- 02 там. 2023 00:00
- 240
Қозыүй батыр
[Қозыүй батыр] 1718 жылы болған шайқаста жоңғарлар қолына түсіп қалады. Жоңғарлар қол-аяғын байлатып, дүре соқтырып, ағаш қалыппен кысқанда да ол тістеніп отырып алған.
Сонда жоңғар қонтайшысы: «Қазақтың талай батырын көріп едім, мынадай хас батырын көрмедім. Қол-аяғын босатып, зынданға тастаңдар», — депті.
Содан Қозыүй батыр үш жыл зынданда жатып, жоңғарлардың бір қызының көмегімен зынданнан қашып шығады. Босанып шығысымен қол жинап, Өтеген батырдың сарбаздарына келіп қосылады. Өтеген батырмен үнемі бірге болып, талай көзсіз ерліктер істеген. Жорықтардың бірін- де жоңғар ауылын шауып, жоңғар шонжарларының қолға түскен үш қызының бірін немере інісі Жаналыға, екіншісін ағасы Амандыққа, үшіншісін туысы Жиембетке қосады.
Жасы ұлғайғанда өзімен ілесіп келген Ботбай руының балаларын Іле, Қаскелең, Жиренайғыр өзендерінің бой- ларына орналастырды. Кейін бұл жерден көшіп Шу мен Қарабалта өзендері бойына келіп орналасады. Бұл жер әлі күнге дейін «Қозыүй батыр қонысы» деп аталады.
Оқуға кеңес береміз:
Сүйіндік Олжабай батыр ертегісі