Қош келдің, Наурыз төріме!
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту
орталығының әдіскері Махметова Жанар Қайртайқызы
Сабақтың тақырыбы: Қош келдің, Наурыз төріме!
Сабақты мақсаты: Наурыз төл мерекеміз туралы мәлімет беру, өзге ұлт өкілдеріне ұлтымыздың салт - дәстүрлерін, әдеп - ғұрпын түсіндіріп, білімдерін толықтыру, ой - өрісін кеңейту, сөздік қорын дамыту, тыңдаушылардың өлеңдер, ойын арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес мерекелік іс - шара
Сабақтың көрнекілігі: мерекелік дастархан, слайдтар, қалта
Сабақтық әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауаптар, сайыс, ойындар
Сабақтың қатысушылары: Ақ әже, келген қонақтар, тыңдаушылар, жүргізуші.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі, келген қонақтармен сәлемдесу, дастархан басына отырғызу.
(Баяу музыка жүріп тұрады)
Жүргізуші: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,
Жап - жасыл болып кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!
1 слайд. (Сабақтың тақырыбы, мақсаты)
Жүргізуші: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру - сырқаудан, пәле - жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып - сілкіп, тазартып қоятын болған. Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды. Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер» деп атаған.
2 слайд. (Қызыр баба суреті)
Жүргізуші: Бұл күні әр үйде дастархан жайылып, дастарханға сүт, нан тағамдары қойылған. Біз де бүгін мерекелік дастархан жайып, сіздерді осы тойымыздың қадірлі қонағы болуға шақырамыз. Тойымыздың тағы да бір аса қадірлі қонағы - Ақ әже. Ендеше ортамызға Ақ әжені шақырайық. (Ақ әже шығып құттықтайды, шашу шашады, наурыз көже ұсынады)
3 слайд.(Наурыз мерекесінен көрініс)
Ақ әже құттықтайды, шашу шашады
Жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Ақ әже: Құрметті қонақтар!
Наурыз күні, жеті түрлі дәмнен: соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, тұз, сүзілген құрт, бидай, тары, күріш пияз және сәбізден қазан толы Наурыз көже пісірілген. Жеті түрлі дәмнен пісірілген Наурыз көже Алланың көктегі нұрын кемелдендірген.
Жеті дарияның белгісі іспеттес. О бастағы түсінік бойынша Наурыз көжеден дәм татқан кісі, көктегі жеті даналықтың дариясынан да сусындайтын секілді. Сол себепті Наурыз көжеден дәм татыңыздар.
(музыка, наурыз көже таратылады)
Кезекті жақсы әнге берейік.
Ән шашу «Наурыз - думан». Вагаева Л. Н.
Жүргізуші:
Қазақ халқының тарихымен жасасып келе жатқан ұлттық ойындардың негізгілері Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде ойналады. Бұл күнгі ойналатын ойын - сауықты “наурызнама” деп атаған. Ел - жұрт жиналатын тойда ат жарыс, балуан күрес, түйе жарыс және басқа да спорт бәсекесі өткізіліп, айтыс, түрлі ойындар мен ән - жырлар, өлеңдер, наурыз жырлар айтылады. Халық арасында кеңінен тараған “Қыз қуу”, “Арқан тартыс”, “Айгөлек”, “Көкпар”, “Алтыбақан”, “Аударыспақ” ойындарын Наурыз мейрамында ойнау қалыптасқан. Ендеше келесі кезегіміз ұлттық ойын ойнау.
(Бір тыңдаушы ойын өткізеді)
1-ойын. «Орамал тастамақ» ойыны.
Шарты: Тыңдаушылар ортаға шығып, шеңбер құрады. Бір тыңдаушы шеңбердің сыртында жүріп орамалды бір адамға тастайды, егер ол орамалды алмаса, онда жүргіхушіні қуады, жете алмаған жағдайда оған кәде - сый сұрайды немесе тапсырма береді.
Қазақ биі «Қамажай» (ІІІ - 4 тобының қыздары)
Жүргізуші:
Наурыз мейрамында қол күрестен жарыс өткізіледі. Ал мен сіздердің білімдеріңізді тексеру үшін қазір білім күресінен жарыс өткіземін.
2-Ойын. «Білгір» (Сұрақ - жауаптар)
1. Ұлыс күні жауған қарды қандай қар дейді? (ақша қар, нұр жауды)
2. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
3. Наурыз көжеге қыстың тамағын қосу қандай ұғымды білдіреді?
(қыстың тағамымен қоштасу)
4. Екі ойыншы ойнайтын ұлттық ойыны ( тоғызқұмалақ)
5. Туылмаған белдегі балаға ниет қылған құдаларды кім деп атайды?
(бел құда)
6. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
7. Адамдарға бақ, дәулет қондыратын ақсақал кейіпіндегі қиял - ғажайып бейне (Қыдыр ата)
8. Сүйекті пайдаланып ойналатын ойын (ақсүйек)
9. Қазақтың ішекті музыкалық аспабы. (домбыра)
10. Наурыз сөзінің мағынасы (жаңа жыл)
Жүргізуші: Ойынымыз аяқталды, өз білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Енді сыйлық ретінде әжеміз сіздерге өзі Наурыз мерекесіне арнап жасаған мына қалтасын ұсынады.
(Әже қалтаны келген қонақтарға таратады)
Жүргізуші: Жайнап мереке ажары,
Қайнап береке қазаны,
Той боп жәрмеңке, базары,
Келді Наурызым.
Елім жоғын тапқандай,
Өшкен отын жаққандай,
Әлем шалқып жатқандай,
Бүгін шаттық думан береке
Шырқа, Наурыз мереке!
Бәріміз қосылып «Қазақтың дастарханы» әнін орындайық.
Қорытынды сөз:
Құрметті қонақтар! Осымен мерекелік іс - шарамыз тәмам. Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз. Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын.
Слайдын жүктеу