenttik
6. Жейсон Бейнбриж «медиа және журналистика»-Астана/ұлттық аударма қоры ққ, 2019. 527бет
7. URL: http: //lenta. inform. kz/15. 11. 2008/qazaqstan-soz-bostandygy-reitinginde-nege -160- orynda
8. URL: http: //abai. kz/26. 05. 2016/ulttyk-bak-juiesin-modernizacialau
9. URL: http: //www. akorda. kz