Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі
Сабақтың тақырыбы: Сапарғалин Бегалин «Бала Шоқан» әңгімесі.

Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық: Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.
Тәрбиелік: Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру.
Сабақтың түрі: Қорытынды «саяхат» сабағы.

Оқытудың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, шығармашылық және репродуктивтік, топтастыру, эвристикалық әдіс - тәсілдері.
Пәнаралық байланыс: Тарих, география, қазақ тілі.
Сабақтың көрнекілігі: 1. Шоқан Уәлихановтың портреті
2. Шоқанға арналған бүктеме
3. Шоқанның салған суреттері
4. Шоқанның жасаған картасы
5. Саяхат картасы
6. Салыстыру кестесі
7. Қима қағаздар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу.
2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын саяхатқа шығу барысында сұрау:
1 - аялдама – Шоқан ауылы:
Шоқан туралы ізденуге бергем, соны сұраймын:

1. Ш. Уәлиханов кім?
2. Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерде туды?
3. Шоқанның балалық шағы қай жерде өтті?
4. Ш. Уәлиханов қай жылы, қай жерлерде білім алды?
5. Шоқанның шын, толық аты кім, Шоқан деп неге өзгертілді
6. Шоқан туралы кімнің, қандай шығармаларын білесіңдер?
7. «Бала Шоқан» әңгімесінің авторы кім, ол жайында не айтасыңдар?

2- аялдама – Зейнеп ауылы: 1. (Зейнеп кім, қандай адам болған, әңгімеде қалай көрінеді?)
2. Бұл аялдамада Шоқан туралы деректер менің көмегіммен толықтырылады, оқушылар бірге қатысып отырады. Шоқанның салған суреттері, (150) саятшылығы туралы айтылады. Шоқанның географиялық қоғамға тұңғыш мүше болғаны; Абылай ханнан – Уәли – Шыңғыс – Шоқан.

3 - аялдама – Шыңғыс ауылы: 1. (Шыңғыс кім, қандай адам болған, Шоқанның тәрбиесіне қалай көңіл бөлген; Шоқан мен әкесінің арасындағы сыйластық әңгімеде қалай, қай қырынан көрінеді?)
2. Оқушылар әңгімеге талдау жұмыстарын жүргізіп, бала Шоқан бойындағы қасиеттерді атауға өздіктерінен ізденеді:

Тақтамен жұмыс
І топқа: Шоқанның бойындағы асыл қасиеттерді теріп жазады.
ІІ топқа: Шоқанның мысыққа жасаған жақсылығын теріп жазады.

І топ: Шоқанның бойындағы асыл қасиеттер ақылдылық, қамқорлық, мейірімділік, уәдеге беріктік,
білімділік, шеберлік, зеректік, мырзалық, жанашырлық, қайырымдылық, жылылық, аяушылық, шынайы достық, суретшілік;

ІІ топ: Шоқанның мысыққа жасаған жақсылықтары үйіне ертіп барды, Жақыптан қорғады, үрейін басты, тамақ берді, киімін бергізді, уәдесінде тұрды; мысықтың еңбегін бағалады.

4- аялдама – Айғаным ауылы: (Айғаным кім?) Шоқан мен Жақыптың іс әрекеттері арқылы, мінездерін салыстыру.
Венн диаграммасы
Шоқан ----------- Жақып
5 -аялдама – Уәли ауылы: Уәли кім, толығырақ сұрау.
Оқулықпен жұмыс
Шоқанның маған ұнайтын қасиеттері
6- аялдама – Абылай ауылы: Абылай туралы түсінік. Қорыту.
Дәптермен жұмыс
Топпен орындау
Екі түрлі түсініктеме күнделігі:
Әңгімедегі өзіңе қатты әсер Өзіңе әсер еткен үзінділер жайлы
еткен тұстар пікірің: нені еске түсіреді

ҮІІІ. Үйге тапсырма.
ІХ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама