- 08 сәу. 2016 00:00
- 204
Су - тіршілік нәрі
№1 балалар үйінің тәрбиеленушісі
8 сынып оқушысы Самат Андреев
Жетекшісі: ҚР-ның жас ақыны
Гүлсана Тилеубекова Анарбекқызы
Су тіршілік -тынысы,
Табиғат ана нәр алған.
Біз үшін әрбір тамшысы,
Ауадай қажет ұғынсаң.
С. Андреев
Дана халқымыз сусыз тіршілік жоқ. Су адамзаттың түп тамыры деп, бекер айпаса керек-ті. Себебі, жер бетіндегі жыбырлаған жанның барлығы да судан нәр алып, өсіп- өрбиді. Ал адамзат баласы осынау ен даланың тіршілігіне көрік беріп отырған суды ысырап етпей, барынша тиімді пайдалануы керек деп ойлаймын. Өйткені ғаламшарымызда ішуге жарамды судың мөлшері аз екені бәрмізге аян. Небәрі 2,5%-ы құрайды. Адам ағзасының 80%-ы су қоспасынан тұратынын ескерсек,су өміріміздің бір бөлшегі дер едім. Әр адам тәулігіне 2,5 немесе 3 литр су ішеді. Егер ағзадағы су мөлшері 6-8%-ға кемісе, адам есінен танады, 12% кемісе өмірден өтеді. Олай болса, жаратылыс ғұмырының ұзын-қысқалығы да суға, оның сапасына тікелей байланысты. Сол себепті де бүгінгі таңда қазақ елімен қатар алдынғы қатарлы алпауыт елдер де ауыз суға алаңдаулы.
Қазіргі таңда су құбырынан сыздақтап аққан суды көреміз. Осы суды есептеп көрсек, қанша су ысырапсыз жұмсалуда. Мысалы, сыздақтап аққан су құбырына 20 гр стаканды тосып, оның 1 минутта толатынын көреміз.
1 сағатта - 1л 200 гр, 1 тәулікте 25 л 800 гр су текке канализацияға кетіп, лас суға араласып жатқаны көкейге қонымсыз жайт. Лас суды пайдалану нәтижесінде адам ағзасында пайда болатын аурулар: сары ауру, дизентерия, іш сүзегі т.б. түрлері белең алуда. Аурудың алдын алудың бірден-бір жолы суды тазартатын қондырғылар орнату. Қазақстанда су тазартатын қондырғылар ірі су қорларының маңында орнатылған. Суды сүзіп тазалауға көп электр қуаты жұмсалады. Электр қуатын алатын отын қоры да шектеулі екенін ұмытпағаймыз. Ал бірнеше жылдан бері тұщы суды үнемдеу мақсатында қаламыздағы әр үйде есептеуіш құралы орнатылып, тұщы су қоры үнемделіп келеді. Дегенмен барлық тұрғын үйлер толық қамтамасыз етілмеген. Алдағы уақытта қаламыздағы жаңа жоба аймақтарына, ауылды елді мекендерге осындай әдіс қолданылса құба-құп болар еді.
Қорыта айтқанда, қала төңірегіндегі канал, ауыл маңындағы өзен,құдық суларын ластамай тиісінше таза ұстауға шақырамын!