Қолөнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен
қаласы бойынша білім бөлімінің «№27 орта мектебі» КММ
Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Мешелова Гульнар Зиятбековна
Еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиясында болашақты жасайтын азаматтарды сол ғасыр талабына сай тәрбиелеу қажеттілігіне тоқтала келе: «2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» жоғары оқу орындағы оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың шығармашылығын дамытуға, білім беру қызметіндегі қажеттілікті қалыптастыруға бағытталуы тиіс делінген. Оқушыларды ұлттық колөнер арқылы шеберліктерін қалыптастырудың маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, өнер, өндіріс және өнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдык өндірістегі қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттык қолөнердің әлемдік көріністерін қалыптастыру, ой-өрісі мен кәсіби-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне қатысу үрдісінде мамандарды даярлауға жағдайлар жасау мақсаттары қойылып отыр. Балаларды жастайынан сәндік-қолданбалы өнерге үйрету бүгінгі күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпаған өнердің бір түрі кілем тоқу, киіз басу, киім тігу, ши тоқу, сырмак сыру өнері.
Қазақстанда кілем және кілем бұйымдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды. Жасалу әдістеріне байланысты киіз үйдің жылулығы және сәнділігі үшін кілемдердің түрлері, киіз үйдің алаша мен киізін тартып бекітуге арналған бау, басқұрлар; үй-ішілік сәндік бұйымдар: есік шымылдықтары. кереге басына ілінетін бұйымдар, сандыққап, теңқап, қоржын, түрлі тоқыма дорбалар мен заттар салып сақтау үшін қажетті бұйымдар, атқа салатын қоржындар және тағы баска тоқыма бұйымдары дайындалды Мектеп оқушыларының шеберлігін қалыптастыруда ұлттық қол өнер дәстүрін меңгеруін, сақтауы мен жалғастыруын қамтамасыз етеді, еңбекке баулу мазмұнын кеңейтуге, халық өнерінің негізгі түрлері туралы білімдерін пәнаралық деңгейде қорытындылауға мүмкіндіктер береді. Қысқасы, сәндік-қолданбалы өнер туындыларын бейнелеу өнері, технология пәндерінде тиімді пайдалану, пәнаралық байланыста жүзеге асыру, мектеп мұражайын ұйымдастыру, қоршаған ортасын безендіру жұмыстарына қатысу, халық шеберлерімен кездесулер ұйымдастыру, олармен бірлесіп бұйымдар жасау және т. б. жұмыс формалары оқушының сәндік іс-әрекетіне ыкпал ете отырып оған жаңа мүмкіндіктер береді, сәндік колданбалы өнер саласынан білімдерін кеңейтеді, кәсіби шеберлігінің жетілуіне септігін тигізеді. Әсемдік-өте биік эстетикалық құндылық. Ғылым үшін ақиқат қандай маңызды болса, эстетика үшін әсемдік сондай маңызды. Әсемдікке қызықпайтын, оған сүйсінбейтін бірде-бір адам жоқ. Сәндік-қолданбалы өнерге негізделген көркем-шығармашылық сабақтар мектеп оқушыларына белсенділік береді, бейнелі ойлауын, қиялдауын да-мытуға ықпал етеді. Мәселен, халықтың сәндікқолданбалы өнер туындыларындағы бейнелер мен ою-өрнектерде берілген оюлар, түйсіктер мен түсініктер, тұжырымдар, халықтың дүниетанымы жеке тұлғаның эстетикалык сапаларын жетілдіре түседі. Бояу түстері мен материалдың, бұйым формасы мен нақыштарының үйлесімділігі, олардың әсемдігі мен жарасымдылығы адамның ой ұшқырына әсер етіп, оның рухани жан дүниесін байытады.
Сан алуан, қиын да күрделі өрнектерді жүзеге асыру шығармашылықты шыңдайды, сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында ырғақ, бояу түстері, сызбалардың икемділігі туралы негізгі үғымдарды меңгереді. Олардың әртүрлі материалдар мен құралдарды пайдалану тәсілдері туралы түсініктері қалыптасады. Сонымен мектеп оқушылары сәндік-қолданбалы өнер шығармашылығымен етене танысуы негізінде қызығушылыққа бөленіп, сұлулық пен әсемдікке тәрбиеленеді, олардың талғампаздығы жетіледі. Сондай-ақ аталған өнер туындыларының мазмұнын жете меңгеруі мен ондағы оюөрнектердің мәнін ұғынуы аркылы ақыл-ойлары өседі, адами саналары толыса түседі, сол туындыларды өз қолдарымен жеке және сынып боп жасауы барысында рухани-адамгершілік сапалары артады, шеберлігі шыңдалады, еңбекке, еңбек адамдарына құрметі қалыптасады, өз еңбегін және өзгелер еңбегін бағалай білуге тәрбиеленеді. Оқушылардың кәсіби шеберліктерін жетілдіре отырып жаңа технологиялык әдістерді қолдану, жас ұрпаққа сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету - біздің басты міндетіміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Н. Назарбаев. "Қазақстан - 2030: барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі. қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы". Алматы. 2001.
2. С. Қасиманов. Қазақ халқының қолөнері. Алматы. "Казакстан", 1995.
3. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: Кеше, бүгін, ертең. Алматы, 2006
4. Қазақ педагогикалық энц