- 20 қаз. 2020 00:00
- 229
Мінезсіз қаламгерден мінезді дүние шықпайды
Мінезсіз адам жоқ. Десек те, бәрі бірдей «мінезді адам екенсің»-деп мақтау ести бермейді. Қандай да бір істі бастаса, сол үшін қасқайып тұрып соңына дейін күресетін, «жаным- арымның садағасы»-деп санап, тиімділік үшін арынан аттамайтын адамдарды «мінезді екен», «мінезді адам»-деп таңғалып әрі сескеніп жатады. Меніңше, мінезді адам болудың өзі алыптық. Қазақ интелегенциясының көсемі: «халқыңа қызмет ету-білімнен емес мінезден»- деген. Әлихан Нұрмұхаметұлының өз саналы ғұмырын халқының жарқын болашағы үшін сарп етуі мінезділіктен деп білемін. Талай білімділер елі үшін сөз бастай алмаған қоғамда, соңынан ергендерге жол сілтеп, елі үшін қасқайып қарсы тұра алғандығының өзі осыған дәлел.
«Мінезсіз қаламгерден мінезді дүние шықпайды.» Ғабдул-Ғазиз Есембаевтың ой салар осы сөзі бүгінгі мақалама арқау болып отыр. Мінез-жанның айнасы. Демек, жаны ерсі қылық пен есер сөзге толы қаламгер қаламы тек ерсі дүниені шимайлайды. Ақ пен қараны ажырата білген, шындық жолында қасқайып сөз бастай алатын қаламгер қаламы ғана тау биігіндей, мінезді оқиғаны арқау ете алады. Осы бір қасиетті бойына сіңіріп қана шындық биігінен, халық жүрегінен орын алған қадірі бөлек қаламгер атанары анық
Тарихтың шимай парағы іспетті болған біздің мамандықта мінезді болу маңызды. 1 Қанша дегенмен, тарих алдымен журналист қаламымен жазылады. Тарих беттерінде тек шындық қалдыру келер ұрпақ алдындағы міндетіміз. Демек, оқиғаның қалай өткенін ең әуелі жеткізуші оқиғаны орта жолдан тастамай, соңына дейін жеткізе білетін, тиімділік үшін арынан аттамайтын, мінезді адам болуы маңызын түсінеміз. Кейіпкер мұңын керек құлаққа жеткізу үшін де қаламгердің қасқайып қарсы тұра алатын мінезділікке ие болуы маңызды.
Бүгінгі күні «мінезді екен, мінезді қаламгер екен» - деген мақтауларды оңды-солды шашып жүргенімізде жалған емес. Билікке қарсы бір сөз айтса, оқиғаның түйінін тарқатпай жатып, мінезді- жанашырлары көреді. Екі ғасыр Ресей империясының озбырлығын көрген халқын бостандыққ жетелеген мінезді арыстарымыз тәуелсіздікті сый етті. «Тәуелсіздік жылдары мінезді болдырмай жатыр»-дейтін пікірлерде жоқ емес. Әлемді індет жаулаған уақытта өз өмірін қатерге тігіп, ақпарат таратып, ақ халатты батырлар үнін, жетіспеушілігін керек құлаққа жеткізудің өзінде мінезділік жатыр емес пе?
«Тұран»Университеті «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті: Дурия Қыдырбекова