Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы”
Сәуірбек Бақбергенов “Құрманғазы” (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Сәуірбек Бақбергеновтың «Құрманғазы» атты әңгімесі бойынша қазақтың ұлы күйші - композиторы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірімен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу
Ұйымдастыру жұмысы:
Оқушыларды топқа бөлу.
Тренинг “ Мен бақыттымын”

Үй тапсырмасын тексеру: “Жиб – Жица күресі” бойынша түсінгендері сұралады.
Ыстық орындық әдісі
Бағалау бетшесі:
1. Үй тапсырмасын орындауы
2. Сөзжұмбақ шешу
3. Ойлан, жұптас, талқыла
4. “Кір жаятын жіп” ойыны

Сабақтың тақырыбы: С. Бақбергенов. “Құрманғазы”
Қызығушылығын ояту. Ой қозғау
Ұлы күйші - сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, аты аңызға айналған аса ірі тұлға – Құрманғазы Сағырбайұлы 1823 жылы Бөкей Ордасы Жиделі деген жерде он екі ата Байұлының Қызылқұрт Сағырбайдың жұпыны үйінде дүниеге келді. Анасының есімі – Алқа. Сағырбай – байдың малын баққан кедей болыпты да, оның әкесі Өтепбергеннің аты ержүректігімен шыққан екен. «Адай», «Түрмеден қашқан» «Балбырауынды» «Сарыарқа» «Ақбай», «Ақсақ киік», «Айжан қыз»

Құрманғазы ескерткіші Тұран даңғылы бойында «Думан» қонақ үйінің алдында ашылды. Мүсін 5, 5 биіктегі тұғырда орналасқан. Ескерткіш қолдан құйылыпты. Оның жалпы биіктігі 10 метр. Ескерткіш авторлары ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі Бақтыбай Тайталиев пен мүсінші, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі Асан Болдабаев болып табылады.

Дина Нұрпейісова (1861-1955ж.)
Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған.
Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.

Глоссариймен жұмыс
Суыт – асығыс
Кілтипандарын – құпиясын
Жігері құм болды – дәрменсіз күйге түсті
Құқай – қиындық
Шылау – жүгеннің шаужайы, шылбыры
VI. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама