Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қозы (сауат ашу)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№1 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Жолдыгулова Алма

Тақырыбы: Қозы 34 - 36 - жаттығу.
Мақсаты: 1. Автор өмірінің негізгі мазмұнын ашу.
2. Оқушылардың сөздік қорларын молайту, өз бетімен жұмыс істеуге, сауатты оқуға машықтандыру.
Көрнекілігі: Қ. Баянбай, С. Жиенбаев суреттері, төрт түлік мал суреттері, жіңішке дауысты дыбыстар кестесі, мақал – мәтелдер, тыйым сөздер, ойындар, өлең бойынша сурет.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: әңгімелеу, кестелермен жұмыс, сұрақ – жауап, көрнекілік.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру: Кәне, оқушылар партада түзу отырайық, қалам дәптерлерінің түгелдігін талап ету.
II. Психологиялық дайындық:
- Балалар, өмірде не жұмсақ, не жылы?
- Ананың жүрегі жылы, қолы жұмсақ.
- Аналарыңыз сендерді жақсы көріп еміренгенде қалай еркелетеді?
Міне балалар, анамыздың да төрт түлікті аса бағалайтынын осы жүрек жылуынан білуге болады.

III. Өтілгенді пысықтау.
- «Қозы» өлеңін кім айтып береді?
(3 - 4 баладан сұрау)

IV. «Орамал тастамақ» ойыны арқылы «Қой» - мәтінін тізбектей оқу.
- Тақтада ненің суреттерін көріп тұрмыз?
- Төрт түлік суретін.

- Осы төрт түліктің «Пірлерін» қалай атаймыз?
- Зеңгібаба, Сексеката, Ойсылқара, Қамбарата, Шопаната.
- Төрт түліктің төлдерін атайықшы.

V. Төрт түлік жөнінде қандай мақал – мәтел білесіздер?
а) Түлік, төлден өседі.
ә) Малды өсірсең, қой өсір.
б) Ат – ер қанаты,
Батырдың жан серігі.
в) Мал баққанға бітеді.
г) Өрісіне қарап, мал өсір,
Өзеніне қарап тал өсір.
д) Жаманға жан жуымас,
Жалқауға мал жуымас.
Осы ата – бабадан қалған асыл мұра, мақал жолдарына, мағынасына қарап, аса құрметті, қасиетті төрт түлігімізді қорғауға, бағалауға байланысты қандай тыйым сөздер білесіздер?

VI. Тыйым сөздер.
а) Малды теппе, ақты төкпе.
ә) Малды басынан ұрма.
б) Малға теріс отырма.

VII. Жаңа сабақ.
1) Өлеңнің ұйқасын тап:
Менің атам бақты оны,
Үстінде ба ақ...
Ол не? – төлдің бозымы,
Білемін ғой...
2) Керекті сөздер: қозыны, тоны.

VIII. Сұрақ жауап:
а) Қозы ненің баласы?
ә) Қойдың қандай түрлерін білесіңдер?

б) Мақалдың мағынасын сұрау:
Мал өсірсең, қой өсір
Өнімі оның көл көсір.
Себебі: қой өсімтал, өнімі мол.
Сойса ет, май, жүнінің де, терісінің де қасиеті күшті, емдік қасиеті де зор.

IX. Авторы: Қастек Баянбай

1936 ж. 15 қарашада Талдықорған облысында дүниеге келген. Ұлы кемеңгер жазушы. Ол балаларға арнап: «Балаларға базарлық», «Шапағат шақ», «Тәтті сабақ», «Жұлдыз» атты шығармалар жазған.
«Қозы» өлеңін мәнерлеп оқыр беру (3 балаға оқыту)
X. Сергіту сәті.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың?
XI. Оқулықтағы сурет бойынша ауызша әңгіме құрап, тақтаға сызбамен сөйлем құрау.

XII.
XIII. Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Жіңішке дауыстылар: ә, е, ө, і, ү.
(Сөздерді ойлап жазу)
XIV. Көркем жазу. (дәптерге)
XV. Жаттығу жұмысына төселдіру. Дәптермен жұмыс (35 - жаттығу ауызша)

С. Жиенбаев қазақтың көрнекті ақыны. Ол Ақтөбе облысында туылған.
(36 – жаттығу оқып, талдау)
XVI. Сабақты қорытындылау.
XVII. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама