Сарапшы мамандар спортшылар үшін BCAA қажеттілігін жоққа шығарды
Бүгінде кәсіби және әуесқой спортшылар арасында танымал препараттардың бірі болып табылатын BCAA сарапшылар тарапынан айтарлықтай сынға ұшырап жатыр.
BCAA дегеніміз не?
BCAA (бүйір бұлшықеттерін күшейтетін амин қышқылы) – кәсібилер, оның ішінде бодибилдерлер арасында жиі қолданылатын спорттық азықтық қоспа.
Фитнес-индустриясы қатардағы тұтынушылар үшін BCAA қоспасын жақсы саудалап келді. Спортзалдарға жиі баратындар амин қышқылы мінсіз дене мүсінін сақтау үшін қажетті құралдардың бірі деп білді. Алайда сарапшы мамандардың пікірі басқа. Олардың сөзіне қарағанда, BCAA пайдалану ақшаны босқа шашқанмен бірдей.
BCAA көпшілік жағдайларда суға араластырып ішуге ыңғайлы етіп, ұнтақ түрінде шығарылады. Ол пайдаланар алдында суға ерітіледі. Спортзалдарға жиі баратын адамдардың арасынан жаттығу кезінде немесе жаттығудан кейін жартылай мөлдір сұйықтықтарды ішіп тұрғанын жиі байқаймыз. Олардың пікірінше, осы амин қышқылдары бұлшықет массасын ұлғайтуға және бұлшықерттердің сымбаттана түсуі үшін қажет болатын ақуыз синтездерін белсенді етеді.
BCAA құрамында алмастырылмайтын тоғыз амин қышқылының үшеуі бар, олар лейцин, изолейцин және валин. Олардың үлесінде бұлшықет ақуыздарындағы амин қышқылдарының шамамен 35%-ы бар.
«Ақуыздың өзі шамамен 20–22 амин қышқылдарынан тұрады. Олардың тоғызы алмастырылмайтын түрлеріне жатады, яғни олар адам ағзасында синтезделмейді. Сондықтан да оның ағзаға сырттан келуі қажет» , – деп түсіндірді MyProtei компаниясының диетологы Дженни Блоу.
Сарапшының пікірінше, BCAA бұлшықет массаларын өсіруге немесе оны ұстап тұру үшін, сондай-ақ олар протеин коктейлдерге қарағандар пайдалы. Айталық оның құрамында көмірсутектер немесе майлар жоқ. Бұл арықтағысы келіп жүргендер үшін таптырмас құрал.
«Егер сізге артық салмақтан арылу және бұлшықеттер көлемін ұлғайту керек болып BCAA көмегіне жүгінсеңіз, онда сіз артық құнарлы зарттары жоқ алмастырылмайтын амин қышқылдарын өзіңіздің ағзаңызға қабылдай аласыз»,- дейді мамандар.
Алайда кейбір сарапшылар BCAA-да құнарлылық жоқ деген сөзді жалған деп есептейді. Олар BCAA-ның граммында алты килокалория бар, ал жалпы сарысу протеиннің граммында төрт ккал бар екені анықталған. BCAA басты артықшылығы болып оның құрамының лейцин, изолейцин және валин сияқты амин қышқылдарына бай болуы. Смиттің айтуына қарағанда, BCAA-ның стандартты мөлшерін (10 г) қарапайым сарысумен (15 г) алмастыруға болады және ол әлдеқайда арзанырақ шығады.
«BCAA сарысу сияқты жұмысты атқарады, алайда оның бағасы қымбат», – деп түсіндірді дербес жаттықтырушы Гарри Смит.
Аталған брендік тауарға үлестес болып табылмайтын жаттықтырушылар мен диетологтар өздерінің клиенттеріне BCAA қабылдауға кеңес бермейді. Оның үстіне, мұндай спорттық тағамдық қоспаны Еуропалық одақ ресми түрде қабылдаған жоқ. Сондықтан да қазіргі кезде оның адам денсаулығына оң әсері туралы нақты дәлелдер жоқ.
Гарри Смиттің пікірінше, BCAA қоспасын пайдалану – бұл ақшаны желге шашумен бірдей.
«Жүргізілген 13 зерттеудің тоғызы BCAA-ның адам ағзасына қандайда бір оң ықпал жасамайтындығығы көрсетті», - дейді.
Сондай-ақ Смит анорексиямен ауырған адамдарда тәбетті ынталандыру құралы ретінде пайдаланатындығын, сондықтан ол фитнес-мақсатқа қолжеткізуге кедергі келтіретіндігін алға тартады.
Harley Street диетологы Рианнон Ламберт BCAA пайдалы екендігі туралы ғылыми дәлелдердің жоқ екендігін, сонымен қатар мамандар оны шектен тыс пайдалану басқа амин қышқылдарының сіңірімділігін төмендетуге алып келуі мүмкін екендігін ескертеді.
Дереккөзі: independent.co.uk