Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері
Қазақ тілін қазақ топтарында оқытудың ерекшеліктері мен тиімді әдістері.

Еліміз егемендік алғаннан бері қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келеді. Ел ішінде орын алған саясатқа және заман талабына сай, шын мәнінде ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен үлес болып қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық - саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілі сабақтары жүргізіледі, мемлекеттік тілді үйренушілер қатары да біртіндеп өсіп келеді. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне жаңаша көзқарастың қажет екенін аңғартады.

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті және қазақ тілін оқытудың мақсат - мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі болмақ. Қазақ тілінің ғұмырын ұзарту үшін, тілдің қоғамдық қолданысқа ие болуы үшін бастапқыда мемлекеттік тіл ретінде оқыту керек. Осылай атау біздің санамызға елдікті, тәуелсіздікті сіңіреді. Әрбір жеке тұлға – мемлекеттің, елдің бүгіні және ертеңі. Елдік психология, елдік қасиет, елдікті құрметтеу – мемлекет тілін білумен шектес келетін қасиетті ұғымдар. Сондықтан, ең алдымен, қазақ тілін оқытудың мәртебесі де осы аяда түсіндірілуі керек. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық беріледі.

Қазақ тілін оқытудың бірізділігі мен жүйелілігін арттыру үшін, әлеуметтік тапсырыстарға жауап беруде, атқарылатын істер көп. Тіл үйренушінің дұрыс көзқарасын қалыптастырып, олардың мемлекеттік тілді үйренуге қызығушылығын арттыру үшін тіл үйретуші де талапқа сәйкес ізденісте болуы керек.

Біздің тәжірибемізде қазақ тілін екінші тіл ретінде үйренушілермен қатар, ана тілі ретінде сөздік қорын толықтыру мақсатында оқытылатын топтардың қатары кеміген емес. Себебі қазіргі қоғамда қолданыста жүрген қазақ тілі – шұбар тіл. Кейбір сөздер орыс тілінде қолданылса, кей сөздердің түбірі қазақша қосымшасы орысша, ал кейбіреулері керісінше түбірі орысша қосымшасы қазақша. Бұның ішінде соңғысы заңдылыққа айналып бара жатыр. «Көктемге қарай магазиндерде қысқы киімдерге көп скидкалар болады екен» немесе «Сен обедті үйден ішесің бе, әлде столовыйдан ба?» деп, біз таза қазақша сөйлеп отырмыз деп ойлаймыз. Бүгінгі таңда бұл әдетті түп тамырымен жою мүмкіншілігі әлі тумаса да, орысша сөйлеп өз ойын сыртқа шығарудың жеңіл жолын тауып алған қандастарымыздың ойын, пікірін, көзқарасын өзгерту – ең басты міндет болып тұр.

ХХІ ғасыр сұранысына жауап бере алатын тілді үйренудің басты тәсілдерінің бірі – деңгейлік оқыту жүйесі, қатысымдық әдіс қазіргі уақытта көптеген оқытушының қазақ тілінің әдістемелік негіздемесіне айналып та үлгерді. Тілді үйретуде қатысым әдісінсіз тілді жылдам әрі сапалы меңгерту, оны кез келген ортада еркін тілдік қатынасқа түсе алатын дәрежеге жеткізу мүмкін емес. Өйткені қазіргі кезде қазақ тілін үйретудегі басты кемшілік тіл үйренушіні мемлекеттік тілде сөйлете алмай отыруымызда болып отыр. «Шет тілін меңгертудегі және туған тілінде сөздік қорын кеңейтуде негізгі әрекет – қарым - қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама