- 05 нау. 2024 04:21
- 312
Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 125 жыл.
Кітапханалық сабақ
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин ---- жыл
Мақсаты:
1. Үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллин жайлы мәлімет бере отырып, өмірі мен еңбектерімен таныстыру.
2. Оқушыларды өз бетінше ізденіп, оқып-үйренуіне дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.
Сәкен Сейфуллин (1894 - 1938)
“Желісі үзілмей келген жиырма жылдық ақын жолы – жеңіл жол емес. Күш - қуат, ой - сезім, істері нәр атаулының барлығын, қуаныш пен күйініш, қиналу мен тебірену араларында, жалындай жанып ортада солған жылдар. Осы күйді, әсіресе, Сәкен басынан мол кешті”.
М. Әуезов
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс - қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған.
Сәкен Сейфуллин - қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, Қазақстанның қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақ КСР - інің Халық Комиссарлары Кеңесінің алғашқы төрағасы болған.
С. Сейфуллин проза, драматургия, әдеби сын, әдебиеттану салаларында көрнекті еңбек етті. «Жұбату» әңгімесі - Сәкеннің қазақ әйеліне арналған алғашқы прозалық, шығармасы. «Жемістер, «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда» туындыларында замандастар өмірі бейнеленген. С. Сейфуллин қазақ халқының патшалық езгіге қарсы күресін «Тар жол, тайғак, кешу» атгы тарихи - мемуарлық романында көрсетеді. Публицистика саласының дамуына қосқан еңбегі баға жетпес. Қазақтың ескі әдебиет нұсқауларын жинау, зерттеу, бастыру ісімен де шұғылданды. Оның қатысуымен «Қазақтың ескі әдебиет нұсқаулары», «Батырлар», «Ақан сері - Ақтоқты», «Ләйлі - Мәжнүннің» қазақша аудармасы жарық көрді. «Қазақ әдебиеті» кітабы - осы саладағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі.
Сәкен Сейфуллин
С. Сейфуллин қазақ әдебиетінен мектептерге оқулық жазу ісіне де қатысқан. Қазақ әдебиетінің кадрларын даярлауға көп күш салды, сол тұста әдебиетке келген қаламгерлер М. Қаратаев., К, Бекхожин, Ж. Саин, тағы басқалары С. Сейфуллиннің көмегіне сүйенген. С. Сейфуллин олардың алғашқы кітаптарын бастыруға көмектесіп, алғысөздерін жазған. Жазушының шығармалары бірнеше рет шет тілдеріне аударылған. Ол 1936 жылы қазақ әдебиеті мен өнерінің Москвада өткен бірінші онкүндігіне қатысты. Қазақ жазушылары ішінен тұңғыш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс - әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт – сенімдері кеңінен көрінеді.
«Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
№ 1 орта мектеп
Өткізген: Шакибаева Г. М.
Анесова Б. Б.
Сәкен Сейфуллин. жүктеу