Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қытайлықтар жайлы не білеміз?

Қытай дегенде көз алдымызға құжынаған халық елестей бастайды. Себебі, бәріміз Қытайда халық саны көп екендігін білеміз, алайда "Қытайда басқа ерекше не бар? деген сауалға мән беріп көрмегенбіз. Бүгін осы ағаттығымыздың орнын толтырып көрейік.

Қытай шын мәнінде өте таңғажайып ел. Ғасырлар бойы Қытай тарихшылар үшін де, саяхатшылар үшін де жұмбақ ел болып келген. Қытайға саяхат әрдайым мистицизм мен қайталанбас әсерге толы. Ежелгі Қытай өркениеті көптеген өнертабыстардың бастамасы, тіпті өзге елдерге телитін бастамалардың авторы кейде осы Қытай болып табылады.

Біз Қытай жайлы ең қызық деген деректерді жинақтауға тырыстық, сонымен бастайық:

Қытайдың заманауи атауы - Джун-Го (қытайша – ортаншы мемлекет, әлемнің ортасы).

Цинь династиясының императоры Цинь Шихуанди (б.з.д 260-210)б.з.д. 221 ж. барлық біріккен Қытайдың тұңғыш императоры болды.

Қытайды ең ежелгі өркениеттің бастауы дейді, кейбір тарихшылар Қытайда өркениеттің бастапқы қайнар көзі б.з.д. 6000 жыл бұрын пайда болған.

Қытай жазу бойынша әлемдегі ең ұзақ тіл.

Қытай көлемі жағынан әлемдегі төртінші ел (Ресей, Канада мен АҚШ-тан кейін). Қытай 3719275 шаршы миль ауданды алып жатыр (АҚШ-тан біршама аз), басқа елдермен шекарасы шамамен 117445 мильге тең.

14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.

Жер бетіндегі әр бесінші адам – қытайлық. Қытай халқы АҚШ-қа қарағанда төрт есе көп.

 

Дәретхана қағазы Қытайда 1300 жылдың соңында ойлап табылған. Өнертабыс император өкілдеріне арналған болатын.

Қытайлықтар қағаз, компас пен оқ-дәріні ойлап тапқан.

Шамамен 3000 жыл бұрын қытайлықтар батпырауықты ойлап тапқан. Олар оны соғыс кезінде жауларын қорқыту үшін пайдаланған, ал саяхатшы Марко Поло (1254-1324) батпырауық теңіз сапарының қаншалықты сәтті екенін болжау үшін қолданылатынын байқаған.

Қытай балалары үйде шырылдауық шегірткені ұстайды.

Шекарасы үлкен болғанымен Қытайдың сағат белдеуі барлық жерде бір.

Көптеген тарихшылар футбол Ұлыбританияда емес, Қытайда пайда болған деп есептейді. Ал Қытайдағы ең танымал ойын пинг-понг Ұлыбританияда ойлап табылған, бірақ соған қарамастан пинг-понг қытайлықтардың ең сүйікті ойыны.

Қытайда ең танымал хобби – пошта маркаларын коллекциялау.

Қытайда панданы «аю мысығы» деп атайды. Қытайдың бірінші императорлары жындар мен апаттарды қашыру үшін панда ұстаған. Пандалар сонымен қатар күш-қуат символы саналған.

Ақ түс Қытайда қаралы күннің белгісі.

Тарихшылардың болжамы бойынша, Қытайдың халық саны өскен сайын от жағу үшін жанармайды үнемдеу қажеттілігі туындаған, сол үшін қытайлықтар тағамды үгітетін болған, осылай ол әлдеқайда тезірек дайындалатын болған. Бертін келе пышақ пайдалануға қажеттілік болмайды, осылайша тағамға арналған таяқшалар пайда болады.

Чжан Хэн, астроном және әдебиеттанушы жер сілкінісін бақылауға арналған алғашқы құралды ойлап тапты. Машина жер сілкінісін анықтап, бағытын белгілей алады.

Балмұздақтың да атасы қытайлықтар делінеді, бастапқыда ол мұздатылған сүт пен күріштен жасалатын болған. Марко Поло саяхаты кезінде балмұздақ пен қытай кеспесінің мәзірін өзімен бірге Еуропаға алып кеткен деген болжам бар.

2008 жылдың 27 қыркүйегінде Чжай Чжиган Қытай астронавтарының ішінде бірінші болып ашық ғарышқа шықты.

Суды өз қажеттіліктеріне пайдалану үшін су дөңгелегін қытайлықтар бірінші болып ойлап тапқан. Бұл еуропалықтарға дейін 200 жыл бұрын болған.

Сонымен қатар Қытай темір соқаны ойлап тапқан әлемдегі ең бірінші ел. Еуропа соқаны 17 ғасырдан бастап пайдаланған.

Қытай астанасы Пекиннің атауы ғасырлар бойы өзгеріп келген. Кей жылдары қала аты Яньцзин, Даду және Бэйпин деп аталған. Пекин Солтүстік астана дегенді білдіреді. Пекин көлемі жағынан Шанхайдан кейін тұр.

Біздің заманымызға дейін төртінші ғасырда қытайлықтар табиғи газды бұрғылау мен өндіруді үйреніп алған, сонымен қатар оны жылу қайнар көзі ретінде пайдаланған, бұл еуропалықтарға дейін 2300 жыл бұрын болған.

Біздің заманымызға дейін екінші ғасырда қытайлықтар жүрек бүкіл ағзаға қан айдайтынын білген. Еуропада адамның қан айналым жүйесін 17 ғасырдың басында Уильям Гарвей ашқан (1578-1657).

Қытайлықтар ондық санау жүйесін б.з.д. он төртінші ғасырда пайдаланған, бұл Еуропалық математиктердің пайдалануына дейін шамамен 2300 жыл бұрын. Сонымен қатар нөл санының түсінігін тұңғыш болып енгізген осы қытайлықтар.

Арбалет Қытайда ойлап табылған. Сонымен қатар Еуропада пайда болғанға дейін 2000 жыл бұрын мұнда тұңғыш болып газ қаруы қолданылған.

Адам жасаған әлемдегі ең үлкен бөгет Янцзы өзенінде орналасқан.

Әдемі аңызға сәйкес, шайды Қытай императоры Shennong б.з.д. 2737 жылы ашқан. Шай жапырағы қайнаған суға түсіп кетуінен пайда болған.

Шай Қытайдың ұлттық сусыны. Тіпті символы десек те болады.

Қытайда ең маңызды мейрам Қытай Жаңа жылы – Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл. Ежелгі дәстүр бойынша, қытайлықтар осы күні әр адам бір жылға есейеді деп есептейді, және сол себепті, бұл күн барлығының туған күні деп саналады.

Қытайдың 92% халқы қытай тілінде сөйлейді. Қытай тілінің ең ірі жеті негізгі тұқымдасы бар, мысалы: Ву, Хакка, Гане, Сян және Мин.

Қызыл түс бақытты білдіреді және әдетте фестивальдерде, басқа да қойылымдарда, сонымен қатар туған күн мен тойларда пайдаланылады.

Ежелгі Қытайда лотос тазалықтың белгісі болатын және буддистер мен даостар үшін қасиетті саналатын. Сәлдегүл (“Гүлдер патшасы”) көктемнің нышаны, бақытгүл ұзақ өмірдің нышаны, ал нәркес сәттілік әкеледі.

Ежелгі Қытайда жібек контрабандасымен айналысқандар өлім жазасына кесілетін болған.

Қытай аңызы бойынша, жібекті б.з.д. 3000 жыл бұрын Хуан-ди императордың әйелі Си Лин Суи ханым ашқан. Жібек құртының пілләсін ыстық шайға түсіріп алады, пілләнің жіңішке талшықтары ыстық суда ашылып, әлемге жібекті ашуға мүмкіндік береді.

Әлемдегі ең ескі қағаз Қытайда табылған және б.з.д бірінші немесе екінші ғасырға тең.

Қытайдағы «әр отбасында бір бала» әлеуметтік саясаты, жыныстар арасында теңгерімсіздік тудырып, елдің социумына кері әсерін тигізді. Бүгіндікке мемлекетте ұлдар саны қыздардан 32 миллионға көп. Болашақта ондаған миллион еркек өзіне әйел таба алмайды. Осы жайтты ғалымдар әлемдік қауіп деп бағалап отыр.

Қытай шекарасында өмір сүрген тарихқа дейінгі адам қалдықтарының жасы 300,000-550,000 жылды құрайды. Ғалымдардың пікірінше, сол уақыттары осы жерлерде өмір сүрген адамдар отты пайдалануды білген.

Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында Шанхай Холокостан қашқан еврейлерді қабылайтын жалғыз порт болған.

Қытай математикасы грек математикасынан тәуелсіз дамыған және тарихшылардың үлкен қызығушылығын тудыруда.

Б.з.д 250 жыл бұрын пайда болған Қытай әуе шамдары ұзақ өмірдің нышаны. Шамдар бір кездері отбасының әл-ауқатының белгісі болған.

1974 жылы фермерлердің бір тобы құдық қазып жатқанда ескі керамика қалдықтарын табады. Әрі қарай қазу барысында Біріккен Қытайдың тұңғыш императоры Циньнің (б.з.д. 259-210) мазары шығады.

Қытай Гранд-каналы (Ұлы канал) әлемдегі ең ұзын канал болып есептеледі, оның ұзындығы 1795 шаршы және шамамен 60 көпірден тұрады.

Жарқанат сәттіліктің дәстүрлі нышаны, көбіне фарфор мен мата бұйымдарында бейнеленеді.

Велосипед Қытайда 1891 жылы пайда болған. Оны екі америкалық саяхатшы алып келген. Велосипед қазіргі таңда миллиондаған қытайлықтың негізгі көлігі. Соңғы император Цин (Пу) Пекиндегі Тыйым салынған қала төңірегін велосипедпен аралаған. Қытай қазіргі таңда велосипед шығарудан көш бастап тұр.

Көпір аспалары да Қытайда б.з.д. 25 жылы ойлап табылған, Батыс елдерінде көпір пайда болғанға дейін 1800 жыл бұрын.

Әйелдер арасында Нобель сыйлығын алған америкалық әйел – Перл С. Бак (1892-1973). Жүлде оның Қытай жайлы романдары үшін берілді, бірінші кезекте GoodEarth (1931).

Тұқы балығы күш пен батылдықтың нышаны. Тұқының мөлшері мен мұрты оны биліктің нышаны айдаһарға ұқсатады. Балықтар жалпы қытай мәдениетінде үлкен роль атқарады, ал «балық» пен «байлық» қытай тілінде бірдей дыбысталады.

Қытайдың кейбір аймақтарында, шаштың өрілгені қыздың отбасылық статусын білдірген. Жас қыз шашын екіге бөліп өретін болған, ал тұрмысқа шыққан соң бір өрім жасаған.

Қытайдағы ең ұзын өзен 3494 мильдік Янцзы (Changjian) мен 2903 шаршылық Хуанхэ (Сары өзен).

Жылқы ерлер символы Янмен және от элементтерімен байланысты. Жылқы жылында туылған адам көңілді, тәуелсіз, ақылды, жарқын және өз ашуын баса алатын адам деп есептеледі.

Цикада (көк шегіртке) жәндіктер арасында ең ұзақ жасайтын болғандықтан (17 жылға дейін) және терісін ауыстыратындықтан қытайлықтар оны жаңару нышаны деп қабылдайды. Ежелгі Қытайда марқұмның ұртына цикада қоятын болған, бұл оның о дүниеде қайта туылуына көмектеседі деп сенген.

Қытай императорларының жүздеген күң әйелі бар зәулім гаремдері болған.

Феникс Қытай фольклорында маңызды құстардың бірі және император әйелдің билігінің нышаны болған. Үйректер бақыт пен отбасы татулығының нышаны.

1966-1976 жылдардағы мәдени төңкеріс (Ұлы пролетариаттық мәдени төңкеріс) ауыр жұтқа әкелді.

Батыс мәдениетінде айдаһар жауыз жануар деп қабылданса, Қытайда ол мифологияға сәйкес төрт ұлы жануардың бірі, олардың қатарында, сонымен қатар, феникс, жолбарыс пен тасбақа бар.

Әлемдегі ең биік тау ағылшын сэры Джордж Эвересттің құрметіне аталған. Қытайлықтар Эверестті «Джомолунгма» деп атайды, оның мағынасы – «Жер ана Құдайы».

Қытайдың ұлттық туы 1949 жылы қыркүйекте Тяньаньмэнь (әлемдегі ірі қоғамдық орын) алаңында қабылданған. Қызыл ту төңкерістің нышаны. Үлкен жұлдыз коммунизмнің белгісі, ал кішкентай жұлдызшалар қытай халқының өкілдерін білдіреді. Жұлдыздардың орналасуы қытай елінің Қытай Коммунистік партиясының астында бірігуін білдіреді.

Қытайда әлемдегі ең ежелгі күнтізбе – Ай күнтізбесі бар. Ол б.з.д. 2600 жылы пайда болған және 12 жұлдыз белгісінен тұрады.

Қытайда туа біткен кемістік көрсеткіші өсіп келеді. Бұған себеп мемлекеттегі ауаның ластануы.

1996 жылы Қытай 600 000 саңырауқұлақ шығарды. Бұл оларды осы саланың көшбасшысы етті. Әлемде өсірілетін саңырауқұлақтың 60%-ы осы Қытайда өндіріледі.

2007 жылы Қытайда өндірілетін ит тағамдары мен тіс пастасы импорттаушы елдерде тыйым салынған өнімдер болып табылды, себебі олардың құрамында улы заттар бар екені анықталды.

Танымал қытайлық және қытайлық-америкалық актерлер – Джеки Чан (Гонконг), Чоу Юн Фат (Гонконг), Брюс Ли (San Francisco), Джет Ли (Пекин), Чжан Цзыи (Пекин), және Люси Лю (Нью-Йорк).

2008 жылы Пекиндегі Олимпиада ойындары тарихтағы ең қымбат ойындар болып есептелді. Салыстыру үшін, 2004 жылғы Афинадағы Олимпиада ойындары 15 миллиард долларға шықса, Пекиндегі Ойындар 40 миллиард долларды құрады.

Бұл, әрине, Қытай жайлы барлық қызық дерек емес, бұл ел жайлы толығырақ білу үшін өз көзіңмен барып көру керек.

Қытай туралы қызықты дерек, оқиғаларыңыз бар болса пікірде бөлісіңіздер.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама