Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 9 сағат бұрын)
Қорғансыздың күні

\Қазір көп әйелдер қорғансыздықтан қаза тауып, зорлық-зомбылықтын ашық куәсі болуда. Карантин басталағалы бері әлсіз жандарға зорлық 5 есеге арта түскен. Бір Қарағандының өзінде 2 жылда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 16 адам қаза тапқан. Біз білмейтін, басқа елді мекендердегі қаншама аруларымыз қорғансыз қаза тауып жатыр.

Әйел- қайткенменде әйел. Болмысы-нәзік, тумасы-әлсіз. Ер азаматтар қорған болудың орнына өздері келіп жәбір көрсететін еркектерді еркек деп айтуға қимайсың. Барлық сырыңды, мұныңды біле тұра, көз алдында саған зұлымдық істеп кететін жайттар қаншама. Мұндайда Мұхтар Әуезовтың 1921 жылы жарықша шыққан “Қорғансыздың күні” әңгімесе ойға оралады. Сол заманның өзіңді үйіне қонақ болып келіп, құлдырап отырған отбасының бар мұның естіп біткеннен кейін сол үйдің қызына зәрін шашып кеткен еркек, қазірге еркектердің ағасы да болды ма екен?

Уыздай жас қыз бұндай қорлыққа шыдай алмай, қақаған қыста , әкесі мен інісінің моласына келіп жан тәсілім еткені кімнің мойнында?!Кім кінәлі?. .

Ғазиза қайтыс болар алдында  айтып кеткендей “Мен тазамын. Менде ешқандай кінә жоқ”.

Қазіргі зорлық көрген қорғансыз әйелдер де таза. Тек оларды соққыға жығып, жәбір көрсеткен еркектер лас, олардың қолы лас, жүрегі лас, ойы лас. Түптеп келгенде-өмірі лас, өздері лас.

Қазіргі қорғансыз әйелдердің соңғы сөзі бізге жетіп жатыр ма? Оларды толғанып, уайымдайтын шын жанашырлар бар ма?

Мың сұрақ, жауабы жоқ, бірақ.

Алиева Аружан Мұстафақызы


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама