Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу және тіл не үшін қажет?
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларда сөйлеу туралы ұғым қалыптастыра
отырып, сөйлеу тілін дамыту.
2. Оқу дағдысын жетілдіру барысында әдептілікке,
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Түсініп қатесіз оқу, сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: Жеке сюжетті суреттер, тірек сызба.
Сабақтың барысы: 1. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Сөзжұмбақ шешу арқылы «Сөйлеу» әлеміне саяхатқа шығатындарын хабарлаймын.
1. Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен. (су)
2. Тәтті, тәттінің іші қатты, қаттының іші тәтті. (өрік)
3. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар. (қой)
4. П - дан егер бастасаң,
Зоопаркте тұра алам.
Т - дан егер бастасаң,
Ойыңды сыртқа шығарам (піл - тіл)
5. Шыр - шыр етеді,
Ұстай алсаң сөйлеп кетеді. (телефон)
6. Аулада бар елде жоқ,
Дауылда бар, желде жоқ. (у әрпі)
С
Ө
Й
Л
Е
У
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Сөйлеу
Ауызекі сөйлеу ----------------------------------Жазбаша сөйлеу
Үн арқылы берілетін сөйлеу ----------------Жазылып берілетін хабар

Фонетика әлемі
Дыбыс Әріп
Дауысты Дауыссыз
ІІ. Операционалдық - орындаушылық кезең.
1 - жаттығу. Мәтінмен жұмыс:
а) Мұғалімнің мәтінді оқуы
ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.
Б) Мәтіннің мазмұны талданады.
1. Мәтінде кім жайлы айтылған?
2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?
3. Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?
4. Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?

«Тікұшақ» сөзін дыбысқа талдау
Сөздік жұмысы
Лезде - тез арада, жылдам.
Ребус шешу: «Бауырсақ»
2 - жаттығу орындалады.
Білімді тиянақтау (оқулықтан тыс тапсырмалар)
1. Сюжетті суретке қарап, әңгіме құрастыру.
2. Өздік диктант (Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу)
Айдос пен Дархан (телефон) ұзақ сөйлесті.
Атасы (немере) ертегі айтып берді.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.
- Ертеде бір қаңбақ шал елсіз далада келе жатып, аспан әлеміне желмен ұшып кетіпті. Ол аспан әлемін аралап жүріп бір кішкене планетаға кезігеді. Қаңбақ шал ол планетаның атын (не арқылы сұрайды) қалай біледі?
Балалар ол планетаның атын онымен сөйлесу арқылы білетінін айтады.
- Ол меркурий планетасы екен. Меркурий планетасы қаңбақ шалды басқа да планеталармен таныстырады.

Қорытындылау.
- Сонымен, балалар, сөйлеу не үшін қажет екен?
- Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама