Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жай сандар және құрама сандар
Сабақтың тақырыбы: Жай сандар және құрама сандар.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға жай сандар мен құрама сандарды және құрама сандарды көбейткішке жіктеуді үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте ұстау, өз бетінше қорытынды жасау қасиеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды еңбектенуге, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа және достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа ұғым меңгерту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Ой - қозғау.
III. Жаңа сабаққа дайындық.
IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
V. Оқулықпен жұмыс.
VI. Сергіту сәті.
VII. Қатесін тап.
VIII. Тарихи аялдама.
IX. Үйге тапсырма.
X. Сабақты қорытындылау.
XI. Бағалау.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Оқушылармен амандасу.
2) Оқушылардың сабаққа қатысын түгендеу.
3) Сыныптың тазалығына мән беру.

II. Ой - қозғау.
1) Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?
2) Қандай цифрларды тақ цифрлар деп атайды?
3) Қандай натурал сандар 2 - ге бөлінеді?
4) Қандай натурал сандар 5 - ке бөлінеді?
5) Қандай натурал сандар 10 - ға бөлінеді?
6) Қандай натурал сандар 3 - ке бөлінеді?
7) Қандай натурал сандар 9 - ға бөлінеді?

III. Жаңа сабаққа дайындық:
1) Мына сандардан екі ғана бөлгіші бар сандарды бір жолға, екіден көп бөлгіші бар сандарды екінші жолға жазыңдар: 2, 5, 6, 8, 11, 15, 16, 17, 32, 43, 45, 51, 67, 69.
2) 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін 6 екі таңбалы сан жазыңдар.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру.
Үйге алдын - ала даярлық тапсырмасы беріледі. (Кесте бойынша барлығын үйге беру, оқып тексеру, біреуін тақтаға жазу)
35 ------ 1, 5, 7, 35. Демек 35 санының бөлгіштер саны төртеу.
Әр топтан бір - бір оқушы шығып, кестедегі қалған сандардың бөлгіштері мен бөлгіштер санын айтып түсіндіреді.
Қорытынды: Жай сандар деп қандай сандарды атаймыз? Ал құрама сандар деп қандай сандарды атаймыз? 1 саны қандай сан? 0 цифрымен аяқталатын жай сан бар ма? Жұп жай сан бар ма? Егіз сандар дегеніміз не?

V. Оқулықпен жұмыс.
I - деңгей: №648, №649, №651.
II деңгей: №656(2), №657(2).
III деңгей: №665.
№648.
Жай сандар: 97, 139, 311, 503, 641, 991.
Құрама сандар: 66, 128, 201, 450, 502, 864, 879.
№649.
13, 15, 17, 35, 37, 57, 31, 51, 71, 53, 73, 75.
1) Жай сан: 13, 17, 31, 37, 53, 71, 73.
2) Құрама сан: 15, 35, 51, 57, 75.
№651. 1, 3, 6, 7, 9, 15, 23, 28, 37 сандарынан
1) Бір ғана бөлгіші бар сан: 1.
2) Екі ғана бөлгіші бар сан: 3, 7, 23, 37.
3) Екіден көп бөлгіштері бар сан: 6, 9, 15, 28.
№656. Натурал санның 2 - ге, 3 - ке, 5 - ке және 9 - ға бөлінгіштік белгілерін пайдаланып, дәлелдеңдер: 2) 17, 23, 43, 67, 89, 103 сандарының жай сандар екенін:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№18орта мектеп мемлекеттік мекемесі.
Математика пәні мұғалімі
Орынбаева Салтанат Ахметовна

Жай сандар және құрама сандар. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама