- 26 ақп. 2018 00:00
- 245
Қаржылай сауатты болу қаншалықты тиімді?
Ақша – өмірдің мәні емес. Бірақ, кейде бүкіл әлем оның айналасында шыр айналғандай көрінеді. Кейде расымен де солай. Ақша экономикаға әсер етеді, ол өз кезегінде бағаға ықпал жүргізеді, ал баға тұтынушыға – яғни бізге әсер етеді. Ақша қолымызға түскен кезде, біз не істейміз? Көбінесе оны тікелей өз қажетімізге, яғни керек затымызды немесе қалаған нәрсемізді сатып алуға жұмсаймыз. Бірақ, оны ақша жасау үшін – акцияларға қаржы салуға, жылжымайтын мүліктер сатып алуға, кәсіпкерлікпен айналысуға өте аз жұмсаймыз.
Ақшаның табиғатын қалай толық түсінуге болады? Қанша ақшам бар деп уайымдамай, қаржылай еркіндікке қалай қол жеткізуге болады?
«Хоум Кредит Банкі» Қазақстандағы қаржылай сауаттылықты арттыру саласында бәрі мойындаған сарапшы бола отырып, 2014-жылдан бері қазақстандықтардың негізгі қаржылық құралдар туралы, ақша жинаудың тиімді әдістер мен өз ақшаңды басқару туралы білімін арттыруға бағытталған бір қатар тегін жобаларды бастама ретінде көтеріп келеді. Бұл осы тақырыптағы семинарлар, ашық есік күндері, бүкіләлемдік Global Money Week қозғалысын қолдау және тағы басқалар.
Осындай жобалардың бірі Prodengi.kz интернет-порталында «Қаржылық сауатты болу тиімді!» деген тақырыппен өткізген «Хоум Кредит Банкінің» қаржылық сауаттылық бойынша конкурсы болды. Алты айда конкурсқа 250-ден аса адам қатысты.
Конкурстың 2018-жылдың ақпан айында аяқталғанына қарамастан, біз оқырмандарға қаржылық білімдерін тексеру үшін немесе толықтыру үшін «Хоум Кредит Банкінің» үйретуші роликтерін көруді ұсынамыз.
«Хоум Кредит Банкінің» қаржылық сауаттылықты арттыру бағдарламасы туралы толығырақ www.homecredit.kz сайтынан оқи аласыз.