Қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру
3 класс
Сабақтың тақырыбы: «Қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыру»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қозғалатын бөліктері бар пішіндер құрастыруды үйрету
Дамытушылық: оқушылардың түрлі – түсті қағаздар арқылы пішіндер жасап, түрлендіре білуге және құрастыру арқылы өз қиялдарын дамыту
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, шеберлікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: теориялық, сарамандық, сұрақ – жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу
Көрнекілігі: ара суреттері, ара пішінінің сызбасы, құрлысы, қозғалмалы қанатты ара үлгісі.
Қолданылатын құрал – жабдықтар:
1. Түрлі – түсті қағаз
2. Фломастер
3. Қайшы
4. Бекітетін шеге
5. Желім
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Үй тапсырмасы
ІІІ Жаңа сабақ
ІV сабақты бекіту
V Бағалау
І Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу рәсімі
2. Оқушыларды түгендеу
3. Құрал – жабдықтарын тексеру
ІІ үй тапсырмасы
Сұрақ – жауап әдісі
1. Өткен сабақта ненің пішінін жасадық? (көбелек)
2. Олар немен қоректенеді?
3. Олар неден пайда болады?
4. Олардың түсі қандай болып келеді?
5. Олар өз жауынан қалай қорғанады?
Қорытынды:
Сіздер дүниетану сабағынан білесіздер, көбелектер қандай денелілер класына жатады? (бунақденелілер)
Балалар, дұрыс айттыңдар көбелектер бунақденелілер класына жатады. Енді жұмбақтарды шешу арқылы тірексызбамен жұмыс жасаймыз.
Сызбаны жұмбақтың шешуін табу арқылы толтырамыз
Қызығушылығын ояту.
Жұмбақтар
Интерактивтік тақтадан алдымен жұмбақ оқылады, жауабын тапқаннан кейін жауабының суреті шығады.
1. Шидім, шидім, шидім құс,
Ши басына қонған құс.
Қарқаралы қара құс,
Хан басына қонған құс.
(Шыбын)
2. Ат басты,
Арқар мүйізді,
Бөрі кеуделі,
Бөкен санды,
Қос қанатты,
Құмырсқа ізді,
Бота тірсекті.
(Шегіртке)
3. Қатар - қатар қара нар,
Аспанменен бара бар,
Алды биік, арты жар.
(Құмырсқа)
4. Бар екен бір мақұлық ұннан майда,
Өз басын айдайды екен қиын жайға,
Ұстасақ үгітіліп жоғалады,
Дамылдап отырмайды ешбір жайға.
(Көбелек)
5. Алпыс тісті айдаһар,
Ешқайда қадам баспайды.
Қозғамасаң жатады,
Ештеңеден саспайды.
Ағаштан тамақ жейді екен,
Жұтпай шайнап тастайды.
(Ара)
Аралар.
(Интерактивтік тақтадан ара түрлерінің суреттері жүріп отырады)
Аралар сары – ала болып сәнді киінген жауынгерге ұқсайды олардың жіңішке қыпша белі өздерін сымбатты да жинақы етіп көрсетеді. Құйрығының ұшындағы өткір шаншары қындағы сұсты қаруы секілді. Жарқыраған екі жұп жарғақ қанаты олардың қашық жерге ұшып баруына және ұшу бағытын тез өзгртуіне мүмкіндік береді. Біреулердің араның ұясын абайламай немесе әдейі бұзғанын көргенде ішің удай ашиды. Аралар оған өршелене шабуыл жасап кез келген жерінен шаға бастайды. Шаян шарының түбіне улы бездері болады да, шаққан жері қатты ісіп кетеді. Ал ұсақ жәндіктерді шақса өлтіріп те жіберуі мүмкін.
Кәдімгі аралар ұяларын шатырға, ағаш бұталардың бұтақтарына, кеуек – қуыстарға жасайды. Мұндай ұялар сұр картоннан жасалған шарға ұқсайды. Аралар оны өздері өңдеп шығарған қағаздарынан істейді. Ол үшін құрғақ бөрененің үстіне жайлап жүріп, оны жақтарымен қырады онан соң ұшып барып, қырып алғанын өзінің сілекейімен араластырып ұясының керегесіне құрайды.
Жазды күні гүлдерден аралар бал жинайды. ондай араларды омарташылар әдейі өсіреді. Бал адам ағзасына өте пайдалы. бал жинайтын араларды өсіруші адамдарды омарташылар деп атайды.
Қазіргі медицина саласында араларды шағу арқылы емдеу үшін де пайдаланады.
Ара түрлері өте көп, соның ішінде біз бал жинайтын аралар туралы көп естиміз.
Интерактивті тақтадан құрлысы көрсетіледі.
Қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1. Қайшыны тұтқа жағымен бер
2. Желімді аузыңа салма
3. Қағазды қиғанда қағазды жылжытып отыр, қолыңды қайшыдан 5 – 10 мм алшақ ұста
Сарамандық жұмыс
Таратылған үлгі бойынша ара құрастыру.
1. Оқушыларға үлгі таратылады
2. Денесі, аяғы, мұрты бірге салынған үлгі
3. Қанаты (2 дана)
4. Бекітетін шеге (2 дана)
Оқушылар үлгілерді бастырып, араның үстіңгі сызықтарын фломастермен жүргізеді.
Көзін, мұртын бояйды.
Қанатын бастырып, ноқаттармен безендіреді.
Дайын бөліктерін біріктіреді, шегемен бекітеді.
Сабақты бекіту.
Венн диаграммасы арқылы
Аралар
Көбелектер
Бағалау
Оқушылар жасаған жұмыстарына қарай бағаланады. Эстетикалық талғамына, ұқыптылығына қарай бағаланады.