Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі
№ 30 ТАҚЫРЫБЫ: Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі
СЫНЫП - ТОП:
ҰОҚ - ның оқытылу мақсаттары: 0. 1. 1. 1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.
0. 1. 1. 2 Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.
0. 1. 4. 1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарымқатынас құралдарын (ым - ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т. б.) қолдану.
0. 3. 2. 1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі.
0. 3. 3. 1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.
Күтілетін нəтиже: Барлық тəрбиеленушілер:
Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.
Ө дыбысы – дауысты дыбыс, жіңішке дауысты. Ө дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.
Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі ө дыбысының орнын ажыратады.
Ө əрпінің баспа түрін жазу жолына жазады.

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 5 минут
Педагог балаларды шеңберге тұрғызып, жақсы тілек тілейді:
Аспанымыз ашық, еліміздің болашақ азаматтары аман болайық!
Балаларға бір - бірінің қолдарынан ұстап тұрып, əсемдікке байланысты тілек айтуларын өтінеді.
Мысалы: Айна, сен сұлусың!
Марат, сен сымбаттысың!
Ғалия, сенің көйлегің əдемі!

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру.
(Ұ, Ө) Педагог түйе туралы əңгімелейді. Түйе үй жануары, еті, сүті пайдалы. Шөл далада көп шыдайды. Үй жануары.
Балалар түйе туралы өз ойларын айтады.
(Ұ, Ө) Əліппе - дəптермен жұмыс
1 - тапсырма. Суреттен Ө дыбысы естілетін сөздерді ата. Сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Мақсатты болжам. III. Тақырып бойынша жұмыс 15 минут
Балалар берілген суреттерды атайды.
Педагог Ө дыбысын қайталайды. Астыңғы тістер мен жоғарғы тістер арасындағы арақашықтықтан бір шама үлкендеу болады, тілдің ұшы төмен түседі де, сəл артқа қарай тартылады.
Ортасының көлбеулігі бір деңгейде сақталады, ауа қуысымен еркін шығады, жұмсақ таңдай көтеріледі де, мұрын ауа жолы жабылады жəне дауыс шымылдығы жабық болады.

Балалар суреттен Ө дыбыс естілетін сөздерді тауып, буынға бөледі.
Өркеш, шөл, өзен, өгіз.
Педагог балаларға сұрақ қояды.
Түйе жүрген жер қалай аталады?
Өгіз ненің үстінен өтті?
Сөздерді буынға бөледі.
Ө жіңішке дауысты дыбыс екенін біледі. Ө дыбысын балалар қайталап дұрыс айтуға жаттығады.
2 - тапсырма
Суреттегі заттарды атайды.
Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз.
Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды.
(Ұ) Сергіту сəті.
Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.
3 - тапсырма
Педагог Ж. Əбдірашовтың өлеңін оқиды.

«О» – кəдімгі дөңгелек, Ал «Ө» одан сəл бөлек.
Мұны да сал, ерінбе, Белбеуі бар белінде.

Суреттегі О əрпі мен Ө əрпінің пішіндерін салыстырады. Айырмашылығын табады.
Балалар Ө əрпінің баспа түрін алдарына берілген құмға салады.
Балалардың алдына құм салынған төртбұрыш қорапша беріледі.
Балалар Ө əрпінің бейнесін сала отырып, Ө əрпінен басталатын сөздерді айтады. Сөздерге сөйлем құрайды.
4 - тапсырма
Ө əрпінің пішінін жіптен жəне қағаздан құрастырады. Педагог балаларға көмектеседі.
Қағазға салынған доптың суретін таратып береді.
Доптың суретін Ө əрпімен салыстырып, жетіспейтін Суреттегі заттарды атайды.
Ө дыбысы бер сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Өшіргіш, көйлек, бөрік, көз.
Сөздерге сөйлем құрайды. Сызбасын жасайды.
(Ұ) Сергіту сəті.
Балалар орындарынан тұрып тыныс алу жаттығуларын жасайды.
3 - тапсырма
Педагог Ж. Әбдірашовтың өлеңін оқиды.

Мектеп/МҰ: М. Маметова
Педагогтің аты - жөні: А. Жұмаділ

Шөл дала мен сулы жер. Ө дыбысы мен əрпі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама