Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы
Сабақтың тақырыбы: Сакен – жырдың сарқылмас дариясы
Сабақтың мақсаты: Сакен Сейфуллиннің өмірнамасына шолу жасай отырып, әр оқушысы санасына еліне, жеріне, тіліне деген іңкәр сезімдері арқылы дарыту,

Кеш барысы:
1 - жүргізуші: - Армысыздар, құрметті қонақтар! XX ғасырдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал - серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде - ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 120 жасқа толуына байланысты «Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы» деп аталатын әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

2 - жүргізуші: - Атыңнан айналайын қайран Сәкен,
Ұмытпан демім бар да тұлғаңды әсем.
Ту ұстап, тұлпар мініп, қол бастаған,
«Тар жолда, тайғақ кешіп» болдың көсем.
1 - жүргізуші: - Қуанды елің, өшкенімді жандырдың,
Ерлігіңмен ел мейірін қандырдың.
Ту түбінен таймай барып ту алып,
Ер атыңды мәңгі өшпестей қалдырдың.

2 - жүргізуші: - Батыр ұлын – жанға балап сүйер ел,
«Елім» деген ерге басын иеді ел.
Қарт Алатау, Еділ, Жайық, Сарыарқа,
Құттықтайды Көкшедегі қалың ел.

Жүзбаева Ақерке
Сарнайды бүгін жел неге,
Жапырақтар сыңсып тулайды?
Күңіреніп бүгін көл неге,
Соқтығып мұнша тулайды?
Күлмеймін бүгін мен неге,
Түнерген қабақ ызбарлы?
Домбыра күйі пернеде,
Дәл бүгін неге тым зарлы?
Түнеріп қабақ күнімен,
Түйіліп нені ойлайды?
Домбыра зарлы үнімен
Нені айтып бүгін қоймайды?
Домбыра, кәне, жырлай гөр,
Түнерген қабақ ашылсын!
Он саусақ билеп зырлай гөр,
Көкіректің лебі басылсын!

1 - жүргізуші: - Тарт күйіңді, домбыра,
Тау суындай сарқыра,
Тыңдамаған қалмасын,
Құлшына тарт домбыра.
Кезекті күйге берейік.
Құдайберген Асылхан. – «Барлық халық пен барлық ұлт, барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып сүйе білуі тиіс», дейді Бауыржан Момышұлы. Осы керемет сөздер Сәкеннің тұла бойында толық бар.

Ыбырайым Манас. Сәкен Сейфуллин өзі сұлу табиғатын талай рет тебірене жырлаған өлкеде — Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданы) орташа ауқатты кісінің отбасында дүниеге келеді. Әкесі Сейфолла серілігі бар домбырашы, саятшы, сөзге шешен кісі екен де, шешесі Жамал әңгіме, аңыз - ертекті көп білетін әрі нәшіне келтіріп айтатын салиқалы ана болыпты. Махкамбаева Шырай. Сәкен әке мінезін, өнерін бойға жұқтырып, ана әңгімелерін жалықпай тыңдап, зердесіне түйіп өседі. Айналасына абайшыл, қылтың-сылтыңы жоқ біртоға бала болады, Ұғымтал Сәкен ауыл молдасынан оңай хат танып, қолына түскен ескілі - жаңалы кітаптарды бас алмай оқиды. Әкесі тоғыз жасар Сәкенді тіл үйренсін деп Нілдідегі таныс орысының үйіне тұрғызады. Сәкен әлгі үйдің таусылмайтын қара жұмысын тиянақты атқара жүріп, кемпірінен бір жыл орыс тілін үйренеді.

ОҚО, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылы,
№31 Т. Бигелдинов атындағы жалпы орта мектебі
Омарова Айгүл Байдуллақызы

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама